Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм


Талаптан Ахметжан прозасындағы лиризмнің көрінісі



бет2/8
Дата05.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#1089
1   2   3   4   5   6   7   8
Талаптан Ахметжан прозасындағы лиризмнің көрінісі.

Осы орайда қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастаған жас жазушы Т.Ахметжанның шығармашылығындағы лиризм мәселесіне кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Жастар одағы және Қазақстан Жазушылар Одағы О.Бөкей атындағы сыйлықтардың лауреаты талаптан Ахметжанның көпшілікке танымал жинағы “О дүниенің қонағы” деп аталады. Бұл жинаққа негізінен оқырмандар жылы қабылдаған “Сұлу мен суретші”, “Тозақ оты”, “Айсәуле” тәрізді хикаяттары мен “Шәрбат”, “Тұма”, “Күнәһар”, “Айқасқа”, “Тергеу” секілді бірқатар әңгімелері мен тың туындылары енген. Талаптан Ахметжанның кейіпкерлері – кейде өз ой-сезіміне өзі қарама-қарсы келіп қалатын күрделі тағдыр иелері. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесін үлкен психологиялық қақтығыстар үстінде ашуға ден қойған. Ортақ тақырыбы – махаббат, тазалық, мейірбандық. Қай жағынан келсек те, Т.Ахметжанның шығармалары арқылы оқырманды тазалыққа, адалдыққа үгіттеп отыратыны айқын.


Т.Ахметжан прозасының өзіне ғана тән ішкі үні, ішкі музыкасы бар. Асықпай, аптықпай, жұп – жұмсақ қоңыр үнмен көкірегіңе сәуле құяды. Өмірдің өзінен, қарапайым тірліктің ұйтқысынан ой іздейді.
«Тұма» әңгімесінде жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас маман Нұртас тұрмыс – тауқыметімен бетпе – бет ұшырасады. Мамандығы инженер болса да жаны ақын Нұртастың көңілі көп нәрсеге толмайды. Арыны басылмаған арманшыл жігіттің көңілін тоқтап тұрған зауыттың мүшкіл халі мен енжар жандардың бойкүйездігі, баспанассыз жүрген өзінің отбасы титықтатады. Пәтерсіз жүрген жас маман сең соққан балықтай күй кешеді. Осы тұстағы жұбайы Қарлығаш екеуінің диалогы өте нанымды:
- «Көрші келіншек көшкелі жатыр екен, - дейді сөз арасында Раушан.
- Қайда? – дей салды немқұрайлы.
- Северге. Якутияға. Күйеуі алдын – ала барып үй алып, енді жанұясын көшіріп алуға келіпті.
- Ұнаған ғой тегі.
- Ұнаса ұнаған шығар.
- Келіншегі қылт ете қалды.
Сіркесі су көтермей отырған Нұртас:
- Немене , Севрге көшкің келіп отыр ма?
Осы тұста оқиға екі жастың томсаруымен, үнсіз ренжісуімен, ішкі бұлқынысымен тынады.
Ал енді келесі диалогқа назар аударайықшы:

  • «Нұртас, - деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап.

  • Ұйықтаған жоқсың ба?

  • Иә.

  • Неге ұйықтамай жатырсың?

  • Жәй...ұйықта.

  • Нұртас деймін, бері қарашы. – Ол аунап түсті.

  • Ренжіп қалған жоқсың ба, Нұртас?

  • Ренжідім.

Мен де. Сен бір түрлі өзгеріп барасың. Еркелетпейсің. Өзіңмен өзің болып үнсіз жүресің. Бір уақыт сенімен сөйлесейін десем кітап кеміріп отырып аласың. Сосын жыным келеді. Сен мені еркелетші, сүйші...» /12.23/.
«Тұмадағы» осы диалог табиғилығымен, тазалығымен баурайды. Кейбір қаламгерлердің қызылды – жасылды бояулармен баттасқан, өтірік тебіреніп, үздіккен диалогтары мезі қылып жіберетіндері де бар. Ал Т.Ахметжановтан мұндайды кездестірмейміз. Онда табиғилық басым. Оқырман Нұртас пен Қарлығашты айнадағыдай ап – айқын көреді. Олардың жастығын, тазалығын, өмірінің бастау тұмасын, махаббатын көріп, біліп, түсініп әрі түйсінеді. Әрі тұщынады.
«Тұма» хикаяттармен әңгімелер жинағы қазіргі өмірдегі қоғамды қазқалпында береді. «Төрт қанден» - деген әңгімесінде Талғаттың пәтер іздеп, аяғынан таусылып келе жатқан жолында қаланың кәрі тұрғыны бір кемпірмен кездеседі. Бірі – отбасын күйттеп, өмірге жолдама алған жалаңтөс, жас жігіт. Бірі – бойдан қуаты қайтқан, қызықтан қағылған кәрі. Бірінің басында даңғарадай үиі болғанымен қызығы жоқ болса, ал екіншісінің жастығымен қызығы бар бірақ үйі жоқ. Яғни қоғамның екі жетімі суреттеледі. Бұның бәрі де етене таныс жұпыны тірліктің, мүшкіл тұрмыстың суреті, адамдар психологиясы сол қалпында беріледі. Жазушы осы көріністі дәл де тартымды бере білген. Және оны ақ қағазға айна – қатесіз түсіре білген.
Кәрі шешесі тұрмақ, өз басын алып жүре алмай ішіп кеткен Сағынышты – Сәшкені жазушы кінәлап, қаралап жатпайды, мүсәпір жанның ішіне үңілгісі келеді, себебін іздейді:
“...Әлде жастайынан жанын жаралап өскен жігіт жан рахатын алдамшы әзәзілден тапты ма Жалғандыққа, жауыздыққа қарсы шыға алмаған шарасыз жан қасыретке тұншығып, қаралы түнді өз басына тіледі ме Жетімдіктің, жесірліктің не екендігін ерте көргендіктен де озбырлардың басынып, оңбаған - ның мазағына шыдамағандық – тан да ертеңгі күннен жеріп кетті ме Әлде намысы мен жігері жоқ ез немесе ағысқа қарсы жүзе алмай, дүлей толқын бір ұрғанда жағаға шығып қалды ма Мұның бәрі Талғатқа жұмбақ, бірақ сол сұрақтарға жауап тапсам деп іштей аласұрды, ауыр ойға шым – шымдап бата берді” .
Дәл осыған ұқсас «Тозақ отындағы» Күлмәнды да кінәлағың келмейді. Сол сияқты «Қылбұраудағы» Еділді де түсінгің келеді, жаның ашиды. Осы кейіпкерлер ақылсыздықтан от басып жүрген жоқ. Қарынбайдың қармағына кез болған Айтолқынды қалай кінәлайсың.
Т.Ахметжанның хикаялары мен әңгімелерінде талай – талай тағдырлар бар. Әуені де, мазмұны да, формасы да бірін – бірі қайталамайтын, бірін – бірі қуып биіктей түсетін түйіндер мен астарлы ойлар бар. «Қылбұрау» әңгімесінде де кейіпкерлердің психологиясы түс, елес, шытырман тағдырлар арқылы ашылады. Мәселен, тағдырдың тұңғиығына түсіп, адасып қалған Еділдің көз алдына Маржан елестейді: ... Қыз бүрмелі етегінің астынан әлденені сопаң еткізіп алып шықты. Қысқа ғана қыл арқан екен. Жігітке қыл арқан жыландай сұп – суық көрінді. Қыл арқан жыландай жылжып Еділдің қара санына оратылды. Жігіт қызға не айтарын білмей дал болды. ... Қылбұрау қара санын үзіп әкетіп барады.
Еділ есін жиғанда қасындағы орындық бос тұрды. Маржан жоқ. Қылбұрау салынған аяғы әлі жансыз. Қолымен сипалап көрсе, қылбұрау батқан жері буылтықтанып ап – анық білінеді» /12.24/ .
Түсі пе, елес пе? Түсініксіз. Еділдің қарсаңында буылтықтанып із қалған. Елестің шындыққа жанасуына сенетін құбылыс па, сенбейтін құбылыс па? Сенбейін десең қара санда қалған із бар. Яғни, автор адам санасынан тыс, қосымша бір жұмбақ дүниенің бар екенін меңзейтін сияқты. Меңзеп қана қоймай сол құбылыстың шындығына сендіретін секілді. «Кезінде ойымызды ашып айта алмадық, астарлап жаздық, ашық көрсетуге болмайтын заман еді», деп жатады. Ал енді қазір ашылып неге айтпасқа? Құпиясы арқылы тереңдігі, тереңдігі арқылы ақиқаты сезілмесе ол сөз өнері болмас еді. Сөз өнері де музыка сияқты, үнімен ішкі түйсігіңді оятып, іші – бауырыңлы елжіретіп, көзге жас, көкірекке мұң салып, күрсінтеді, қуантады. Ашылып сайрағаннан гөрі суреткер дөп басқан пернеден – ақ оқырман қауымды тұшындыратын, тәптіштеп, ашық тақылдағаннан гөрі, оймен меңзеу қасиеті сияқты. Талаптанның прозасына осы қасиеттер тән /12.26/.
Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәітті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек” /6.63/, - дейді. Бұл айтылғандар Т.Ахметжан әңгімелерінде молынан пайдаланылған.
Көркем әдебиеттегі лиризм, психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз.
Біз сөз етіп отырған жазушы Талаптан Ахметжанның әңгімелерінде жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /10.32/.
Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады.
Қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл. Яғни, автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс - әрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Жалпы кейіпкердің сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес.
Қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдық тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дәуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Қайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы. ХХ ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен, тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен әрекетінің биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған. Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдық бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз -өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісетін, бәрін қабылдайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам. Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді.
Жас жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көрінген прозадағы психологизмнің негізі: тұлғаның суреттеуге келмейтін күрделі әсерлері, қандай да бір фактор – еске түсіру, елес, түйсіну, сезіну, детальдар әсерінен пайда болатын кейіпкердің көңіл – күйін беруге тырысу. шығармаларының сюжеттік – композициялық ерекшеліктері осыған сәйкес.
Зерттеушілер импрессионистік проза өкілдері ретінде Э.Золя, А.Чехов, Ги де Моппассан, тіпті М. Прусты да атайды. Алайда бұлардың шығармаларында таза күйінде кездесетін импрессионизм емес, басқа көркемдік әдістермен қатар өріліп отыратын стиль ретінде көрсетеді.
Әдебиеттегі импрессионизм де фрагментарлы, онда баяндау мен суреттеудің бірізділігі жоқ. әңгімелерінен де осыны байқаймыз. Онда әр кейіпкердің көңіл – күйін бір шолып шығып, әр қайсысының психологиялық жағдайына кезек – кезек барады. Бір оқиғаға, бір адам тағдырына бір ғана қырынан тұрақтамай, түрлі бұрыштан, әр кейіпкер тұрғысынан келеді.Осының нәтижесінде шығарма тұтас полотна емес, бөліктерге бөлінген сурет ретінде көрінеді. Тіпті, кітап бетіндегі абзацтардың арасына бос орын қалдырып кету немесе жұлдызшамен бөлу де кездеседі. Алайда, әңгімеге түгел «алыстан» көз тастаса, бір адам тағдырын, оның жан диалектикасын бақылауға болады.
Кей әңгімелер екі кейіпкердің полемикасы ретінде де құрылған. М. Бахтиннің: «Ақиқат іздеудің диалогтық амалы бәрін білетініне, яғни ақиқатқа ие екендіктеріне сенімді адамдардың ақкөңіл сенгіштігіне қарсы қойылады. Ақиқат бір адамның басына туып, сонда болмайды, ол ақиқатты бірге іздеп жүрген адамдар арасында, олардың диалогтық қатынасы барысында туылады», - дегенін еске алсақ, жазушы кейіпкерлерінің шындықты іздеуі сәл басқаша. Олар не жалғыз – жалғыздан іздейді, не болмаса, екі кейіпкер монологы диалогқа ұласып, ақиқатқа жету жолы болады.
Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып, ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады.
Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу арқылы ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді.
Жас жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.
Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып, ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады. Алайда, ең соңында ол ақиқат ешкімге керек болмай қалады.
Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу арқылы ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді. Бірақ ол бәрін біле алмайтындықтан, шындыққа жете алмайды. Суреткерді толғандыратында осы – адамның ашылуына мүмкіндіктің болмауы. Мұны айтып отырған себебіміз, Т.Ахметжан кейіпкерлері де шындықты, тығырықтан шығар жолды іздейді. Алайда адамдар арасындағы ашық қатынас мүмкіндігі жоқтығынан, олар аласұрумен ғана тынады. Ал оқырман үшін бәрі белгілі, автор монтажының көмегімен әрбір кейіпкер санасындағы шындық көріністерін толық көріп, оқырман болуы мүмкін нәрсені болжай алады.
Авторлық баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бұл – жазушы әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай –ақ, бір оқиғаға кейіпкердің көзқарасы мен автордың көзқарасы қатар беріліп, оқырманға ой сала отарып суреттеуі жас жазушының өзіндік шеберлігі екендігіне көз жеткіземіз. Яғни, кейіпкердің иррационалды ой қозғалысы, психологиялық жай – күйі Т.Ахметжанның барлық шығармаларында кездеседі. Ол негізінен, түс көрумен, кейіпкердің еске түсіруімен байланыстырылады да, шарқ ұрып жауап іздеуге, тірек іздеуге ұластырылады. Кейіпкер кеудесінде екі түрлі сезімнің шарпысуы және шығармадағы диалогтар полемикаға алып келеді.
Сонымен, жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкерлерінің жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюын кез келген әңгімесінен байқауға болады.
Негізінен, қаламгер шығармалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтиды. Сондай фонда импрссионистік кейіпкер трактовкасын жасай отырып, жазушы шығармаларының денін ішкі монологқа құрады. Сонымен қатар, жазушы стилінің негізін монтаж құрайды. Баяндау мен суреттеуде тиянақтылық жоқ, бір обьектіні әр қырынан шұғыл жарық түсіріп көрсету, сол арқылы соңғы тұтастыққа қол жеткізуге ұмтылу бар. Осы ретте жазушының шығармаларын бір демде жазып, өзгертіп, түзетуді қаламайтынын ескеру керек. Стилі жағынан алғанда жазушы шығармаларындағы баяндау формасының ерекшелігіне назар аудару керек. Авторлық баяндауды екінші кезекке шығарып, кейіпкеріне сөз берген жазушы шығармаларының оқиғалық желісі кейіпкерлердің ішкі монологтары арқылы баяндалатыны белгілі. Онда: «Авторлық баяндау төл сөздің құрамына сыналай кіріп қайта шыққанын өзі де байқамай қалады» /13,19/ .
Осылайша, қазіргі қазақ прозасындағы модернизм көрінісі ретінде Т.Ахметжан шығармашылығындағы импрессионизм көріністерінің кездесуін атауға болады. Бұл жүйе жазушы шығармаларында толық, барлық қырымен көрінбесе де, әңгімелердің жалпы көркемдік жүйесіне қосылып – араласып, мазмұндық та, пішіндік те деңгейде көрініс тапқан.
Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек» /6,36/, - дейді. Бұл айтылғандар жазушы әңгімелерінде молынан пайдаланылған. Көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз осы шығармалардан көреміз.



    1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
      2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
      2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
      2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
      2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
      2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
      2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
      2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет