ҚазақТҰтынуодағЫ


Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері



бет83/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

9.2 Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері.


Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.
Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.
Оның позициясының негізі:

  • экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

  • базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;

  • классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.
Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес.
Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.
Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).
О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді.
Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;

  • 1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;

  • 2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;

  • 3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;

  • 4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;

  • 5-ші – қап тоты құстарына кетеді.

Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.
О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген.
О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет