Роберт Оуэн (1771-1858 жж)-ағылшын социалист-утописі, “Адам мінезінің білімі туралы” (1813-1814), “Нью-Ланарк графствосына баяндама” (1820), “Жаңа адамгершілік әлемі туралы кітап” (1836-1844), сияқты бірқатар еңбектердің авторы.
Оның құн теориясы классиктерге, әсіресе Д.Рикардо жақын. Ол олардың құнның еңбек теориясын алғанымен, тауардың бағасы өзіне кірісті де қосады деген ережені болдырмаумен ерекшеленеді. Оның көзқарасынша кірістің пайда болу әділетсіздігінен жұмыскерлерді үлестен құр қалуы экономикалық дағдарыстар себебінен болады деді.
Р.Оуэн мальтусовтық халық өсу теориясын қабыл дамиды бөлген жоқ. Ол “дене еңбегін дұрыс басқару елдің барлық тұрғындар үшін тиімді халық санының шексіз өсуіне болдыратын керекті тәсілдер, тиімді заттар ұсына алады” деп ойлады. Болашақ социалист ретінде Оуэн барлығына зиянды, соның ішінде дүние құмарларға зиянды қоғамдағы жеке меншіктің негізін жатуды аңғарды. Жеке меншіктің және жеке қажетіліктің орнына қоғамдық меншік, жалпы еңбек, құқықтар мен міндеттемелердегі теңдігі керек деді. Ақшаны қанау құралы ретінде алып тастады. Олардың орнына жұмыскер тауарды дайындауға қандай мөлшерде еңбек жұмсағанын куәландаратын квитанциялар кіргізу керек деді. Қоғамдық қоймадан алынған квитанция бойынша олар еңбек мөлшеріне тең, өзіне қажетті тауарды ала алады деді.
Р. Оуэн өз идеяларын тәжиребеде жүзеге асыруға ұмтылды. Ол 1800 жылы Нью-Ленарктегі (Шотландия) шағын кәсіпорнының меңгеруішісі және менеджері болды.
Екі жылдан соң кәсіпорын тұрақты кіріс әкелді, ал жұмысшылары тазалыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа кітапханасы мен мәдени орталық, санитарлық қадағалау, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру қызметтері, тұтыну кооперациясын құрды.
Тәртіпті қолдау бойынша халықтық жасақ жұмыс істей бастады. Қылмыстық жаза қолданылмады.
Таза коммерциялық кәсіпорын жоспарда өркендеді және Оуэн мақта дағдарысынан тұрып қалған кезең де барлық жұмыскерлерге толық еңбекақы төлей алды. Жұмыскерлердің санасына өзгеріс енді, олардың еңбек және әлеуметтік белсенділіктері арта түсті. Ұрлық, ішкілікке салыну, төбелестер жойылды. Ауыл әдемі және күтілген болды. Басқа кәсіпорындарға қарағанда шынайы кіріс әлдеқайда жоғары болды. Жұмыс күні сол кезендегі 16 сағаттың орнына небәрі 10,5 сағатты құрады. Оуэн сол сияқты 10 жастан төмен балалардың еңбегін пайдаланудан бас тартты және сол кезде үйреншілікті болған айып-пұлдарды жойылды.
Алайда бұл бір поселкенің аясында шектелген мұндай жетістік басқарушының өзінің жекебасының кемшілігінен бүтіндей кіріптар болды. Басқалармен тартыстан соң Оуэн Нью-Ленаркты тастап кетуге мәжбүр болғанда бәрі құлдырады, Оуэннің тамаша эксперименті сәтсіз аяқталды.
Р. Оуэн, классиктерге қарамастан қарапайым көптеген мәселерді болжай білді.
“Әділетсіз қоғам құрылысының “ алмасу “ғылыми бастамаларды іске асыру жағдайында біртіндеп бейбіт және ақылмен” жүзеге асады деп ойлады ол. Мысал үшін, жерді біртіндеп “сатқысы келетіндерден нарықтық бағамен сатып алып, болашақта қоғамдық меншікті мемлекеттік кірістің қайнар көзіне айналдыру” және т.б. ұсынды.
500-3000 адамнан тұратын Оуэндік ассоциативтік “дербес поселкелерді” құру үшін сәйкес “ақылды жағдайлар” қажет. Р. Оуэн оларды рационалды конституция деп аталатын 26 заңда төмендегідей жүйеледі:
өзінің жеке сыртқы бағасын ақшамен табуда, оның “темір мен болаттың құнынан барынша төмен” болуы;
адамзат металл ақшаларды жойып, оларды еңбек бонасына, яғни “ұлттық ақшаға” ауыстырған соң, мол байлықты қамтамасыз ету;
халықты ағартуда, әсіресе, кезеңдік таңба құралын пайдалануда түрлі әдістерді қолдану;
“пайдасыз жеке меншікті” жою, соған сәйкес делдалсыз өндірушілер байланысы арқасындағы кіріс үшіл де болдырмау.т.б.
ТҮЙІН
Орта ғасырдағы экономикалық көзқарастар (феодалдық қоғамдағы) айқын діни сипатқа ие болды. Бұл кезеңнің рухани идеологтарының ғылыми мұралары, оның ішінде шаруашылық саясаты аумағында қоғамның сословиялық сипаты мен иерархиялық құрылымы, ақсүйек және шіркеу феодалдарында саяси билік пен экономикалық құдіреттілік күшінің өсуін айқындайтын схаластика, софистік талқылау, діни-этикалық нормалар толықтырады. Олардың доктриналарына экономика тауарының аумағын кеңейтуге қажетті екі ойлы түрткілер, нарықтық қатынастардың негізгі қағидаларында шаруашылыққа қабылданбайтын басқа белгілер мен өсім алушылық тән.
Феодализм кезеңінде саяси экономияның алғашқы мектебі меркантилизмнен қалыптасқан ғылыми теорияда жекелеген экономикалық идеяларды дайындау басталды.
Меркантилизмді дамытудың бірінші кезеңі-ақшалай байлықты таза заңдық жолмен арттыруға бағытталған саясаты орнықтыратындай, “ақша балансы” теориясын анықтаған-ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы болды.
Кейінгі меркантилизмнің орталық пункті-шығарылған және әкелінген тауарлардың құн арасында үлкен айырмашылық болған сайын, мемлекет те бай түседі деп саналатын – “сауда балансы жүйесі” болды.
Меркантилизм сауданың белең алуы мен өндірістің шектелуін бағдарлай отырып, кемшіліктерден де құр қалмады, бірақ келешектегі экономикалық ойлардың да белгілі прогрессивтік роль болды.
Утопиялық социализм-ХІХ ғаырдың бірінші жартысында пайда болған және қоғамдағы қанаушылыққа қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм бірінші кезекте ғылым мен техниканың жетістіктерін жоспарлы пайдаланып, еркін еңбекке негізделген ірі қоғамдық өндірісті құрудағы қоғамдық өзгерістердің міндетін аңғарды.
Ол адам қажеттері мен жеке бастың өркендеуін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін молшылық қоғамның болашағын елестетті.