20
уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл – қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол – сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде.
Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы болып та табылады. Қай жаттығу болмасын, қай ұлттың перзенті болмасын, әр ұлт өзінің ұлттық ойындарын тиімді пайдаланғысы келеді, менің де мақсатым сол.
Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан – жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын болсақ, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады. Сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі, өйткені оқу мен тәрбие егіз, үздіксіз процесс.
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану мұғалімнің күнбе – күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Өздеріңізге белгілі гимнастика сабағы «сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру» сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру, қатарда бір – бірден жүру т.б. толып жатқан ұғымдарды
9
бірінші күннен бастап тусіндіре қою қиынға соғатыны белгілі. Мәселен, оның мұғалім үшін қиындығында емес, балаларды меңгеріп алуының күрделілігінде. Сондықтан алғашқы 10-15 минутта мұғалім ұлттық ойындардан бастап, балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір –біріне жақындаса бастаған кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн.
Алғашқы бірнеше сабақ бойы мұғалім ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға көшіп, қайтадан негізгі материалды өтеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Бұл, әрине, мұғалімнің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуді күні ілгері егжей – тегжейлі ойластыруына сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты.
Зерттеу мен тәжірибелерге қарағанда ұлттық ойындарын сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс түсініп, ұғынуына негізделеді. Осы сабақ үстінде ойнап, жаттыққан жаттығуларын оқушылар сабақтан тыс уақыттарында қайталап отыруына болады. Ол үшін мұғалім үйге тапсырма бергенде тиянақты ескерту керек, соңында келесі сабақта жаттығуларды кім қайталады, оның нәтижесін көріп, бақылауына болады. Бала назары тұрақты болмайды. Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша қайталай береді. Ал, мұғалім балалардан жаттығуды өз беттерімен жасауын талап еткенде олардың көпшілігі дұрыс орындалады. Содай-ақ, олардың қимыл бірлігіде бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару
10
№
|
Сабақтың мазмұндамасы
|
t'
|
Әдістемелік
нұсқаулар:
|
Дайын
дық бөлімі
Негізгі бөлім
|
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Баяндама қабылдау.
Сәлемдесу, тізім бойынша тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
2. Саппен баяу жүру, жүгіру.
- оң жақ қырымен жүгіру
- сол жақ қырымен жүгіру
- артқа қарап жүгіру
- жүгіріп келе жатып жасалатын жаттығу
- бір орнынында тұрып ЖДҚ жат-лары.
Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Асық ойыны. “Алшы ойыны„
“Алшы ойынының„ ойнаушыларына шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып. Ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез – келген жағына жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екі түрлі түссе онда алмайды. Ол атуды тоқтатып
|
5'
10'
5-6 рет
5-6 рет 10-12рет
25'
|
Оқушы
лардың киіміне көңіл күйіне назар аудару.
екі қолды алдыға айналдыру
екі қолды артқа айналдыру
басты оң иықтан бұру
әрбір асықшы ойын шартымен ойнау шартты
|
19
Алшы Тауа Омпа
Пук Шик Омпа
Ашық сабақ жоспары.
(6 – сыныптар үшін)
Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Асық ойыны. “Алшы ойыны„
Мақсаты: 1. Батылдыққа, ептілікке, күштілікке баулу.
2. Ойнау қабілетін, қимыл – қозғалыс шапшаңдығын арттыру
3. Ұлттық ойынға деген құштарлығын ашу.
Өткізілетін орны: Спорт зал.
Өткізілетін уақыты: 45 минут.
Көрнекілік құралдар: асықтар, сызық.
18
үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда біртіндеп ұлттық ойындарға көшкен жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын да ескерту орынды.
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп табалдырығын алғаш атап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене шынығу сабағын сүйіп оқуына, қатысуына жету үшін ұлттық ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық ойындарды бағдарламаның «Қимыл ойындары» деген бөлімінде ғана падаланылатындай етіп қана қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, соымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезендеріне орай пайдалануға болады. Мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойындарын іріктеп оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс. Дене шынықтыру сабағында ұлттық, халық ойындарын пайдалану жас өспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан – жақты дамуына, сана сезімінің өсіп, жетілуіне оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер тигізеді. Мектептегі оқушыларының сабақ үстінде
11
алатын білімін тәрбиесін жалғастыратын кезең сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері болып табылады.
Оқу тәрбие негіздерінде бір - бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі – ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін, тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Мектептегі сабақпен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсатарының бір айырмашылығы – тек ұйымдастыру әдістемелік жағында ғана екенін естен шығармауымыз керек. Сабақтан тыс уақытта өтілетін тәрбие жұмыстары, ұлттық ойын түрлеріне дәйекті бола бермеиді. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойындарға әр уақытта мұғалім тарапынан қадағаулар, басшылық болып отырулары қажет. Бала ағзасы қимыл – қозғалыссыз тұра алмайды. «Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген». Сондықтан да, мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Оқушылары сабақ уақытында алған тәлім – тәрбиесі, оның саналы игеруі де сабақтан тыс уақытта, көпшілік орындарда қарым – қатынасына, үлкендерді сйлауына байланысты көрініс табады. Мұғалім ойын түрлерін іріктеп алады да, оқушылырды алдымен ойын мазмұнымен таныстырады.
Содан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында, сыныптан тыс, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың
12
біліуіміз қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл – ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық үрдіс, қарым – қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес олардың апта бойына біркүндік жұмыс жасау мүмкіндігі әртүрлі және өзгеріссіз болады. Апта ішінде сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сәтті күндер, ал дүйсенбі, жұма, сенбі күндер ауыр күндер болып есептеледі. Соған сәйкес апталық және біркүндік сабақ кестесін құрып уақытта оқушылардың мектептегі жұмыс уақытына жоғары талап қоя білуіміз керек. Бала шаршамауы үшін пәндер кезектесіп берілуі керек. 1-пәннен 2-сағат, немесе бір – біріне ұқсас пәндер қатар қойылмауы керек. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Дене шынықтыру сабағын қай сабаққак қою тиімді. Ең оңай, керексіз пән деп қалаған күні, қалаған сабаққа, қалаған уақытқа қояды. Тиімді жолы қайсы? Қай кезеңде, қай уақытта өтілуі тиіс? Әрбір оқу күнін 10-15 минуттық спорттық гимнастикадан бастаған дұрыс. Балалардың ойлау қабілетінің жақсы жұмыс істеуіне және шаршауына әсері зор.
17
мәселе қою
ой бөлісу
пікірлер шкаласы
бақылау, бағалау
соңғы нәтиже
“Өте жақсы„ жетістіктерге жету үшін “бүгінгі ұстаз келбеті„ қандай болуы керек? ...
Бүгінгі ұстаз келбеті
тәлім –тәрбие әдістерін меңгеруші
балаға деген сүйіспеншілігі мол
ұйымдастырушылық қабілеті зор
жан – жақты ізденімпаз
білімділігі зор, кең
оқушымен үздіксіз қарым –қатынаста болуы
жеке ерекшелігімен ерекшеленіп тұруы керек.
Өйткені ұстаз – іздену барысында ғана - “ұстаз„. Ұстаз: - үйретеді, үйренеді, іздейді, ізденеді, іздестіреді, біледі, сұрайды, білгенін үйретеді, нәтижесін көреді. Кез – келген ойынның мақсаты, міндеті, сұранысы, нәтижесі болады.
Нәтижесіз жұмыс – білімсіз ұстаздардың жемісі.
Әрбір нәтижелі жұмыс мұғалімнің шығармашылығы, жеке тұлғаның шығармашылығы, ұжымның үздіксіз әрекеті, ұйымшылдығы, бірлігі болмақ. Ал әрбір сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орны ерекше екенін
16
жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мұғалімдер ұжымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында
төзімділік, шыдамдылықпен ұстанымдылық өзін - өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынандай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады.
«Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Жаяу көкпар», «Жалау алу» т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет – ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл ойдың, мидың қабылдау процессіне де әсер етеді. Дене шынықтыру кезінде және сабақтан тыс уақытта ұлтттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады.
Осы кезеңдерді жеке жеке қарастырып көрсетейк әр ойын 3-4 бөлімнен тұрады. Егер де дене шынықтыру пәні 45 минуттан өтетін болса, ол 4 бөлімнен тұрады.
13
Кіріспе бөлім (5 минут)
Бұл кіріспенің міндеті – ойынның қысқаша мазмұнымен таныстыру. Ойындардың аттарын атап, ережелерімен таныстырып, оқушылармен сәлемдесу, ойынға әзірлеу.
Дайындық бөлім ( 10 минут).
Мұнда оқушылардың дене құрлысын икемге келтіріп, негізгі ойынға дайындау. Бой жазу жаттығуларын жасату. Осы бөлімде ұлттық ойында кездесетін кейбір жеке қимылдарды қайталатқызуға болады.
Негізгі бөлім ( 25 минут).
Бұл бөлімде оқушыларға қазақтың ұлттық ойының үйрету және олардың дайындықтары ескеріледі. Қазақтың ұлттық ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу де кездеседі.
Қорытынды бөлім.
Бұл бөлімде ойынды біртіндеп аяқтап, жүктеменің мөлшерін кемітеді. Ойыннан кейін мұғалім оқушыларды бірден демалысқа шығаруға болмайды. Өйткені, ондай жағдайда балалардың қан айналымының бұзылуына себепкер болуы мүмкін сондықтан ойын соңында жай жүгіріп немесе жүріп өту, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар жасау керек.
Ойын қорытындыланып, үйге тапсырма береді. Ойын баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшелкіетеріне
14
байланысты. Ұлттық ойындар – халықтық мол қазына.
Сондықтан мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Баланың әдепті, көрегенді, қарапайым, қацырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналасына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.
А) бала ұстаған заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс.
Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет
Б) мұғалімнің жеке басының үлгі - өнегелі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды.
В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы.
Ұлттық ойындардың кез – келгенін тиімді пайдаланудың нәтижесі қандай болмақ? Жеке тұлғаға бағдарланған әрекеттің соңғы нәтижесі қандай болмақ?
Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет.
ұйымдастыру
қызығушылықты ояту
бағдар беру
үлгіні көрсету, түсіндіру
15
Достарыңызбен бөлісу: |