Дәрістің мақсаты: Өткен білімдеріне сүйене отырып,тіл дыбысының жасалуына дыбыстау мүшелері туралы түсінік беру, саналы меңгерту.
Тірек сөздер:тіл дыбыстары, фонема, дыбыстау мүшелері: тыныс мүшелері, тамақ қуысындағы мүшелер, ауыз қуысындағы мүшелер, сөйлеу аппараттары, артикуляция-жасалым.
Дәрістің мазмұны: Фонема, «тіл дыбысы» сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Сондықтан да сөздің өмір сүру формасы дыбыс. Тіл дыбыстары- адамнаң дыбыстау мүшелері қызметінің жемісі. Дыбыс –тілдің бір жақты единицасы; дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Демек, дыбыстар-тілдің мағыналы единицалары сөз, морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс табиғаты үш аспектіде қарастырылады.
Анатомия- физиологиялық. Акустикалық. Лингвистикалық.
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелерінің жәрдемімен жасалады. Олар:Тыныс мүшелері. Тамақ. Қуыс мүшелері. Дыбыс шығарушы мүшелер. Ми және адамның жоғары нерв жүйесі
Сұрақтар: Неге біз тіл дыбыстарын «айтамыз» дейміз? Қалай айтамыз?