ҚазақТҰтынуодағЫ


Л. Канторовичтің (1912-1986 жж)



бет56/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

Л. Канторовичтің (1912-1986 жж) шығармашылығы болып табылды. Ол бөлісудің кез келген экономикалық проблемалары нақты бір шектеуде белгілі бір бірлікті максимзациялаудың міндеті ретінде қарастырылуы мүмкін деп көрсетті. Ол экономикалық үрдістердегі салалық және салааралық оптимизациялау міндеттерін шешу үшін, экономикадағы сандық есептің көптеген түрлері үшін қолайлы тізбекті бағдарламау әдістемесін құрды.
Канторович сонымен бірге, тізбекті бағдарламалау моделіндегі туындап қалатын коэффициенттердің (көбейткіштерді анықтайтын) экономикалық мәнін түсіндіріп берді. Олар шектеуші факторлардың шектеулі құнын (пайдалылығын) көрсетті. Сондықтанда олардың сандық мәні бесекелестік нарықтың жағдайындағы факторлық бағасына тең.
Ол тізбекті бағдарламалау міндеттеріндегі қосарланған бағалаудің болатындығын көрсете білді. Бір мезгілде шығынды кемітуге және нәтижені арттыруға болмайды, осының тек біріне ғана қол жеткізуге болады деді.
Экономикалық заңдылықтарды талдауда В.Новожилов (1892-1970 жж) айтарлықтай нәтижеге жетті. Орталықтандырылған жоспарлы экономиканың тапшылық мәселелерін қарастырған ол, тұтынушылар мен өндіріс ресурстарының тапшылығы социализм дәуіріндегі неғұрлым төлемге қабілетті сұраныстар өсе түссе, соғұрлым социалистік кәсіпорындардың шығындармен санаспауынң нәтижесі деген қорытындыға келді.


ТҮЙІН


Бұл тақырыпта өздерінің еңбектерінде классикалық буржуазиялық саяси экономияның жекелеген ережелерін және марксизмнің экономикалық теориясының кейбір идеяларын пайдаланған И. Вернадский, И. Бабет, Н. Каблуков, П. Струве, М. Туган-Барановский, Н. Чернышевский, С. Булгаков және т.б. ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында Ресейде дамыған экономикалық ой-пікірлердің маңызы көрсетілген. Бұлардың негізгі ерекшеліктері, ол орыстың буржуазиялық саяси экономиясының марксизм теориясындай Ресейдегі крепостнойлық қатнасқа қарсы бағытталғандылығы. Осылай Ресейдің саяси ой-пікірі өздерінің белгілі өкілдерінің арқасында әлемдік экономиялық ғылымның алдыығы қатарында болды.
К. Маркстың басты еңбегі «Капитал» Ресейде кең тарап оның алғашқы шолушылары және насихаттаушылары Н.. Зибер, Г. Плеханов, В. Ленин және басқалар болды.
Жалпы алғанда, марксистің революциялық теориясының кеңінен таралуы Ресей үшін дұрыс та және теріс те рөл атқарды. Революциядан кейні ауыр қиыншылықпен барлық халықтың қатысуымен ірі өнеркәсіп қалыптасты, алайда жоспарлы шаруашылықтар социализмның ішкі жасырын пиғылына ие болды.
Мұндай кемшіліктерді Н. Бухарин, А. Чаянов, Н. Кондратьев және басқалар өз еңбектерінде көрсете білді. Осы кемшіліктер жоспарлы экономияны, оны құрған Совет үкіметінің таратылуына әкеп соқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет