«Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар



Дата08.02.2022
өлшемі16,66 Kb.
#122151
түріБағдарламасы
Байланысты:
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін


«Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар.
Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатына…
Бастауыш сыныптары кабинеттеріндегі жиһаздардың орналасуы еркін қозғалуға, ойын, эксперименттер өткізуге, оқушылар жұмыстарының көрмесі мен ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын қамтамасыз етуге тиісті. Пәнді оқыту үшін мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік болған жағдайда биология, физика және химия кабинеттері ресурстарын қолдану ұсынылады.
Төменде бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімі берілген:


  • компьютер;



  • интерактивті тақта;



  • проектор;



  • деректермен жұмысқа арналған компьютерлік бағдарламалар;



  • үзіліссіз қуат беру көзі;



  • принтер-сканер;



  • бор тақтасы;



  • жылжымалы тақта;



  • магнитті тақта;



  • проектор;



  • компьютер;



  • MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап);



  • таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш;



  • жалғағыш сымдар;



  • қосып-ажыратқыш;





  • сандық фотоаппарат;



  • глобус;



  • күн жүйесінің моделі;



  • тақырыпқа сай түрлі модельдер мен нақпішіндер (муляждар);



  • бөлме өсімдіктері;



  • тақырып бойынша кестелер мен плакаттар;







  • айна;



  • жарық көзі;



  • жылу көзі;



  • еріткіш заттар;



  • ыстыққа төзімді ыдыс;



  • колбалар;



  • шыны түтік;



  • сүзгіш қағаз;



  • қорғаныш көзілдірік;



  • үлкейткіш әйнек (лупа);



  • микроскоп;



  • әртүрлі өлшемді магниттер жинағы;



  • термометрлер;



  • жүктер;



  • таразы (теңдеушелермен және электрондық);



  • жарық датчигі;



  • таймер;



  • динамометр;



  • өлшеуіш рулетка;



  • секундомер;



  • дыбыс көзі (музыка аспаптары, қоңыраулар және т.б.);



  • дыбыс өлшегіш;





  • калориметрлер (термос);



  • түрлі электрөткізгіш заттардың жиыны (әйнек, мыс, болат, алюминий, резеңке, пластмасса);



  • магниттік компастар;



  • телескоп;



  • анықтамалықтар мен энциклопедиялар;



  • флипчарт;



  • қағаз қыстырғышы бар планшет;



  • ватман;



  • өсімдіктер гербарийі;



  • топырақ түрі коллекциясы;



  • Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;



  • жануарлар тұлыбы;



  • адам қаңқасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет