11-кесте: ҚКМ-ның инфрақұрылымдық активтер нарығына қатысуының негізгі опциялары Кэптивті команданың басқаруымен жергілікті институционалдық инвесторларды және/немесе халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, климаттық өзгерістерге митигациялау және бейімдеу саласындағы жобаларға бағдарланған қор/платформа құру Инфрақұрылымға, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларға инвестициялар үшін институционалдық инвесторлармен МЖӘ қорын/платформасын құру Сипаттамасы МЖӘ жобаларына және митигация мен климаттық өзгерістерге бейімделу
саласындағы жобаларға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалануды шектеу
үшін
басқа
институционалдық
инвесторлардың
міндеттемелері
бар
қор/платформа, сондай-ақ жобалық қаржыландыру саласында елеулі тәжірибесі
бар мамандардан тұратын арнайы команда құру талап етіледі:
*
Меншік: қордағы/платформадағы үлес, қалған қорды институционалды
инвесторлар тартуы тиіс
*
Қаржыландыру: Инвестициялардың өтімділігін ескере отырып, Жасыл
климаттық қордан (бұдан әрі - ЖКҚ) қаражат тарту қарастырылуда (ЕҚДБ
Қазақстанда осындай жобалар үшін ЖКҚ мен Климаттық Инвестициялық
Қордан (ҚИК) қаражат тарту тәжірибесі бар)
*
География: Қазақстан/ Орталық Азия
*
Рөлі: механизм құрылымын өзгерту арқылы МЖӘ жобаларын іске асыруға
ықпал ететін жағдайларды жасауға белсенді қатысу
*
Жобаны әзірлеу құралы: Үкімет немесе халықаралық ұйымдар тарапынан
өтеусіз қаржыландыру есебінен инвестициялық жобаларға тән тәуекелдерді
ескере отырып, жобаларды әзірлеу механизмін құру
*
Инвестициялау құралы: Үлестік қаржыландыру. Бұл бастама ҚКМ-ге нақты
бастамаларды іске асыру үшін капиталды жұмылдыруға, сондай-ақ МЖӘ мен
инфрақұрылымдық сектор саласында үлкен сараптаманы дамытуға көмектесетін
болады. Сонымен қатар, операциялық активтерді сатып алу және сонымен бірге
жергілікті инвесторлар үшін тұрақты кіріс ағынын қамтамасыз ете отырып,
халықаралық инвесторлар үшін шығу мүмкіндігін құру үшін Yield Co (негізінен
ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша болжамды ақша ағындарын қамтамасыз
ететін операциялық активтерді иелену үшін құрылған компания) құру мүмкіндігі
бар. ҚКМ-ның жобаларға қатысуы шектеулі екені байқаулардың бірі болып
табылады. Алайда, бұл жағдайда қаржыландыру құрылымында орынды
қамтамасыз ету үшін инвесторлар мен несие берушілерді тартуда неғұрлым
белсенді рөл қабылдау талап етіледі.
МЖӘ бағдарламаларына бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалануды
шектеу үшін (МЖӘ механизмі білдіретін) басқа институционалдық
инвесторлардың міндеттемелері бар инвестициялау механизмін немесе
қорды құру және МЖӘ командасының тәжірибесі мен сараптамасын
пайдалану ұсынылады:
*