54
3.3 3-стратегиялық бағыт: Ұйымның өнімділігін арттыру
Мақсаты: Операциялық процестерді жақсарту арқылы жоспарланған рентабельділік
пен шығынсыздық деңгейін сақтай отырып, ҚКМ-ның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету
Соңғы үш жылдағы ҚКМ-ның инвестициялық және қаржылық қызметін талдау
нәтижесінде, ҚКМ өнімділігін арттыру үшін келесі стратегиялық міндет анықталды:
*
Әрбір инвестиция бойынша тәуекелсіз мөлшерлеме деңгейінен жоғары кірістіліктің
оң нормасын белгілеуге және инвестициялар коржыны құнының жылдық 1-ден жоғары
мультипликаторына қол жеткізуге бағытталу:
Әрбір инвестиция бойынша кірістіліктің оң нормасына қол жеткізу инвестицияларды
пробелсеңді басқаруды талап етеді. Осы мақсатта ҚКМ және ЕҰ Инвестициялық комитетінің
(бұдан әрі – ИК) бизнес-процестерін жетілдіру қажет. Осы жұмыс шеңберінде Due Diligence
өткізу алдында сапалы сүзгі/ақпарат алмасу процесі енгізілетін болады, ҚКМ және т. б.
қатысуымен ИК қорларын құруға жәрдем көрсетіледі.
Бұдан басқа, ҚКМ-ның кэптивті қорларын дамыту қажет. Құнды құруға және
инвестициялардан шығуға фокус құру үшін кэптивті қорларда орналастырылатын капиталдың
нысаналы кірістілігін нақты түсінуді дамыту талап етіледі. Бұл процесс жүзеге асырылатын
инвестициялардың ағымдағы табыстылық деңгейін қайта қарауды қамтиды.
Оң инвестициялық кіріс алу үшін бөлінбеген пайда мен қарыздар есебінен кейіннен өсу
мақсатында ақша ағындары мен таза пайда әкелетін инвестициялық бизнес-жоспарды және
портфельдің нысаналы құрылымын келесі 3-5 жылға сапалы әзірлеу талап етіледі.
ҚКМ инвестициялық қызметінің шығынсыздығын қамтамасыз ету үшін Холдингтің тиісті
талаптарына сәйкес корпоративтік басқару жүйесін, тәуекелдерді басқару жүйесін, АТ жүйесін
үнемі жақсартуға ұмтылады. Сонымен қатар, ҚКМ қызметкерлерді оқыту және дамыту
жоспарын тұрақты түрде құрады. Сондай-ақ, ҚКМ өзінің бизнес-процестерін оңтайландыру
үшін тұрақты жақсарту және үздік әлемдік практикаларды ұстану қағидатын басшылыққа
алады.
Достарыңызбен бөлісу: