ҚазақТҰтынуодағЫ


Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж)



бет64/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж) Қазақстан тарихының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ жастар қозғалысының көсемдерінің бірі, Батыс Сібір мен Қазақстандағы кооперативтік қозғалыс белсендісі, экономист, оратор, жазушы. Омбы ауыл шаруашылық училищесінің студенті (1916-1918) Сәдуақасов жасырын “Бірлік” жастар қоғамының жұмысына, одан кейін “Жас азамат” жастар ұйымының жұмыстарына белсене қатысты. Ол “Өмір үшін күрес” деген мақаласында қазақ жастарын, саясатпен ғана айналыспай, өз шаруашылықтарын тиімді жүргізуге шақырды.
Он сегіз жасар Смағұл Германиядағы өмір құрылымына сол кездің өзінде таңқалғанын білдіріп, қазақтар мен немістердің шаруашылық жүргізу нәтижелерін салыстыра отырып, қазақтардың артта қалышулығын жою үшін ол, саяси еркіндікке қол жеткізіп шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен жолдарын іздестірді. Сәдуақасов мұндай қиын жағдайдан шығудың жолы халыққа төмен баға мен киім, шай, ыдыс – аяқ сату үшін лавкалар ұйымдастыру, өте қажетісінушілерге ссудалар беру үшін несие серіктестіктерін құруды, халықтың мал тұқымы мен егіншілікті жақсартуға, сондай – ақ тері, жүн, май, малдың басқа да өнімдерін тиімді жағдайларда айырбастауға көмектесу үшін ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды көздеді.
Бұл қазіргі жағдаймен үйлесімдік тауып тұр деумізге болады.
Батыс Сібірдің “Центрсибирь” Кооперативтік бірлестік Одағының аппаратында жұмыс істеген кезде Смағұл былай деп жазды: “Өз өмірімді, күшім мен білім қуатыма қарай өзімнің туған халқым жолында қызмет етуге арнаймын”. Халқының тағдыры оны әрқашанда толғандырды. Өз халқының мүддесін қорғауға әрқашанда дайын екендігі, оның болашағы мен әділеттік үшін күресі – Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл саналы ғұмырының айрықша белгілері болып қалды.
Көрнекті жазушы С. Мұқановтың растауы бойынша, Қазақстанды сол кезде (1925 ж.) Қазақ Өлкелік Комитеті бюросының екі мүшесі Сүлтанбек Қожанов пен Смағұл Сәдуақасов басқарды дейді. Бірақта, осы кезде билікке келген Ф. Голощекин (1925 жылдың жазынан бастап Өлкелік Комитеттің бірінші хатшысы) бұған төзе алмады. Сондықтан ол Қожановты Мәскеуге оқуға жіберіп, оны Өлкелік Комитеттің екінші хатшылығы міндетінен босатты.
Көшпелі халықтың өмірінің ерекшеліктерін, оның тұрмысы мен салтын білмейтін Голощекиннің халық мүддесін ескерусіз қалдырып, өз саясатын жүргізетіндігіне түсінген принципті, өткір тілді Сәдуақасов экономикалық мәселелер бойынша ғана емес, Қазақстандағы ұлт саясатын жүргізудегі идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша да қарамақайшы өз пайымдауларын да жиі айтып отырды.
Голощекиннің Қазақстанда “Кіші Октябрь” саясатын жүргізу идеясына қарсы шыққан Сәдуақасовқа ол мынадай анықтама берді: “Сәдуақасовшылдық – бұл партияның ықпалынан сытылып шыққан, ұсақ буржуазиялық идеологтардың ағымымен жүретін кеңестік аппарат, сәдуақасовшылдық – бұл демократия шеңберіндегі “өзін - өзі айқындау”, бұл - өзін - өзі басқарушы, КСРО – дан бөлінуші Қазақстан”. (Бүкіл қазақстандық партконференцияның өлкелік комитетінің есебі. Голощекиннің баяндамасы мен қорытынды сөзі. Қызыл – Орда,1982 ж.).
Әрине, Голощекин мен оның жақтастарына қарсы қазақ халқының ұлттық мүдделерін табанды қорғаушылар аянбай күресті, бірақ кейін толық жеңіліспен аяқталды.
Голощекиндік “Кіші Октябрь” саясатының ауыр зардаптары, ауыр қалдықтары бәрімізге мәлім.
1928 жылы Қызыл – Ордадан, Ташкентке қуылған С.Сәдуақасов Мәскеу көлік инженерлері институтында оқыды, оны аяқтағаннан кейін Мәскеу – Донбасс темір жолы құрылысында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1933 жылы күзде жұмбақ жағдайда өндірісте “уланып”, Кремль ауруханасында жатып қайтыс болды.
Ондаған жылдар бойы С. Сәдуақасов есімі ұмыт болды, ал егер еске алынса Қазақстандағы социалистік құрылыс пен партия бағытына қарсы шыққан ұлтшыл ретінде ғана аталды.
Сәдуақасов есімін атағаны үшін газет редакторы мен оның орынбасары, белгілі ақын – майдангерлер С. Мәуленов, Ж. Молдағалиевтармен бірге өзге көрнекті әдебиетшілер де қуғындауға ұшырады.
Оқымыстылардың, қоғам қайраткерлерінің, журналистердің С.Садуакасов атын орнына келтіруге бағытталған жұмыстарына қарамастан оның аты әлі айтылмай келді.
Тек қана 2003 жылдың қантарында, осы алаш ардасы – Смағұл Садуақасыпқа Солтүстік Қазақстан обылысы, Ақжар ауданының орталығы Таушық кентінде, фермер Аманжол Атығожин өз қаржысына Омбы қаласында жасатқан ескерткішті халық болып обылыс, аудан әкімдерінің қатысумен ашты.
Аудан орталығының ажарын кіргізген ескерткішті ашу рәсімі «Қазақтың дара ұлы Смағұл» атты, 105 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға ұласып, онда Садвокасов туралы баяндамаларда оның рухани мұрасы әр қырының талқыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет