Владимир Ильич Ульянов (Ленин) (1870-1924 жж) – саяси қайраткер, Ресейдегі Қазан төңкерісін басқарушы, КСРО-ны құрушы. Ол Маркстің эконоикалық теориясын империализм теориясымен және пролетариаты аз елде социалистік революция мүмкін деген теориямен толықтырған. Ленин социализм кезінде барлық өндіріс бір үлкен фабриканы құрайды дегенге шынайы сенді.
В.И. Ленинің социализм туралы ой-пікірлері, теориялары оның «Совет үкіметінің кезектегі міндеттері», «Мемлекет және революция», «Азық түлік салығы» т.б. еңбектерінде берілген. Ол социалистік құрылыста тауар-ақша қатынастары мен рынокты, мемлекеттік капитализмді пайдалануды ұсынды. Ленин «Жаңа экономикалық саясатың» (ЖЭС-тің) негізін қалауға тырысты. Өндірісті қоғамдастыруға «әскери коммунизмен» азық-түлік саясатын, қала мен деревня арасында ақша-тауар қатнастарын пайдалануды ұсынды, тіпті социализмге өту-бірнеше ғасырға созылуы мүмкін деген пікір айтты.
В.И.Ленин марксизімді тереңдетті, оның экономикалық теориясы социализмді құруды тәжиребеге асырды. Оның жоспарлы экономика, шаруашылық механизмі, есеп тәсілі, азық-түлік салығы туралы, идеялары социализм теориясының негізі болды.
Ресей экономикасындағы рыноктік қатынастарда тауарлы өндіс пен капиталистік элменттердің барлығын теория жөнінде дәлелдеді. В. Ленин мемлекеттік капитализм теориясын, сыртқы сауда саясаты мен ішкі кәсіпорындарында тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, сыртқы сауда монополиясын ұсынды. Ол «азиатша сауданың» орнына «европаша сауда» жасауға шақырды.
Лениннің экономикалық ой-пікірлері, көзқарастары әсіресе партия сьездерінде, конфернцияларда идеологиялық таластарда қызу талқыланды Мысалы, 1918 жылы РКП (б) VII төтенше съезінде Ленин: «біздер , Рессейдің капитализмнен социализмге өтудің бастапқы сатысында тұрмыз, қанша саты, қанша кезең болатынын білмейміз, білуімізде мүмкін емес» деп ескерткен еді.
Лениннің көзқарасын үш кезеңге бөлуге болады: 1917 жылғы революцияға дейін (абстрактілі теорияландыру кезеңі); 2) 1917 жылдан 1921 жылдың наурызына дейін (соғыс коммунизмі кезеңі); 3) 1921 жылдың наурызынан 1924 жылдың қаңтарына дейін.
Абстрактілі теорияландыру кезеңінде Ленин капитализмнің тарихи дағдарысқа душар болуы туралы марксистік доктринаның мызғымас жақтасы болды. Оған белгілі социал-демократтар Р. Гильфердинг пен К.Каутскийдің көқарастары үлкен әсер етті.
Экономикада ірі монополияның жоспарлы бастауна көңіл бөлген Гильфердинг пен Каутскийге қарағанда, Ленин капитализмнің империализм сатысындағы ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарының шиеленісуіне ерекше көңіл аударды. Бұл сатыда өнеркәсібі дамыған елдер капиталдың еңбекті негізгі қанауды объектілерін қайта бөлісу күрестін бастайды. «Артта қалған елдерде, – деп жазады Ленин, – әдетте капиталдың тапшылығынан пайда табу мүмкіндігі жоғары, жерге деген баға да бірсыпыра төмен, ал шикізат болса ол да арзанға түседі».
Сондықтан капиталды экспортқа шығару мүмкіндігі халықаралық капиталистік қатынасқа артта қалған елдердің кіруі үлкен әсер етті. Ең бастысы теміржолдар қай жерде салынса немесе салынып жатса сол жерде, өнеркәсіптің дамуы үшін қарапайым жағдайдың бәрі қарастырылған. Капиталды экспортқа шығару қажеттігі ленинше мыналардың нәтижесі: аздаған елдерде каптиализм «өте жетіліген» (ауыл шаруашылығының мешеулігінен және бұқараның қайыршылануынан) капитал өзінің салынатын (вложения) «пайдалы» орнын іздейді, бірақ таба алмайды».
