Көмірқышқыл ғазының немесе жоғары қысымды оттегі атмосферасы
J.L.Shank (патент АҚШ № 3442660, патент иесі – «Swift &Company» фирмасы) балғын етті бактериялық өсуін ингибирлеу әдісін ойлап шығарды. Қажет нәтижелерді жоғарғы атмосфералық қысымда көмірқышқыл газы және оттегі in situ газдық атмосферамен өңдеу арқылы алады. Осылай етті өңдеу арқылы бактериялардың өсуін ингибирлейді, соңында еттің рН мөлшерін төмендететін көмір қышқылы түзіледі.
Етті 0,3-5 см қалыңдықта ұсақтайды немесе төртбұрышты қып турайды, барокамераға салады, оған керекті көмірқышқыл газы мен оттегі, 5,2-ден 84 кгс/см2 қысымға дейін жеткізеді. Етті газдық атмосферада 0,5-72 сағат аралығында ұстайды, бұдан кейін етте активті ферменттерді табады.
Достарыңызбен бөлісу: |