- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді
бет 4/4 Дата 04.12.2022 өлшемі 0,94 Mb. #161139 түрі Өмірбаяны
Байланысты:
Суюнхан Ж - Е, қарындас , мәнді сөзден мән шығады , бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді. Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен: - Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз , оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес , Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер , Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті. Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: - Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы: - Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман. Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман. Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз. Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз. Достарыңызбен бөлісу: