Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыс дарынды балалармен жұмыс істеу мақсаты



бет1/6
Дата04.11.2023
өлшемі58,66 Kb.
#189346
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дарынды окушымен жумыс жоспары дурысссы


ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
МІНДЕТІ:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.

  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.

  • Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;

  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі мен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.

  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  • Сөз бояуын құбылта алады.

  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

  • Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.

  • Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.


ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

  • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу

  • оқушы дарындылығының моделін білу;

  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

  • дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет