ҚазақТҰтынуодағЫ


Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі



бет87/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94

9.3 Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі.


Институционализм – қазіргі батыстың экономикалық ойлардың көрнекті ағындарының бірі. Оның ерекшеліктері:

  • институционалистер экономика пәнін кең түрде қарастырады. Олар шаруашылық қызметке әсер ететін факторлар мен жағдайлардың барлық түрлерін есепке алуды қажет етеді.

  • «экономикалық» адам деген қатынастан туатын экономикалық қатынастарды талдаудан бас тарту қажет.

Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі.
Институтционализм ХІХ ғ. аяғында пайда болып үш бағытта тарады.
Олар: әлеуметтік-психологиялық институционализм; әлеуметті-құқықтық және эмперикалық (коньюнктура-статистикалық) болып.
Бұлардын барлығы жалпы фундаменталды жағдайларың бірлігіне қарамастан, олар бір-бірінен талдау тәсілдері мен әдістерімен, экономикалық құбылыстардың салаларын және себептерін талқылаумен, қоғам өміріндегі жеке институттардың мәні мен рөлі бойынша ерекшеленеді.
«Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:

  1. «Ескі» институтционалистер құқық пен саясаттан экономикаға жүрген, басқа қоғамдық ғылым әдістерінің көмегімен, экономикалық процесті талдауға ауысты. Неоинститутционалистер, керісінше, саяси, құқықтық және көптеген басқа проблемаларды қоғамдық ғылымдардың неокласикалық экономикалық теория тәсілдерінің көмегімен әсіресе қазіргі микорэкономика аппаратары және ойымен теорияны қолданып талдауға кірісіті.

  2. «Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.

  3. «Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді.

Әлеуметтік-психологиялық институционализм ағымын тұрған Торетейн. Б. Веблен (1857-1929 жж.), американың экономисті және социологы. Ол экономикалық дамудың психологиялық теориясын қалыптастырды.Оның ең маңызды еңбектері: «Теория праздного класса» (1899), «Қазіргі заманға сай өркендеудегі ғылымның орны және басқа очерктер» (1919), «Қазіргі заманға өзгеретін жүйелердің очерктері» (1934). Веблен экономикалық құбылыстарды бекітілген дәстүр ретінде қарастырған. Ғалым ойынша, адамның еңбекке деген уәжін (мотив) қоздырушы мыналар: «аналық» инстинкті, ата-аналарды балаларын асырауына мәжбүр етеді және «білуге құмарлық» инстинкті, яғни адамдардың қоршаған ортаны және әлемді білуге ұмтылады.
Вебленнің айтуынша, қоғамдық-экономикалық құрылымының эволюциясы биологиялық процеспен табиғи таңдаумен заңдалынған.
Веблен барлық қазіргі заманға сай индустриялық Технологиялық тұжырымдамалардың негізін салушы болған.
Ол «бизнес» және «индустрия» әлемін бөліп көрсеткен. Біріншісі – қатынас сферасымен, ал екіншісі – өндіріс сферасымен айналысады.
Ғалымның айтуынша, менеджер, басқарушы, финансистер бизнес сферасын көрсетеді. Бизнес Вебленнің айтуынша, өзіне кері әсер тигізе отырып ұлттылықты діни дөрекілікті және меншікті тудырады. Веблен былай ойлаған, индустрия әлемі бизнес әлеміне басым жағдай жасауы керек. Оның айтуынша саяси билік инженерлер мен техниктердің «генералдық штабына» берілуі қажет. Вебленнің техникалық идеялары оның ізбасарларының еңбектерінде дамыды.
Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс (1862-1945 жж.) табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.
Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.
Эмперистік немесе коньюнктуралық статистикалық институционализмнің басты шеңінде У. Митчелл (1874-1948 жж.). Т. Вебленнің оқытушысы тұрған автордың «Экономикалық теорияның түрлері туралы дәріс» (1935).
Митчелдың зерттеуіндегі басты орын адамдардың қоғамдағы жүріс – тұрыстарына жүгінген. Ғалымның айтуынша, адамдардың психологиясы, олардың әдеп-ғұрыптары экономикалық дамудың ең басты факторы болып табылады. Соған қарамастан Митчелл индивидке емес қоғамдық психологияға артықшылық берген.
Митчелл басты көңілді экономикадағы құбылыстарға ақша айналысының мәселелеріне аударған.Оны ойландырар жағдай: қай фактор экономикаға ең көп әсер етеді, ал оның ішінде әсіресе – қаржы, ақша және несиеге.Митчелдің айтуынша, осы сфералар басты болып саналып осыларды дұрыс реттеу дағдарысты болдырмауына әкеледі. Митчелдің методолиялық тәсілінің ерекшелігі мынада: үлкен статистикалық материалдарға сандық талдау әдістерін белсенді қолданды.
У.Митчелл экономикадағы циклдік құбылысты экономикалық зерттеудің Ұлттық бюросын қалыптастырды. Ол «үлкен» және «кішігірім» циклдің ұзақтығын есептеді, экономикалық дамудын дағдарыссыз моделін құрастырды.
Митчелл арнайы мемлекеттік жоспарлау органдарын дамытуды жақтады. Жоспарлау бұл жерде директивті емес, ұсынысты түрінде болуға тиіс.
Қазіргі инстиционализм немесе неоинституционализм өзінің алғашқы түрінен көп ерекшеленеді яғни, ерте немесе ескі институционалзммен салыстырғанда.
Неоинституционализмнің ең жарқын өкілдері болып Дж. Гелбрейт, Г. Мюрдаль, Я. Хейлбронер, Д. Белл, О. Тоффлеп, және т.б саналынады.
Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).
Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.
Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).
Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.
Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.
Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша» саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.
1986 жылы институционалдық зерттеулердің танудың ерекше жылы болды. Осы жылы американдық экономист Дж. Бьюкеннен, «Қоғамдық таңдау теориясын» қалаушы, Нобель сыйлығына ие болды. Сонан кейін 1991 жылы, Р. Коуз, 1993 жылы Д. Корт Нобель лауреаттары атанды.
Дж. Бьюкеннің қоғамдық таңдау теориясының негізгі постулаты мынада, адамдар саяси салада әрекет жасай отырып өздерінің жеке мүдделерін ойлайды, және бизнес пен саясат арасында ажырамас қыр жоқ. Бұл теория дәйекті түрде мемлекетте қоғамдық мүддеден басқа ешқандай басқа мақсат жоқ деген мифті әшкерлейді. Қоғамдық таңдау теориясы – бұл ғылымның ерекше саласы, ол адамдардың өздерінің жеке мүдделері үшін үкіметтік мекемелерді қалай пайдаланатын әдістер мен тәсілдерді зерттейді: «Рационалды саясаткерлер» алдымен өздерінің олардың беделің көтеруге көмектесетін және келесі сайлауда олардың жеңіске жету мүмкіндіктерін беретін бағдарламаларды қолдайды. Сөйтіп, қоғамдық таңдау теориясы қоғамда индивидуализм принципі әрекет ететіндігін дәйекті түрде дәлелдеуге тырысады, ол мемлекеттік қызметпен қоса барлық қызмет түрлерінде қамтиды. Осы зерттеулердің пафосы экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен мүмкіндіктерінің кейнсиандық теорияға, сондай-ақ Гелбрейттің негізгі идеяларынада қарсы бағытталғаны анық.
Рональд Коуз, институционалистік әдістемені пайдалана отырып, фирмалардың пайда болу себебін анықтауды мақсат етті. Фирманың ішкі қызметі, нарықтық негіздерде өтпейді – мұнда тікелей басқару шеңбері бойынша берілетін бұйрықтар мен олардың орындалуыың рөлі орасаң зор. Сонымен бірге фирманың тыс қызметі еркін нарықтық бағаны ескере отырып, нарықтық принциптерді жүзеге асырады. Неліктен фирманың ішкі түрлі буындары арасында нарықтың қатынастар қалыптаса алмайды. Коуздың зерттеулері мынаны көрсетеді, егер барлық қарым-қатынастар нарықтық негіздерде құралса, онда трансакциялық шығындар күрт көтеріледі. Егер тікелей директивалық басқару трансакциялық шығындарды үнемдейтін болса, онда жаңа фирма пайда болады. Бірақ бүкіл ұлттық экономиканы бір фирма түрінде ұсыну мүмкін емес, өйткені ірі ұтымды бір орталықтан басқару да шығындардың өсуіне әкеліп соғады, басқаруды қыйындатады. Сондықта кәсіпорынның едәуір өсуіне оның оптималды көлемін анықтаудың қажеттігі туындайды, мұнда нарықтық үйлестіру шығындары орталықтандырылған бақылау шығындарына тең болуы керек.
Дуглас Норт, «тарихи оқиғаларды зерттеуге экономикалық теория мен сандық (количественной) әдістерді қолданғаны үшін» Нобель сыйлығына ие болған. АҚЩ пен басқа да елдердің экономикалық тарихын зерттей келе, ол нарықтық экономика құрылымы мен онда өтіп жатқан процестер елдің әлеуметтік және саяси институттары мен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді. Норттың пікірі бойынша нарық адамзатқа шексіз ауыртпалық әкелуі мүмкін, егер «алдын алатын қарсы шаралар» осы бір өзін өзі бүлдіретін механизмнің әсерін бәсендетпесе. Түрлі саяси және құқықтың институттардың көмегі мен «қоғам өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйеге тән қателерден өзін қорғай алады».


9.4 Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.


Экономикалық ойлардың тарихында неоконсерватизмнің монетаризм және ұсыныс экономикасы сияқты екі аса көрнекті теориялық мектебі ерекшеленеді.
Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.)
Монетаризмнің басқа да ықпалды фигураларына Р. Барро, И. Фишер, К. Брунер, А. Мельтцер және т.б. жатқызуға болады. Олар Фридменның көз қарастарын дамытып түрлендірді.
Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.
Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.
Модификацияланған сандық ақша теориясы негізінде монетаристер кейнсышылармен «макроэкономика-ақша» бағытында мынадай үш деңгейде қарсы шықты:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет