ҚазақТҰтынуодағЫ


Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж)



бет31/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

    Бұл бет үшін навигация:
  • ТҮЙІН
Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.
Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір 25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.
Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.
Мальтустың пікірі бойынша табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді.
Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.
Т. Мальтус кедейлерге мемлекеттік қолдау көрсетуге қарсы күресті, ол мұны еңбек сүйетін азаматтардан салық арқылы жалқауларға демеу көрсету деп түсіндірді.
Мальтустың көзқарасы бойынша халықтықтың өсуі- тек қана тамақ өнімдерінің жетіспеушілігімен, аштық үрейімен шектеледі. Ал әлемдік тәжірибе бұны басқаша көрсетеді, өмір деңгейінің өсуі демографиялық ахуалдың өзгеруіне, туудың кемуіне, отбасы санын сапалы жоспарлауға әкеліп соғады.
Мұндай ойларды айта отырып, мынаны да байқауға болады, Мальтустың бір кезде айтқан проблемасы, өзінің өзектілігін бүгінгі күн де сақтауда. Өмірдің төмен деңгейінің сақталуы тек қана «үшінші әлем» елдерімен ғана байланысты емес. Экономикалық процестерді жаһандандыру (глобализация) демографиялық үрдістерге талдау жасауда кең-ауқымда жол табушылықты талап етеді.
Соңғы 10-15 жылда әлемдік өндіріс динамикасында жаңа әдістер пайда болды, бірсыпыра себептерге байланысты жер шарында жан басына шаққанда негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қысқаруда. Демографтардың болжамдарына сәйкес, планета халқы 2030-шы жылдары 6-дан 9 млрд. дейін көбейеді. Сол кезде азық-түлік ресурстарының тапшылығы пайда болу мүмкін, дегенмен бұлардың барлығы Мальтус теориясының дұрыстығын әлі де дәлелдемейді.


ТҮЙІН


Аталмыш тақырып классикалық саяси экономияның пайда болу мен дамуына арналған еркін, жеке кәсіпкерлік проблемаларын шешуге арналған. Ол еңбек құны теориясында негізделген.
Англиядағы классикалық саяси экономия бастауында У. Петти тұрды, бұл ілімнің дамуы А. Смитпен, оның ізбасары Д. Рикардомен байланысты.
Д. Рикардоның еңбектері классикалық саяси экономияның шыңы болып саналады. Оның пікірі бойынша, еңбекақыға, пайдаға, процент пен рентаға негізделген жұмысшы еңбегі қандай да бір байлықтың көзі болып саналады.
Классикалық мектеп, капиталистің бас мақсаты – ең жоғары пайда табу деді, байлықты көбейту факторы – капиталды жинақтау, ал ақша тауарлар айырбасының процесін жеңілдетуші құрал (қару) деген анықтама берді.
Мальтус, халықтың өсуіндегі геометриялық прогресті, тамақ ресурстары қорларының арифметикалық өсуімен салыстыру бойынша халық санының теориясын жасады. Сондықтан ол өмір сүру жабықтарын шектеу жолымен халық санының өсуін қатаң шектеуді ұсынды, яғни жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық қорлармен (запастармен) байланысты деген идея қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет