Азық-ТҮлік өнімдерінің Өзектілігі



бет1/2
Дата27.01.2022
өлшемі22,08 Kb.
#129935
  1   2
Байланысты:
Кумисбай А.
Геология и гидрогеология, 2009 (pdf.io), ОГИГ каз, Геологилық бағанның құрылысы, МАҚАЛА, Тау жыныстары, Гирогеол.карта


АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Күмісбай Әсем, Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының 4-курс студенті, asem.kumisbay@mail.ru

Рыскулбекова Л.М., Технологиялық жабдықтар және стандартизация кафедрасының аға оқытушысы, ryskulbekova.laura@mail.ru
Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «Азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».

Адам ағзасындағы тағам өнімдері ағзаны құрылыс материалымен, тіршілік ету және жұмыс істеу үшін қажетті энергиямен ағзаны, зат алмасуды реттеу үшін қажетті заттармен қамтамасыз етеді.

Адамның әр түрлі тағамдық заттардағы және энергиядағы қажеттілігі, сұранысы еңбек қызметінің сипатына байланысты. Еңбек қызметінің қарқындылығына және қызметінің құрылымына байланысты ескере отырып, тамақтану рационын дұрыс құрастыру үшін, тамақтанудың маңыздылығы өзекті мәселе болып отыр.

Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша соңғы 50 жылда адамзат тарихында технологияның әсер ететін дамуы байқалады. Бірақ бұл даму көбіне қоршаған ортаға зияндығымен іске асты. Әр түрлі өндіріс технологияны интенсивтендіру көптеген табиғат кешендерін экологияға зиян ретінде қолдануды интенсивтендірді. Осыған байланысты қазіргі кездегі технология ғылыми-техникалық прогресс есебімен шетел және отандық ғылыми жетістіктеріне негізделуі керек.

Қойылған мақсаттан шығатын іс-шаралар үшін агро өнеркәсіп коплексімен халық шаруашылығының тағам саласының алдында келесі міндеттері тұр:

Тағам өнеркәсібі өнімдерінің барлық өсірілген егін, мал және құс шығынсыз өндірісін дайындауын, сақтауын қамтамасыз ету;

Өнімді тұтынушыға ыңғайлы таза, қолайлы және әдемі безендіріп ұсыну;

Әр түрлі өнімдер технологиясын әзірлеу соның ішінде арнайы бағыттағы өнімдер технологиясын дамыту;

Халықты балансталған рацион бойынша толық құнды тағаммен қамтамасыз ету;

Өнім өндірісіне жасалатын шығынды неғұрлым азайтып өнімнің өздік құнын минималды ету.

Технологиялық ғылымның міндеті шикізат ресурстары мен уақыттың өнімділігін талап ететін экономикалық өндіріс процестерін практикада қолданумен анықтау мақсатында физика-химиялық, биохимиялык, биологиялық заңдылықтарды табу. Технологияның жетілдірілуі халық шаруашылығында технологиялық процестің үдетуінің маңызды жағдайы болып табылады.

Қазіргі уақыттағы азық-түлік технологиясының дамуының негізгі бағыттарына өндірістің жаңа технологиялық үнемдеуші калдықсыз және аз қалдықты экологиялық таза технологияларды енгізу және дайындау халық шаруашылығының әр түрлі саласының козғаушы күші болып табылады. Сондықтан технология негізін халық шаруашылығының тағам саласы тұтынушысының сұранысын жоғары сапалы экологиялық таза өнімдер мен диеталық және бала тағамының өнімдерімен қамтамасыз ету керек.

Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар; Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау; Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; Азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер; Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін шаралар; Азық-түлік өнімдерінің сапасы тамақ өнеркәсібінде шешуші орын алады.

Сонымен өнімнің сапасы, тек ауыл шаруашылығында ғана емес, әр адамның жеке басының мұқтажын да өтеуге көмектеседі. Өнімнің сапасы өскен сайын республиканың да байлығы өседі. Осыған орай, одан түсетін үнемдік пайда да өседі.

Жануар тектес шикізаттан алынатын азық-түлiк (ет, балық, құс, жұмыртқа және басқа) дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ұлттық (мемлекетаралық) стандарттар мен санитариялық қағидалар мен нормаларда белгiленедi.

Өсiмдiктен алынатын азық-түлiк шикiзатының сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар санитарлық ережелер мен нормаларда және фитосанитарлық ережелер мен нормаларда белгiленедi.

Жоғарыда көрсетiлген талаптар ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне, халықтың тамақтану ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайына, тамақ өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатының ықтимал қауiптi қасиеттерiне, оларды тамаққа пайдаланудан адамдардың денсаулығына зиян келуi қаупiне, сондай-ақ олардың әлеуметтiк және экономикалық зардаптарына негiзделедi.

ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;

ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;

жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және тұздануы;

импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;

табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б.

жағдайларға дайындықтың болмауы;

агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;

ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.

Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін төмендегі шаралар жасалуы қажет:

Қазақстанда азық-түлік саласына терең талдау жасап, әр өнім түрі бойынша елімізде өндірілу, сырттан әкеліну көрсеткіштерін есептеу. Бұл ретте азық-түлік түрлерінің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігі шарттарын ескеру керек;

Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін өндірілетін азық-түлік түрлерінің тек қоймаларда есеп беру үшін сақтап қоймай, жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету;

Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.

• Қорыта айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады. Өйткені, бірде-бір мемлекет халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет