Қазығұрт аудандық Оқу әдістемелік кабинеті



бет2/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,96 Mb.
#28690
1   2   3   4

Авторы: Таженов С.

Қазығұрт ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі дене тәрбиесі пән бірлестігі жетекшісі.

Пікір жазғандар:

Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі

Дүйсенов Серік.
Бұл ұсынылып отырған кітапта дене шынықтыру сабақтарындағы пайдаланылатын құралдар мен ашық сабақтар жақсы көрсетілген.

Ұсынылған әдістемелік құрал оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық деңгейін көтеру мүмкіндіктерін туғызатын құрал ретінде ұсынылған. Бұл еңбек оқушылардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын, ой – өрісін арттырады. Кітап көпшілік қауымға, мұғалімдерге және оқушыларға арналған.

Қазығұрт аудандық әдістемелік кабинет кеңесінің 2008 жылы мамыр айының күнгі шешімімен баспадан шығаруға келісім берілді.

2

Пайдаланған әдебиеттер:




  1. Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі 6 - сынып.



  1. Мектептегі дене тәрбиесі. №5 20007 жыл.



  1. Ұлттық ойындарды пайдалану әдістемелік кітап.

Мазмұны:
1. Алғы сөз 3бет

2. Дене шынықтыру сабағында ұлттық

ойындардың пайдасы 4 – 11 беттер

3. Оқу тәрбие негіздері туралы 12- 13 беттер

4.Сабақтың бөлімдері 14 бет

5. Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет 15 бет

6.Бүгінгі ұстаз келбеті 16-17 беттер

7. Ашықсабақтар жоспары 18-25 беттер

8. Қорытынды 26 бет

9. Пайдаланған әдебиеттер 27 бет.

27
Қорытынды:


Қорытынды ретінде айтарымыз әрбір сөздің мағанасы, мәнін дұрыс пайдаланайық демекпін. Бұрын тіліміз шұбарланған кездегі пада болған термин, ұғымдарды, сөздерді түзеп, дұрыстап алайық. Өйткені ол кезде ғылыми, негізгі пән «дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі» қазақ тіліне аударылғанда, қазақ тілінде дамымады. Ал пәнді, сол саланы ұқпай, терең түсінбей аударылған. Ұғымдар дұрыс болмайтынын бәріміз түсінеміз. Аударма кезінде сөз бен сөз емес, сөйлемнің, ойдың мағанасы аударылатынын бәріміз білеміз. Осы жоғарыда айтылған дене мәдениеті спорт саласында жиі кездесетін нігізгі ұғымдарды дер, кезінде аударып, қазақтың бай сөздерінен байланысын дұрыс тауып алсақ, дене тәрбиесінің, спорттың теориясы дұрыс дамиды, дұрыс бағыт алады, сөздік қоры байи түседі. Одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз.Аталған істерді қорыта келсек, ол өсіп келе жатқан ұрпақты жан жақты дамыған елу елдің қатарына қосары сөзсіз, жастарымызды отаншыл жандар тәрбиелеуге есебін үлесін қосатын ықпалды құрал.

26

Алғы сөз.



Таженов Сапаралы Дүйсенқұлұлы 1966 жылы 26 мамыр ОҚО Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келді. 1983 жылы Шымкент физкультура техникумына түсіп, 1984 жылы әскери борышын атқарып, 1986 жылы Шымкент физкультура техникумын жалғастырып, 1987 жылы дене тәрбиесі пәні бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1988 жылы №23 ТУ-де дене тәрбиесі пән мұғалімі болып бастады. 1989 жылы ДЮСШ-да бапкер болып, осы жылы қыркүйек айынан бастап ДОСААФ мекемесінде спорт нұсқаушы болып істеді. 1993 жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде еңбек етіп келеді. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол оқушылардың жан – жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді. Таженов Сапаралы көп жылғы еңбегінің арқасында жұмыс істеу нәтижесінде практикалық – педагогикалық жетістіктерге қол жеткізіп, қазіргі заман талабына сай жұыс істеп келеді.

Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді.

3

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындардың пайдасы.



Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстұрі, әдет-ғұрпы, тәрие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланы дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артады

Ойынның құрылымы бойынша түрлері өте көп:

  1. Жаттығу ойындар.

  2. Драмалық ойындар.

  3. Шығармашылық ойындар.

  4. Әдеби - музыкалық ойындар

  5. Білім беретін ойындар.

  6. Тәрбиелейтін ойындар.

  7. Дамытатын ойындар.

  8. Жеке тұлғаның әлеуметтендіретін ойындар.

  9. Диагностикалық ойындар

  10. Логикалық ойындар.

  11. Ұлттық ойындар.

Ойын – оқушы білімін, дене бітімін берік етіп қалыптастыру құралы.

Педагогика ғылымда ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның денсаулығынның, өмір сүруінің маңызды бір түрі.

Ойын арқылы кез келген адам зат іс - әрекетке түседі.

4


Негізгі бөлім

Тапқырыбы: «Ұлттық ойындар». Арқан тартыс Бұл ойынды жаздыкүні далада ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метірлік екі ұшы түйілген арқан дайдаланады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі – сызықтың үстінен келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің кетінен бірі қос қодап тұра қалады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жақа қарай тартады. Команданың ортадағы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығады.

25 минут



Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болады. Ойыншылар өз ара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Қорытынды бөлім

Тынысты қалпына келтіру үшін арналған дайындық жаттығулары.

Үйге тапсырмасын беру.





5 минут





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет