Азық-тулік –Өнімдерінің биохимиясы


Липидтердің биологиялың түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі



бет2/4
Дата27.05.2018
өлшемі1,23 Mb.
#40897
1   2   3   4

2.3 Липидтердің биологиялың түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
Липидтер тек ыдырап қана қоймай, организмде түзіле де алады. Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан тұрады: глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда болуы және олардың триглицерид молекуласын құрауы.

Глицериннің пайда болуы. Глицерофосфатдегидрогеназа ферментінің әсерінен фосфодиоксиацетон α – глицерофосфатқа өзгереді.

Глицериннің 60 % - ке жуық шамасы осы жолмен алынады, ал қалған бөлігі пентоза циклінің триоза есебінен алынады.



Жоғары май қышқылдарының түзілуі. Май қышқылдарының биологиялық түзілуі β – тотығуға қарама – қарсы жүреді. Ацетил – КоА соларды синтездеуге арналған шикізат болып табылады. Ол көмірсулардың аэробтық ыдырауы кезінде пайда болатынын білеміз.

Ферменттердің қайтымды әсер ету қасиеті біздерге жақсы мәлім. Соның арқасында тіпті ацетил – КоА – ның екі қалдығын қосудың өзінен – ақ едәуір күрделі бөлшек алуға болады. Сондықтан да, май қышқылдарының β – тотығуын тездететін ферменттер олардың синтезінде жылдамдату керек.

Май қышқылдарының биологиялық түзілуінің екі жолын айыруға болады: митохондриялық ішкі және одан тыс беттерінде.

Митохондрияның ішкі бетіндегі түзілу синтетаза (лигаза) ферментімен катализденеді.

Биологиялық түзілудің екінші түрі митохондриядан тыс жерде – гиалоплазмада өтеді. Оған карбоксилаза ферменті, АТФ, НАНД2 қатысады. Карбоксилазаның простетикалық (белок емес) тобына СО2 қосып алуға қабілеті биотин витамині кіреді. Бұл түзілудің митохондриялық түзілуден айырмашылығы сол: мұнда екі көміртекті сірке қышқылының қалдығынан, яғни ацетил – КоА – дан, молекуласы едәуір күрделі, көміртек атомдарының бұрынғыдан да едәуір ұзын тізбегі бар май қышқылы түзіледі.
2.4 Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
Тканьдер стеридтері экзогендік (азықпен келетін) және эндогендік (организмде пайда болатын) холестерин мен жоғары май қышқылдарынан түзіледі. Холестериннің ең үлкен мөлшері бауырдың, мидың, бүйрек үсті бездерінің тканьдерінде пайда болады.Биологиялы түзілуіне шикізат болып сірке қышқылы, сірке альдегиді, ацетон сірке қышқылы, ацетон, изовалериан қышқылы, мевалон қышқылы және басқалары қызмет етеді. Ацетил – КоА құрылыс блогы болып келеді.

Холестериннің биологиялық түзілуі бірнеше сатылар қатарынан тұрады. Соның бірі изомерлену реакциясы:


изопентилпирофосфат→диметилаллипирофосфат→геранилпирофосфат (С10)→ фарнезилпирофосфат (С15) → сквален (С30) → ланострен → холестерин.
Фосфатидтердің түзілуі. Тканьдерде, клеткаларда жекеленген түрлері: глицеро – инозит – және сфингозинфосфатитер түзіледі. Глицерофосфатидтердің түзілуінің алғашқы сатылары майлардың биологиялық түзілуімен бірдей болып келеді. Пайда болған α, β – диглицеридтері активтелген азоттық негіздермен әрекеттесіп тиісті фосфатидтердің молекуласы құрады.

Активтену мынадай түрде өтеді:



    • азоттық негіздер фосфорланады. Мысалы, холин холинкиназа ферментінің әсерімен фосфорилхолинге өзгереді.

    • фосфорилхолин холинфосфатцитидилилтрансфераза ферментінің әсерімен цитидинтрифосфатпен (ЦТФ) әрекеттесіп цитидинқосфосфат – холинге (ЦТФ – холин) өзгереді.

    • ЦДФ – холин холинфосфатрансфераза ферментінің әсерімен α, β –диглицеридпен реакцияға түсуі фосфатидпен цитидинмонофосфаттың (ЦМФ) пайда болуына әкеледі.

ЦММ ГТФ – аденилатриклаза ферментінің әсер етуімен АТФ – мен әрекеттесіп ЦТФ – қа өзгереді:

ЦМФ + 2АТФ → ЦТФ + 2АТФ.


ЦТФ азоттық негіздердің фосфаттарының жаңа үлестерімен (порциясымен) реакцияға түсіп, ерекше жылдамдатқыштық қызмет атқарады. Қалған фосфатидтердің түзілуі осындай ұқсастықпен өтеді. Ең жоғары дәрежеде алмасу фосфатидтерге өте тән қасиет.

Гликолипидтердің түзілуі. Барлық гликолипидтердің ішінде әбден толық зерттелгенге цереброзидтер жатады. Бұл процеске көптеген ферменттер, коферментер, магний иондары және т.б. заттар қатысады.

Реакциялар мынандай бірізділікпен өтелді:

1) пальмитил – КоА – дан пальмитил альдегиді пайда болады;

2) пальмитин альдегидінің серин амин қышқылымен қоюлануымен (конденсациялануынан) дигидросфингозин пайда болады;

3) дигидросфингозин сутексізденеді де сфингозинге айналады;

4) сфингозиннің ацилдену реакциясына душар болуынан церамид пайда болады;

5) церамид УДФ – галактозамен реакцияға түсіп цереброзид түзеді.
2.5 Липидтер алмасуының реттелуі
Липидтердің алмасу процестері жүйкелік және гуморальдық жолмен реттеледі. Орталық жүйке жүйесі липидтердің алмасуына тікелей немесе ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді.

Үлекен ми сыңарларының қыртысы вегетативтік жүйке талшықтары арқылы липидтердің қорытылуын, сіңуін, биологиялық түзілуін және олардың жұмылдырылуын (мобилизациясын) реттейді. Мысалы, симпатиалық жүйкелерді қоздыру қордағы майлардың ыдырауын үдетеді, ал парасимпатикалық жүйкенің қозуы, керісінше, олардың қорға жиналуына мүмкіндік туғызады.

Орталық жүйке жүйесі липидтердің алмасуына тигізетін әр түрлі гармондардың әсерлерін реттейді. Жекелеген гармондар липидтердің организмде қорға жиналуын қамтамасыз етсе (мысалы, инсулин майлардың жиналуына мүмкіндік береді, липокаин – фосфатидтердің) басқалары олардың ыдырауына жағдай жасайды. Бұл құбылыстар липидтердің алмасуына белгілі бір әсерлі бағыт беру үшін қолданылады. Мысалы, майлардың организмде қор ретінде жиналуы көздеу мақсатымен ауыл шаруашылық малдарын піштіру, организмге инсулин жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Малды бордақылау, оның етінің сапасын жақсарту мақсаттарын көздейтін жұмыстар – экономика тұрғысынан алғанда тиімді шаралар.

Липидтер алмасуының үдемелілігі және бағыттылығы азықтың да құрамына байланысты. Азықтағы көмірсулар мен майлардың ең жоғары мөлшері майлардың тым көп жиналуына әкеледі. Азықта метионниннің жетіспеуі липидтердің алмасуын бұзады, сол себептен бауырды май басады.
2.6 Липидтер алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
Липидтердің алмасуы көптеген инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын ауруларда бұзылады.

Липидтер алмасуының аурулары ас қорыту, сіңу, липолиз және биологиялық түзілу поцестерінің нейрогуморальдық ретелуінің бұзылуынан байқалады. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің, қалқанша безінің, жыныс бездерінің гипофункциясында, яғни аз мөлшердегі өндірісінде майлардың потолтогиялық (сырқаттық) қолдануы туады.

Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің ми қабатының гиперфункциясында, яғни көп мөлшердегі өндірісінде майлар жоғарғы дәрежеде ыдырайды және организм кенеттен арықтайды.