Дегенмен, бұл пікірге қарамастан, капиталдан түсетін кіріс дамушы елдерге қарағанда, дамыған, экономикасы әлдеқайда жоғары, инфрақұрылым бар елдерде қосымша пайда табуға жақсы мүмкіндік туғызады. Ленин британ капиталының көбірек орналасатын жері, британ отарлары екені туралы сол кезде жазған Британияның сыртқа шығарылған активтері империядан тысқары, әсіресе ең басты атары АҚШ-та болатын. Бүгінде мұндай ағым күшейе түсүде, және шамамен алғанда әлемдегі тура инвестицияның үштен екісі дамығын елдердің үлесіне тиеді.
Тағы бір аңызға айналған Лениннің пайымдауы, империализм капиталды мейлінше шоғырландыруға жетелейді. Шынында да ХХ ғасырда нарықтық экономикада өндіріс көлемінің өсуіне, сондай-ақ орта және кіші бизнестіің өркендеуіне байланысты мұндай ағым нық орын алуда.
Соған қарамастан, көптеген марксистердің күшімен құрылған империализмнің мифологиялық үйлесімі Лениннің теориялық құрылымы үшін ең кемдегенде екі түрлі жағдайда ыңғайлы объекті болып шықты. Біріншіден, әлемде дамыған елдерде еңбекшілердің көпшілігі, капиталдың дұшпанына айналады, мұның өзі тіпті пролетариат күреске біршама аз қатысса да, әлемде (немесе капитализмның жекелеген «осал буындарында») пролетарлық әлемдік революция мүмкіндеген мәселені қойды. Екіншіден, ол ойлағандай, империализм өндірісті аяғына дейін (үлкен бір фабрика деңгейінде) қоғамдастыра алмады, сондықтан социалистік революция үлесіне жеке меншіктенушікті жою оның орнына мемлекет түрінде «жаңа типті» менштік иесі – пролетариат диктатурасын құрды.
Бүгінде біз, Лениннің бейнелеген көрінісі іс жүзінде мүмкін болғанын көргенмен. ол экономика жағынан тұрақты болмады. Сондықтан ол Маркс айтқандай «пролетариат диктатурасын» онша үлкен емес, бірақ жақсы ұйымдасқан шағын саяси топтардың экономикалық және саяси күші арқылы сақталуы мүмкін деді. Марксті көп қолдауға көңіл аударған Шумпетер, Ленинге Марксизім идеясынша жұмысшыларды азат ету сол жұмысшылардың өздерінің шаруасы емес, «қараңғы бұқараға үстемдік жүргізе алатын жекелеген бандалардың» ісі деп, кінә қойды.
Партия диктатурасы негізінде большевиктер Ресейде соғыс коммунизмі саясатын жүргізе бастады. Осындай жаппай күш көрсету қатал шындыққа айналған соң азаматтық соғыспен жауап беруге тура келді. Бұл жерде сонау Руссодан келе жатқан: күш көрсетіп (егер «үлгілі теориямен» және билікке ие болса) адамды зорлықпен бақытты етуге болады деген мақалды еске түсірсе болды.
Алайда, бұл саясат сәтті болмай шықты. 1917 жылдан кейін 1921 жылы аштықтан, зорлықтан халықтың көпшілігі большевиктерге қарсы болып шықты. Мұны көрген көсем, «таза социалистік нысанға, таза социалистік бөлісуге тікелей көшу біздің күшімізден мүмкіндігімізден асып түседі» деп өкінішпен атап өтті. Және Ленин әуелі іс жүзінде, содан соң теория жүзінде мынадай қорытындыға келді: өндіріс пен өнімдерді бөлудің көп жыл алға нақтыланып жасалған жоспарын пайдалануда мемлектеттің рөлін шамадан тыс көтеріп жіберу, әсіресе соғыстың салдарынан тоқыраған шаруалар елінде экономикалық жағынан тиімсіз деді.
Лениннің өмірінде ЖЭС-ка өту негізіне байланысты үшінші, мейілінше түп тамыры терең, әрі қайғылы кезең басталды. «Жаңа экономикалық саясаттың» мәні мынада... ұсақ өндірісшілер үшін сауда бостандығын және ... ірі капитал үшін өндіріс құралдарына байланысты мәселелерді шешше, онда капиталистік экономика сияқты «мемлекттік капитализм» бірқатар қағидалар қолданады». Ленин өз қолдастарының назарларын аударып «егер социализмнің бөлу тәсілін («әркімге еңбегіне қарай») қолдансақ тауар алмасуы формальды болады, онда социализмде тауар-ақша қатынасын пайдалануда ешқандай айтарлықтай қарсылық, шектелулік болмайды» деді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде, Ленин - егер мемлекеттегі билік большевиктердің қолында болатын болса, мемлекеттік капитализм арқылы да коммунизмге өтуге болады деп түсіндірді. «Мемлекеттік капитализм – бұл өзіміз шектей алатын, шектен асуды тоқтата алатын капитализм. Бұл мемлекеттік капитализм, мемлекетпен тығыз байланысты, ал мемлекет – ол ... біз. Және осы мемлекеттік капитализмнің қандай болатыны бізге байланысты» деді.
Келесі қадам – шаруаларды кооперациялау және өнеркәсіпті индустрияландыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қазіргі заманғы ірі өндіріс орындарын ашу. Ол «қандайда болмасын аз қаржының өзін біздің ірі машина жасау индустриясын дамыту үшін қол жеткізу» деп міндет жүктеді.
КСРО-дағы социализмнің кезекті эволюциясын түсіну үшін ЖЭС-ын кейбір қорытындыларына қарап өту керек. Тура шаруашылық тұрғысынан алғанда ол әжептәуір көңіл толтындырды. Еліміздің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қаржы-қаражаты нығайды. Мемлекттік, кооперативтік және меншіктің жеке түрі белсенділікті таныта түсті.
ХІХ ғасырдың 20 жылдары жалдамалы еңбекті, шетелдік капиталистік кәсіпорындар (консессия) пайдалану арқылы кооперативтерге, жеке кәсіпорындарға ерік берілгенде жалпы өнеркәсіптік өнімдегі капиталдың үлес салмағы 4 пайызды, ал жеке меншік-қол өнершілер мен бірге 24 пайызды құрды, саудада жеке секторлардың үлес салмағы 44 пайызға жетті. Сонымен ЖЭС-тын экономикалық механизмін жетілдіру қажет екендігі белгілі болды. Бірақ, бір жағынан – соғыста қирап-бүлінгенді шаруашылықты қалпына келтіру айтарлықтай берекесіз қйын іс, екінші жағынан- Лениннің арманы, заманға сай ауыр индустрияны құрып, өзінің экономикалық деңгейіне қарай дамыған елдермен қатарласу еді. Сондықтан ол ауыр индустрияны құру мындеттерін орындаудың екі жолы бар деп санады.
Бірінші жолы – ЖЭС-ты жалғастыру, мемлекеттің экономикалық рөлі мен еркін рыноктың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, аралас мемлекеттік-меншіктік негізінде ауыр өнеркәсіпті дамыту. Мұндай тепе-теңдіктің беріктігі елдегі мемлекеттік құрылысты мейлінше демократизациаландыру, халықтың экономикалық және саяси қызметіне бостандық беру керек еді. Бірақ большевиктер бұл жағдайда өздерінің билігін басқалармен бөлісуге мәжбүр болатын болды.
Осы бағыттың идеологтарының бірі Н. И. Бухарин (1888-1938 жж) жаппай коллективтендіруден кейін КСРО-дағы рынок мүлдем өзгерді. Мемлекеттік кәсіпорындармен, колхоздар және ауыл шаруашылықтық кооперативтер арасындағы тауар айналымы рыноктік стихия болудан қалды деді.
Бухарин 1920 жылы өзінің «Өтпелі кезең экономикасы» деген еңбегінде мынандай теориялық мәселелрге тоқталып, социалистік экономиканы құрудың мынадай негіздеріне көңіл аударды олар:
Трансформациялық үрдестердің жалпы теориялары;
Коммунистік құрылыстың алғы шарттары;
Қоғамдық трансформациялық үрдестірдегі қала мен ауыл қатнасы;
Өндіргіш күштерінің төңкерісінің шығындары мен техниканың орны;
Пролетариат диктатурасы кезеңіндегі өндірісті басқару жолдары;
Өтпелі кезенде экономикадан тыс күш көрсету;
Әлемдік революция үрдісі т.б..
Екінші жол – елдің барлық экономикасы мен саясатының негізгі параметрін большевиктік партия белгілейтін «бірыңғай жоспар» бойынша ұйымдастыру. Бұл жолдың артықшылығы «лениншілдерге» марксистік идеалдың сақталуымен ғана көрінген жоқ. Бастысы, мұндай жағдайда осындай қиыншылықпен қолға тиген билікті ешкіммен бөлсудің қажеттігі болмады. Сондықтан екінші жолдың пайдалы деген жағдайлары таңдалынып алынды.
Большевиктік партия И.Сталиннің басқаруымен өзінің үстемдігін мынанндай айаусыз күрес арқылы орнатты:
Сауда капиталистерімен, алып сатарлармен, банкирлермен;
Буржуазиялық кәсіпкерлермен ( трест, синдикат);
Ресми маман бюрократтарымен (әскери, және мемлекет апаратарымен;
Техникалық интелегенциямен (инженер, агроном, журналистер);
Орта және ірі шаруалармен (кулактар);
Орта, ұсақ қала буржуазиясымен.
Жалпы, өтпелі кезеңде И.Сталин социализмді құрудың мынандай жолдарын көрсетті:
1930 ж. – «кімді-кім» жеңеді деген сұрақ, социализмнің пайдасына шешілді,
1932 ж. – социализмнің ірге тасы қаланды қала мен ауылдың мәселері ленинше шешілді;
1936-1937 жж. – социалистік экономикаға тиісті үкіметтік қондырмалар құрылды. Партияның ХVIII съезі ССР-да 2-ші бесжылдық жоспар орындалды деп, коммунизімнің бірінші фазасы – социализм жүзеге асты деп жариалады.
Былайша қарағанда, Совет үкіметі дамыған капиталистік елдерден қалыспайтын, барша халықтың патриоттық ауыр еңбегі мен нағыз ірі өнеркәсіп салып Ұлы отан соғысында жеңіп шықты. Өз үстемдігін осылай орнатқан партия басшылары кейін, өзара қандай қанды таласқа түсетінін біле қоймады және социалситік жоспарлы шаруашылық бірте-бірте, ондаған жылдардан кейін жоққа шығатын кемістігі бар екендігін көрмеді.
Біріншіден, кремльдік кабинеттерде құрастырылған ұзақ мерзімді жоспар тұтынушылардың соңғы тұтыну сұранысын (тамақ, киім) ескере алмайтындығына куә болдық. Ол негізінен өндірістің ең алдымен өзіне өзі қызмет көрсетуден бастап (ұдайы даму), екінші сұранысты -тұтынуды артқы бағдарда ұстады. Осының нәтижесінде өндіріс неғұрлым ұдайы дамыған сайын тұтынушы солғұрлым кедейлене түсті. Осындай біршама кедейліктің өсуі үкімет басшыларының берген үәдесін орындалмайтындығынан шыққан қарсылықтар қатал репрессиямен басылып тасталұы әлеуметтік наразылық тудырып отырды.
Екіншіден, жоспар бойынша құрылған экономика, күткеніндей ғылыми техникалық прогреске сай келмей жатты. Ақшалай бағалау тәуелділігінен айырылған экономика өзін-өзі реттеу қасиетін жоғалтып, өзінің өлшем көлемін немесе есепті ақша бірлігіне айналдырылған «орташа жұмыс уақытының сағатына» бағытталды.
Сондай-ақ, отбасылық шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық копперацияларын зерттеумен айналысқан А.Чаянов (1888-1937 жж) отбасылық шаруа қожалықтары онша пайдаға иек артпайды, табыс пен еңбектің ауыртпашылықтарының бір-біріне деген сәйкестілігін көздейді деген қорытындығы келеді. Бұл тіпті ең жаман деген экономикалық шамада күн көруге жағдай жасайды. «Ішкі тепе-теңдіктің шарттары капиталистік шаруашылықтырды сөзсіз күйреуге душар ететін жағдайды өмір сүруге мүмкіндік беретін еңбекке ақы төлеу бірлігінің төмен деңгейін қолайлы етеді».
Чаянов, ірі ауыл шаруашылық өндірістерді ұсақ шаруашылықтармен салыстырғанда біршама артықшылығы болатынын мойындады. Алайда, Ресейде американдық үлгідегі фермерлік қожалықтарды дамытуға мүмкіншіліктер жоқ еді. Сондықтанда өзіндік өнімдерді қайта өңдеу, тасымалдау мен өткізу, шаруа қожалықтарын несиелеу міндеттерін алатын ірі ауыл шаруашылық кооперативтерімен бірлескен отбасылық шаруа қожалықтарының болғаны пайдалы деді.
Кеңес үкіметі кезінде Чаянов теңестірілген жер пайдаланушылыққа қарсы шығып, оны бірыңғай ауыл шаруашылық салығын енгізу қажеттігіне негіздеп, суармалы жер өңдеу аймақтары үшін су рентасының тұжырымдамасын ұсынды. Кондратьев сияқты ол да индустризацияны шаруалардың есебінен жүргізілуіне қарсы болды. 1937 жылы репрессияға ұшырап, ату жазасына сотталды.
ХХ жүзжылдықтың әйгілі экономистерінің бірі – Н.Кондартьев (1892-1938 жж),американдық әлеуметтік ғылымдар академиясының, американдық экономикалық ассоциациясының, американдық және лондондық мәліметтік қоғамының, американдық ауыл шаруашылығы мәселесі жөніндегі ассоциацияның академигі. Қазан төңкерісінен кейін Москва ауыл шаруашылық академиясының профессоры, Наркомфин жанындағы Конъюктуралық институттың директоры (1920-1928), РСФСР Наркомземнің ауыл шаруашылығы экономикасы мен жоспарлау басқармасының бастығы болды. Кондратьевтің басшылық жасауымен 1923-1928 жылдарда КСРО ауыл және орман шаруашылықтарын дамытудың алғашқы перспективалық жоспары жасалды. Жоспарлау және бағаның құрылуы мәселелеріне арналған «Аграрлық мәселе» (1917), «Астық рыногы және оны соғыс пен төңкеріс кезінде реттеу» (1922), «Деревняларды бөлу туралы мәселелер» (1927) деген еңбектері жарық көрді. Реттелуші нарықтық экономиканы жоспарлау теориясы «Алдын ала болжау мәселесі» (1926), «Жоспар және алдын ала болжау» (1927) деген және басқа да еңбектерінде қарастырылды.
Кондратьев – қоғамының шаруашылық өміріне сапалы өзгерістер енгізуге байланысты көлемді конъюктуралік циклдердің авторы. Ол, саясаттандырылған кеңестік экономикалық өмірде «кулак» атанған ауқатты шаруалардың шаруашылық бастамашылығын басып тастауға бағытталған (кейіннен «кулактық идеология» деп аталған) үлкен қателіктер жасады, деп саналды. Кондратьев 1930 жылы тұтқындалып, негізсіз репрессияға ұшырады. Өлгеннен кейін ақталды.
Кондратьев теориясының, ең бастысы алайда кооперация теориясы емес, оның созылмалы толқын немесе ұзақ мерзімді экономикалық динамика болып саналады.
Оның созылмалы толқын теориясы мейлініше үлкен тербеліс (жарты ғасырға жуық) болды. Іскерлік циклдегі тербеліске қарағанда тікелей көрінетін созылмалы толқынның тиімділігі мәліметтік деректерді белгілі бір өңдеуден өткізгеннен кейін ғана белгілі деді. Мұның өзі созылмалы толқынның шындыққа жақындығын қосымша тексеру мәселесін көтерді.
Өзінің еңбектерінде Кондратьев Огюст Конттың «Алдын ала болжау үшін білу керек, басқару үшін алдын ала болжау керек» деген мақылын басшылыққа алды.
80-жылдардың аяғында социализм әскери, идеологиялық, экономикалық және әлеуметтік қатынастар бойынша капитализмнен ұтыла бастағаны байқалды. М. Горбачевтің сауатсыз өткізген «қайта құруы» реформасы түбінен шіріп тұрған құрылысты төбесінен соққылап құртты. Бұрынғы КСРО-нің құлаған үйіндісінің орнында бой көтерген жаңа мемлекеттердің нарықтың жай ғана экономика қозғалысындағы өзара күмәндары басталды.
Болшевизм билігі кезеңінде Ресейдің экономикалық ой-пікірлері біртіндеп дербестік сипатын жоғалтып алды. Кондратьев пен Бухариннің ашықтан-ашық жәбірленуге душар болуы нағыз «асаулардың» өзін жуасытып тастады. Біреулер шетелге кетіп қалды, енді басқалары Маркс пен Лениннің еңбектеріне шолушы ғана болды; үшіншілері коммунистік идеологтардың санасына кірмейтін абстрактілі мәселелермен айналысты.
Экономикалық теориядағы кейбір дұрыс алға жылжушылық тек қана 1953 жылы И. Сталиннің өлімінен кейін жүзеге аса бастады. Олар негізінен социализм кезінде тауарлық қатынастардың айтарлықтай рөлін тану мен білумен тынды. Кеңес экономистері колхоз меншігіне өндіріс құралдарын сатуды, өндіріс құралдарының көтерме саудасының элементтерін ақтайтының мойындады. Пайда, социалистік шаруашылықты жүргізудің ынталандырушысы болып саналды. Рентабельдылыктың нормасы деп аталатын пайда нормасы қайтадан өндіріс тиімділігін көрсеткіші саналатын болды. Алайда, орталықтандырылған жоспарлы экономиканың тұжырымдамасының негізгі шарттары мызғымайтын болды.
Дүниежүзілік өлшем бойынша кеңестік экономика ғылымында математикалық-экономикалық бағыт қана нағыз табысты болды. Осы бағыттың құзар шыңы кеңес дәуірінде экономика бойынша жалғыз ғана Нобель сыйлығының лауреаты, КСРО азаматы