Қазір жаңа ойдың жетегіне еру үшін ыңғайлы орта керек. Сол үшін әлем елдері теd X форматын ұсынды. Еркін ойлай алатын, айтар ойын аудиторияға ашық жеткізетін адамдардың идеясын тыңдау, тәжірибесіне құлақ тосу



Дата30.11.2019
өлшемі48,66 Kb.
#52773
Қазір жаңа ойдың жетегіне еру үшін ыңғайлы орта керек. Сол үшін әлем елдері ТЕD x форматын ұсынды. Еркін ойлай алатын, айтар ойын аудиторияға ашық жеткізетін адамдардың идеясын тыңдау, тәжірибесіне құлақ тосу. Әрине, мұның белгілі бір деңгейде пайдасын сезініп жүргендер баршылық. Елімізде де бұл форматтағы кездесулер мен байқаулар өтіп те жатыр. Қызылорда қалалық білім бөлімі де еркін форматтан алыс емес. Жақында жас ұстаздардың арасында білім саласын жаңаша дамытуға қажет идеялар байқауын ұйымдастырды. Білім бөлімінің басшылығына келген Ақзира Бақтыбайқызы  жаңашыл жастардың арасынан үздік ұстазды анықтау білім саласына креативті мұғалімді көптеп тартуға мүмкіндік береді дейді.

 Мақсат - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Екі кезеңге қала мектептерінен 20 ұстаз қатысты. Айқаудың бірінші бірінші кезеңінде "Педагогикалық дебют" яғни ұстаздар өздерін таныстыру арқылы кәсіби іс-тәжірибелері негізінде ой айтып, компьютерлік сауаттылығын сынға салды. Әрбір мектептің үкілі үмітін арқалап келген жас ұстаздар таныстыру фор­матында өзгеше стиль таңдаған. Бірі қара өлең арқылы, ендігісі әнмен, тіпті кейбірі бейнефильм ретінде өз мектебі мен мамандығының мәнін толық ашуға тырысқан.

 Педагогикалық тәжірибесі толысқан, білімі жан-жақты, көзқарасы кең ұстаздардың байқау­дың қазылығына шақырылуы жас педагогтардың арасынан жүйрігін анықтауға жол ашты. "Педагогикалық шеберлік қоймасы" деп аталатын екінші кезеңде ұстаздар өз педагогикалық тәжірибесіне сүйеніп оқушыларға білім берудің тың тәсілін табуы керек. Түрлі форматтағы идея­ларды ортаға салған ұстаздардың арасында идея­сы ерекше, білім реформасына енгізуге болатын ұсыныстар да айтылды. Айталық, №39 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Досхан Ахметқалиев тарихты сандар арқылы оқыту әдісін алып келді. Жас ұстаз сандарды оқыту арқылы әрбір оқушыға желідегі жарияланым саны мен жазылушылар санына қарай тарихи фактілерді есте сақтап қалуға болатынын әңгімеледі. Бұл идеясына қызыққан 100 оқушы тарихи даталарды ой елегінен өткізіп шыққан. Ал, №11 орта мектептің мұғалімі Орынбек Шналиев ұлттық ойындар арқылы математикалық есептерге салған. Мәселен, қыз қуу, арқан тарту арқылы балалар есепті жүйрік шығаруға әрі ұлттық ойындарды ұмытпауға үйренеді дейді. Мұнан өзге әр мектептен келген ұстаздар бірі жасанды жарық көздерін пайдалану, үйден шет тілін оқытудың тың жолы, қысқаша көбейту әдісін әлемнің 7 кереметі ар­қылы түсіндіру идеяларын алып келген.

 Жас педагогтар жобаны ұсыну барысында өз­дерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсіби құзыретттілік деңгейін, технологиялық жән коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асыру педагогикалық идеяларын ТЕD форматында қорғап, таратуға лайықты идеяларын көпке таныстырды. Бір қызығы, байқау ашық бағытты ұстанды. Әрбір идеяны, ұстаздың айтар ойын қарсылас мұғалімдер де бір мезетте көре алуға мүмкіндік алды. Бірақ, қазылар ал­қасы мү­шелері жас ұстаздарға әлі де ізденісті арттыру керектігін, идеяға басымдықты жете мән беруді тапсырды. Себебі дарынды балаларға қызықты сабақ, сапалы білім беру үшін жас ұстаз жан-жақты әрі креативті болуы керек. 5 сағатқа созылған конкурста үздіктер анықталды. Арнайы сый-сыяпаттар да жасалды. Арнайы номинация иегерлері де анықталды. Байқау нәтижесінде №15 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Гүлназ  Салмырза жүлделі орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.



 А.ҚАРАКЕСЕК

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет