ҚазақТҰтынуодағЫ


Экономикалық ойдың неокласикалық



бет82/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94

9.1 Экономикалық ойдың неокласикалық

бағытының генезисі.


Қазіргі заманғы батыс экономикалық ойлар әр түрлі ағыстар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Мұнда үш негізгі бағыты бар: неоклассицизм, кейнсиандық және әлеуметтік – институционалдық бағыттар. Бұлар барлық құрылымдарды тамамдамайды, тек қана оған жалпы көрініс береді.
Кейнсиандық теория алдынғы бөлімде қарастырғандықтан. Мұнда неоклассицизм мен әлеуметтік – институционалдық бағыттың негізгі алғашқы пайымдарына тоқталамыз.
Неоклассицизмді жақтаушылар әлі күнге дейін мемлекеттің экономикаға араласпауын тілейді. Бұған қарамастан капитализм рыноктық механизмінің арқасындағы сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен өндіру арасындағы динамикалық тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып экономикалық процестерді реттейді. Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, тең мүмкіндікті, нарық күшінің еркін болуын, экономиканың өзін-өзі реттеу формаларын жақтаушылар. Олар бірінші орынға инфляциямен күресу, бәсекелестікті, өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерің қояды.
Неоклассицизмнің теориктері жаңа міндеттердің іске асырылуының негізгі шарты деп әлемдік ҒТП кеңеюін есептейді. Маржиналдық экономикалық теория «Классикалық мектептің» құндылықтарын қайта бағалау арқылы экономикаға «маржиналдық революция» ретінде кірді.
Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу.
Маржиналдық теорияның өзгешелігі:

  • болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;

  • маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;

  • маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;

  • маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.

Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі.
Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.
Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән.
Қазіргі кездегі неоклассикадан бірнеше мектептер тарайды:

  • Австриялық мектеп – шекті пайда теориясы. Оның негізін салушылар К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк;

  • А. Маршалдың басқаруымен Кембридж мектебі;

  • А. Вальрастың басқаруымен Лозан мектебі.

Қазіргі кездегі батыс экономикалық ойлардың бағыттарының бірі. ХІХ-ХХ ғ. арасында АҚШ-та пайда болған институционализм. Институционализмнің негізін қалаушы Тростейн Веблен. «Институционализм» терминінің негізінде «институт» мағынасының бір ұғымы жатыр. Соңғысын институционалистер экономикадағы және одан тыс қоғамдағы қозғаушы күштің бастапқы элементі ретінде қарастырады. Институттарға институционализмінің ойшылдары әртүрлі категориялар мен құбылыстарды жатқызады. Мысалы: мемлекет, отбасы, кәсіпкерлік, монополия, жеке меншік, кәсіподақтар, және т.б. әдет – ғұрыпты, әдеп, құқықтық шешімдер, қоғамдық психологияны, ең бастысы – экономиканың өрістеуі. Неоклассиктерге қарағанда, институционалистер экономиканың қозғаушы күші ретінде материалдық фактормен бірге, рухани, адамгершілік, құқықтық және тарихи факторларды санайды. Осыған байланысты институционализм өзінің талдауының негізі ретінде әлеуметтік – экономикалық дамудың экономикалық және де экономикалық емес мәселелерін алға қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет