Азық-түлік базарларындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қойылатын талаптар
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық - санитариялық сараптама жүргізу үшін базарларда ветеринариялық - санитариялық сараптама зертханалары ұйымдастырылуы тиіс. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Зертхананың техникалық құзыреттілігі Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы заңнамасына сәйкес расталады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында мынадай бөлімдер жиынтығы болуы тиіс:
Қабылдау бөлімі;
2. Қарау бөлімі:
1) ет шикізатын, жұмыртқа мен балықты сараптау үшін;
2) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын сараптау үшін;
3) мүкәммалды жуу үшін;
4) конфискатты сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы бар етті стерильдеу үшін;
5) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтау үшін;
6) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар.
Сойылған жануарлардың ұшаларын, ет өнімдерін, балықты, құс етін сараптауға арналған жұмыс үстелдері мәрмәр үгіндісімен, кафельмен жабылуы немесе мырышталған темірмен қапталуы тиіс. Сүт, сүт және өсімдік өнімдеріне зерттеу жүргізілетін үстелдер мырышталған темірмен немесе тағамдық пластикпен жабылуы тиіс.
Күніне 50-ге дейін сараптаманы жүзеге асыратын зертханалар үшін сүт және өсімдік шикізатын сараптау үшін қарау залын зертханамен, ет шикізатын сараптау үшін қарау залымен етті стерильдеуге арналған үй-жайды біріктіруге жол беріледі.
Зертхана үй-жайлары, өндірістік жабдықтар мен мүкәммал таза ұсталуы тиіс, ылғалды тәсілмен жинау және дезинфекциялау күн сайын жүргізілуі тиіс. Айына бір рет барлық үй-жайларды күрделі жинау және дезинфекциялау арқылы санитариялық күн жүргізіледі және қажет болған жағдайда дератизация және дезинсекция жүргізіледі.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-13) тармақшасына сәйкес Азық-түлік базарларындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына, өнімдерге сараптама актісі толтырылады.
Сараптама актісін толтыру схемасы:
Өнімнің түрі;
МЕМСТ;
Зерттеу әдістері;
Қорытынды
Өнім сәйкес болмаған жағдайда, өтелдеу немесе жою актісі толтырылады.
Сараптама актісі N ____________
Өнімнің келіп түскен күні "______" _________________ 200__ж.
Ілеспе құжаттың тркелу нөмері
N______________________
Өнімнің атауы және сипаттамасы ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жүк салмағы _______________ алынған сынама_____________
шт. тонн. лит. шт.
Зерттеу әдістері және түрлері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сараптау нәтижесі: _____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды _________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сараптама актісін берген күні "___" ____________200__ж.
Сараптама актісінің жарамдылығы "___" ___________ 200 __ж.
Ветеринариялық зертхананың басшысы ______________________________
Ф.И.О. қолы
Бөлім меңгерушісі__________________________________________________
Ф.И.О. қолы
Ветеринарлық сарапшы дәрігер, зерттеуші________________________________
Ф.И.О. қолы
Достарыңызбен бөлісу: |