Қазына Капитал Менеджмент


ҚКМ 2017-2020 жылдардағы қаржы-экономикалық қызметі



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата28.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#170473
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
Стратегия развития кк
қыз сыны (2), Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы, Химия пәнінен тест тапсырмалары жинағы (1)
1.2.2 ҚКМ 2017-2020 жылдардағы қаржы-экономикалық қызметі
2017 - 2020 жылдар аралығындағы ҚКМ қызметінің қаржылық жай-күйі мен тиімділігін 
талдау ҚКМ аудиттелген қаржылық есептілігі негізінде жүргізілді. 
 
31 диаграмма: ҚКМ қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау 


31 
Активтер көлемінің ұлғаюы ең алдымен негізгі қызметтен және қазынашылық портфелінен 
ақша қаражатының түсуіне байланысты. 2017-2020 жылдары активтердің өзгеруі 34%-ды 
құрады, ал 2019-2020 жылдары өсім 2%-ды құрады. 
2020 жылдың соңына капиталдың шамасы таза кіріс алу және қазынашылық портфелінің 
әділ құнын қайта бағалау есебінен 141 330 млн теңгені құрады. Аудиттелген қаржылық 
есептілікке сәйкес, 2020 жылы 2 505 млн теңге сомасында оң қаржылық нәтиже (таза пайда) 
алынды, бұл ретте, пайыздарды, салықтарды және амортизацияны төлегенге дейінгі пайда 
(EBITDA көрсеткіші) 4 281 млн теңгені құрады. 
32 диаграмма: ҚКМ кірістері мен шығыстарының жиынтығы 
Дереккөзі: ҚКМ басқарушылық есептілігі 
2020 жылы дивидендтер, Islamic Infrastructure Fund, Kazakhstan Capital Restructuring Fund, 
Wolfensohn Capital Partners және Baiterek Venture Fund қорларының жобалары бойынша 
инвестициялардың өсімінен, қазынашылық портфелінен, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыру 
бағдарламасын іске асыру аясында берілген қарыздардан табыстар алынды. 
2020 жылмен салыстырғанда 2019 жылы жалпы шығыстардың өзгеруі ТИҚ-қа 
инвестициялардың әділ құнын қайта бағалаумен, пайыздық-валюталық айырбаспен және 
бағалы қағаздарды өткізумен байланысты. 
2017-2020 жылдары еңбек өнімділігінің көрсеткіші 139 019 мың теңге/адамнан 271 513 мың 
теңге/адамға дейін құбылып отырды. 2020 жылы еңбек өнімділігі көрсеткішінің өзгеруі негізгі 
қызметтен түсетін жалпы кірістің және қызметкерлердің орташа санының - 43 адамның 
ұлғаюымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет