Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.
Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.
Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын.
Смит сияқты, Рикардо мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы болды, сыртқы сауданың еркіндігі үшін күресті. Қоғам мен шаруашылықтың дамуына деген тарихи көзқарастың жоқ болуы Рикардо үшін, сол сияқты бүкіл классикалық саяси экономияға тән болды. Капитализмді ол бірден-бір мүмкін және табиғи құрылыс деп, ал оның экономикалық заңдары – жалпыға бірдей және мәңгілік деп санады. Оның ілімінің шектеулілігі осыдан тұрады. К.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің экономикалық қатынастарын еңбек құны теориясының позициясынан зерттеуге талпынуы мен өндірісте капиталистік тәсілдің ішкі заңдылықтар жүйесін ашуға ұмтылысынан тұратындығын көрсетіп берді. Құн тек алғашқы қауымдық қоғамда ғана еңбекпен анықталады деген Смиттің ережесін теріске шығара отырып, Рикардо жұмысшы еңбегі капиталистік қоғамның барлық таптар табыстарының (еңбекақының, пайданың, проценттің, жер рентасының), бірден-бір көзі деді. Рикардо мынандай қорытындыға келді, капиталистің пайдасы – жұмысшының төленбеген еңбегі, дегенмен ол құн заңының тұрғысына байланысты пайданың пайда болуын, қосымша құн заңын ашып көрсете алмады. Рикардо, сондай-ақ, еңбектің қосарлы сипатына түсінбегендіктен саяси экономияның басты қарама-қайшылығын шеше алмады.
Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады. (2 үлгіні қараңыз).
Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Абстракциялы ғылыми әдісті қолдана отырып Рикардо, капиталистік шаруашылықты ең ортақ реттеуші принципі ретінде еңбек құны заңын жасады және ол саяси экономияның бастапқы ережелерінің бірі болып саналды.