Дұрыс құрылмаған рациондар алмасу бұзылуының жиі себептері болып келеді. Азықта липотроптық заттар (холин, метионин, липокаин) аз болса, бауырды май басады. Бұл қосындылар бауырды май басуға бөгет жасайды, май мен май тәрізді заттардың түзілуін өзгерте алады.

Май қышқылдарын қорытылуы мен сіңірілуінде өт қышқылдарының қандай қызмет атқаратынын біз жоғарыды айтып кеттік. Егер өт қышқылдарының онекіелі ішекке бөлініп шығуы тоқталса, немесе азайса, онда бұл майлардың қорытылуына және сіңірілуіне соншалықты әсер етеді. Соның нәтижесінде майда еритін витаминдер сіңірілмей, организм авитаминоздық күйге түседі.

Липидтердің алмасуы малдың кетоз ауруы кезінде бұзылады. Глюкозаның, глицериннің, май қышқылдарының ыдырауының аралық өнім – ацетилкоэнзимнің пайда болатыны біздерге белгілі. Организмнің қалыпты жағдайында осы аралық өнімнің барлығы дерлік Кребс айналымында ыдырауға ұшырайды.



  1. Нуклеин қышқылдарының биохимиясы

Тұқым қуалаушылықтың заңдары мен материалдық негізін тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1865 жылы чех ғалымы монах Грегор Мендель ашқан болатын.

Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі клетканың ядросында орналасады. 1869 жылы Австрия биохимигі Фридрих Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеттері бар затты бөліп шығарды. Оны нуклеин қышқылы (латын сөзі «нуклеус»-ядро) деп атады.

Нуклеин қышқылдары – үлкен молекулалы қосылыстар, нуклеотид мономерлерінен тұратын биополимерлер болып келеді.

Тірі клеткаларда нуклеин қышқылдарының екі түрі кездеседі – дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин (РНК).

Нуклеин қышқылдарының құрылысы. Нуклеин қышқылдарының құрылысын зерттегенде гидролиз реакциясы өте маңызды роль атқарады.



Нуклеопротеид




Пуриндік негіздерге аденин (6-аминопурин) және гуанин (2-амино 6-оксипурин) жатады.
Пиримидиндік негіздерге урацил (2,6 диоксипиримидин), тимин (2,6 диокси 5-метил-пиримидин), цитозин (2-окси 6-амино-пиримидин) жатады. Моносахарид дезоксирибозаның рибозадан айырмашылығы бар. Онда карбонил көміртекпен көршілес жатқан көміртекте оттек атомы болмайды. Яғни, бір гидроксиді кем деген сөз.

Азот негіздері рибоза, немесе дезоксирибозамен қосылып нуклеозид түзеді. Құрамына азотты негіз, рибоза мен дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады. Азоттық негіздердің нуклеозид және нуклеотид аттары төменгі кестеде көрсетілген.


Кесте 1-Нуклеозид және нуклеотид заттары


Азоттық негіздер

Нуклеозид (негіз+көмірсу)

Нуклеотид (нуклеозид+Н3РО4)

Қысқартылған белгілері


Аденин
Гуанин

Пуриндік



Аденозин
Гуанозин

Аденил қышқылы

Гуанил қышқылы



АМФ, АДФ, АТФ

ГМФ, ГДФ, ГТФ




Тимидин
Урацил
Цитозин

Пири-


мидин

дік



Тимидин
Уридин
Цитидин

Тимидил қышқылы

Уридил қышқылы

Цитидил қышқылы


ТМФ, ТДФ, ТТФ

УМФ, УДФ, УТФ

ЦМФ, ЦДФ, ЦТФ


Енді, нуклеин қышқылдарының молекуласы қалай құрылады, соған тоқталайық.

Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін жеке нуклеотидтер өзара жалғасып ұзын тізбек (полинуклеотид) түзеді. Жекелеген нуклеотид құрылыс «кірпіші» ретінде пайдаланылады. Пентозаның 3-көміртегіндегі ОН тобы және фосфор қышқылы арқылы нуклеотидтер өзара байланысады.

Сондықтан, нуклеин қышқылдары нуклеотидтердің полимерлері, ал жекелеген нуклеотидтер мономерлер деп аталады. Осындай әдіспен мононуклеотид қалдықтары байланыса алады.

Нуклеин қышқылдарының алуан түрлілігі, ал химиялық және биологиялық қасиеттері, оларды құрайтын нуклеотидтердің құрамына, мөлшері мен сапасына байланысты.

ДНК-ның құрылысы. Дезоксирибонуклин қышқылы екі полинуклеотидтік тізбектен тұратын оралым (спираль) тәрізді ширатылған молекула. 1953 жылы жас американдық биохимик Джеймс Уотсон мен физик Френсис Крик ДНК молекуласының құрылымдық моделін жасап, халықаралық нобель сыйлығына ие болды.

ДНК – нуклеотидтердің полимері күрделі зат. Оның мономерлері – нуклеотидтер. Нуклеотидтердің құрамына азоттық негіз (аденин, гуанин, тимин, цитозин), көмірсутек – дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіреді. Нуклеотидтер тек азоттық негізднрмен ажыратылады да, солардың бас әріптерімен белгіленеді (А, Г, Т, Ц).

Уотсон мен криктің моделі бойынша ДНК молекуласы бір оське бағытталған оралым тәрізді оңға қарай айнала оралған екі тізбек (қос оралым) болып келеді. Тізбектер түзілгенде, бір нуклеотидтің фосфор қышқылының қалдығы келесісінің дезоксирибозасымен ковалентті түрде байланысады, яғни фосфат көпіршесі арқылы. Екі тізбек азоттық негіздер арқылы қосақтала алады.

Сол себептен қос тізбекті оралымның сыртына орналасады. Бір тізбектің негіздері сутектік байланыстар арқылы екінші тізбектің негіздерімен байланысқан. Бұл сутектік байланыс бірін бірі толықтырып тұратын комплементарлық принцип бойынша қалыптасады: Аденин (А) тек Тиминмен (Т), ал Цитозин (Ц) тек Гулинмен (Г).

Э. Чаргаффтың (1952 ж) заңы бойынша ДНК молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестіліктің бар екенін көреміз:

1 ДНК молекулаларындағы адениннің мольдық мөлшері гуаниннің мольдық мөлшеріне тең – А : Г=1.

2 ДНК молекулаларындағы гуаниннің мольдық мөлшері цитозиннің мольдық мөлшеріне тең – Г : Ц=1.

3 шыққан тегіне байланыссыз әр түрлі ДНК-ның молекуласындағы пурин негіздерінің қосындысы пиримидин негіздерінің қосындысына тең:






(3)

4 ДНК молекуласындағы пурин және пиримидин негіздеріндегі 6 аминтобының саны 6 кето тобының санына тең.



1962 жылы А. Н. Белозерский және А. С. Спирин нуклеотидтік құрамдардың айырмашылығын сипаттау үшін ерекшелік (специфичность) коэффициенті деген ұғымды енгізді. Бұл ерекшелік коэффициенті ДНК молекуласындағы ара қатысын белгілейді.

Мысалы, жануарларда және өсімдіктерде ДНК-ның АТ-типтікқұрылысы басым болып келеді - . Микробтарда бұл коэффициент күшті айқындалған (мәнерленген) АТ-типтен () күшті айқындалған ГЦ – типке () өзгереді.

ДНК-ның біріншілей құрылымы деп, оның молекуласындағы нуклеотид қалдықтарының белгілі тәртіппен (ретпен) кезектесіп қайталануын айтады.

ДНК-ның екіншілей құрылымы – оның спиральдік құрылымы, яғни көптеген дезоксирибонуклеотид тізбектерінің оралым түрінде болатындығы. Әр тізбек былай оралған: оралымның әрбір орамы 10 қос нуклеотидтерден тұрады, бір орамның ұзындығы 3,4 нанометр (нм) болады. Оралымның диаметрі - 2 нм.

ДНК-ның үшіншілей құрылымында оралым кеңістікте бүктеліп қалады.

ДНК-ныің негізгі биологиялық қызметі белок синтезделгенде оның құрамын реттеу және тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

ДНК клеткадағы ядроның құрамындағы хромосомдарда болады. Хромосома деп аталуы (грекше «хрома» - түс, «сома» - дене) оның жақсы боялуына байланысты.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет