Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сұрақтар: Неліктен аралас құрмалас сөйлемді салалас пен сабақтас сөйлемнің қосындысы деп атайды? Әдебиеттер



бет13/13
Дата25.01.2017
өлшемі2,55 Mb.
#7777
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сұрақтар:

  1. Неліктен аралас құрмалас сөйлемді салалас пен сабақтас сөйлемнің қосындысы деп атайды?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995.

4.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

5.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

6.Шәукенов Қ. Синтаксис Алматы, «Ана тілі»,1996.

7.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.Алматы,1985

8.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары.Алматы,1987.

9.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

10.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі Алматы, «Мектеп»,1997.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1999.



13 - 14-дәріс.

Тақырыбы: Бөгде сөз, оның түрлері.

Дәрістің мақсаты: Бөгде сөз, оның зерттелуі, түрлері, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін таныта отырып, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Бөгде сөз және оның түрлері;өзіндік ерекшеліктері.

  2. Төлеу сөз.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.

С. Аманжолов өзінің «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсында» төл сөз, автор сөзі туралы: - Бұл төл сөз автор сөзі деген синтаксистін ең бір күрделі бөлімі болып саналынады.Сондықтан да бұл мәселе өз алдына жеке айтуды да қажет етеді.Мектеп грамматикасында бұл ең соңында айтылады.Ал тіпіті ғылыми грамматикада, орыс тілінің өзінде де бұған ерекше тоқталады.Бізде төл, төлеу және бөгде сөз туралы айта кету керек, мектепте арнайы кітаптардан басқа айрықша бірде- бір зерттеу жұмысы жүрген жоқ, - деген екен сонау 40 жылдардан бастаған еңбегінде.

Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде әрдайым өз сөзін айтумен ғана шектеліп қалмайды.Белгілі бір мақсатқа, ситуацияға байланысты басқа біреудің сөзін жеткізу жағдайы жиі кездесіп отырады.Ондай бөгде сөздің түрлері қазақ тілінің синтаксисінде төл сөз және оның түрлері, сондай-ақ төлеу сөз, жартылай төл сөз, ортақ төл сөз деген атауларға ие болып жүр ( М. Серғалиев) .

Автор баяндауын басқа біреудің айтқаны ретінде енген сөз бөгде сөз деп аталынады.Осы сипат бөгде сөзді танудың басты көрінісі.

Бөгде сөз – сөйлеушінің жақтық көрінісіне бағынышты емес, ол өзіндік сипатқа ие синтаксистік категория.Ол сипаты текст ішінде бөлекше айтылу процесі ретінде көрінуі ( М. Балақаев, Т. Қордабаев).

Ал Р. Әміров бұндай құрамдағы сөйлемді бөгде сөз қатысқан конструкция деп атайды.Бұл конструкцияда екі негізгі қараушы компонент бар.Олар – автор сөзі және бөгде сөз.Автор сөзі бір синтаксистік тұлға ретінде қарастырылады да бөгде сөз соған қыстырылған компонент ретінде қатысады.Бөгде сөз жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрінде қатысумен қатар ол бірнеше дара сөйлем түрінде де қатыса алады.

Бөгде сөз тіл білімінде мына түрге топтастырылады:



  1. Төл сөз

  2. Цитата ( Дәйексөз)

  3. Төлеу сөз

Ал М. Серғалиев төл сөзді өз ішінде бірнеше түрге бөледі.Олар: диалог, дәйексөз, төлеу сөз , жартылай төл сөз, ортақ төл сөз.

Сұрақтар:

  1. Сөйлеу тілінде төл сөзді қандай мақсатпен неге қолданамыз?

  2. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың қандай жолдары бар?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.



7. Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Қазіргі қазақ тілінен берілетін білім мазмұны бойынша дәріспен қоса практикалық сабақтар жүргізіледі. Ол семинар және жаттығу жұмыстары мен өз бетімен орындайтын тапсырмалардан тұрады. Практикалық сабақ бойынша ұсынылған жаттығу жұмыстары практикалық тапсырмалар жазбаша орындалады. Ал тапсырма - сұрақтар ауызша орындалады.

Студент тарапынан жұмыс жүйелі орындалғанда ғана әрбір жаттығу жұмысы оның теориясы праткамен ұштастырылып, жүйелі сауатты жасайтын тілдік талдауға алып келеді.

Студент есіне!

1. Семинар сабақтарына әзірленуде алдымен, қолданатын әдебиеттеріңізді жинақтаңыз.

2-ден, тақырып бойынша ұсынылған сұрақ мазмұнын түсініп, оны ашуға тырысыңыз.

3-ден, жазуға асықпаңыз, алдымен өзіңіз түсініп алыңыз, зерттеушілер пікіріне ой жіберіңіз, салыстырыңыз.

Содан соң өзіңізге керекті жазып алыңыз. Ал тілдік терминдерді түсініңіз, есте сақтап, оны қолдана отырып, ойыңызды дәлелдеңіз.

2. Тіл сабақтарындағы жаттығу жұмыстарының маңызы зор. Себебі, әр студенттің алған теориялық білімінің дәрежесін, оны іс жүзінде қолдану дағдысын, студенттің қабілетін көрсететін де осы практикалық сабақтар.

Ендеше, белгілі бір жаттығуды орындау үшін сізде сол жаттығуды орындарлық білім болуы керек екенін ұмытпаңыз;

Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана сіз теориялық біліміңізді практикамен ұщтастырып, еңбегіңіздің нәтижесін көрсетесіз;

Жаттығуларды орындауда тілдік категорияларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, дәлелдей отырып, орындауға дағдыланыңыз;

Қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктерден, қосымша әдебиеттерден қарап, таба білуге дағдыланыңыз.

Ұ.Р.Ержанованың 2006 жылы шыққан «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты электрондық оқулығында

көрсетілген. Оқулық электронды оқу залында. (102-ауд)



ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар

С) Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ )

  1. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісіне дейінгі 19- ғасырда зерттелу жайы. П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, Г.Архангельский, Н.Лаптев, Н.Сазонтов, М.Терентьев т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінің ерекшелігі.

  2. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде зерттелуі. 20- ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінің маңызы.

  3. Б.Шалабаев, Қ.Шәукенов, Ж.Сәдуақасов т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы

  4. Сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы. Сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі мен мәні туралы.

  5. Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлеріне мысалдар келтіріп, талдау.

  6. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, олардың жасалуына мысалдар жазып, талдау.

  7. Сөйлемнің предикаттылық, модальділік қасиеттері және олардың берілу жолдары.

  8. Бір құрамды сөйлемдер. Жақсыз және атаулы сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық ерекшелігі мен түрлері.

  9. Сөйлемнің оңашаланған мүшелері, олардың ерекшелігі. Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың ерекшелігі.

  10. Құрмалас сөйлемнің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы.Ұқсастықтары мен айырмашылығы.

  11. Құрмалас сөйлемнің басты өзіндік белгілері

  12. Құрмалас сөйлемнің классификациясы.

  13. Салалас сөйлемнің құрмаласу жолдары.

        1. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бір-бірімен құрмаласу жолдары

        2. Жалғаулықты салалас сөйлемдердің құрмаласу жолдары

  1. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, олардың жасалу жолдары

  2. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем . Тыныс белгілері, олардың қолданылуы.

Әдебиеттер:

1.П.М.Мелиоранский. Краткая грамматика казах-киргизского языка. 1897.

2.Н.И.Ильминский. Материалы к изучению киргизского наречия. 1861.

3.В.В.Катаринский. Грамматика киргизского языка. 1897.

4.Г.Архангельский. Грамматика казахского языка. Ташкент, 1927.

5.Н.Лаптев. Грамматика киргиз-кайсацкого языка. 1898.

6.Н.Сазонтов. Записки по грамматике киргизского языка. Ташкент 1912.

7.М.Терентьев. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. СПб. 1875.

8.Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1898.

9.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.

10.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

1. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

3. С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1992

4. С.Аманжолов.Н.Сауранбаев. Қазақ тілі грамматикасы.2-бөлім, 1939.

5.С.Аманжолов.И.Ұйықбаев.А.Әбілқаев. Қазақ тілі грамматикасы.Синтаксис.

1958.

6. С.Аманжолов.Ғ.Бегалиев. Қазақ тілі грамматикасы. 2-бөлім, 1950.



7. С.Аманжолов. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

8. С.Жиенбаев. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

9. Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.

10.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

1.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.

2. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.

3. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.

4. Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.

5. Р.Әміров.Г.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.

6. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.

7. Т.Сайрамбаев. Қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981.

8. Т.Сайрамбаев. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы, 1994.

9. Ә.Аблақов. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. А., 1986.

10.Ә.Аблақов,С.Исаев,Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. Алматы, 1999.

11.О.Төлегенов. Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері.

12.Қ. Шәукенов. Синтаксис. Алматы, 1996.

13.Ж.Сәдуақасов. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің құрылымдық типтері. Алматы, 1997. (докт. диссер. автореф.).

14.М.Серғалиев. Синтаксистік синонимдер. Алматы, 1989.

15.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.

16.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.

2. С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994

3. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.

4. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.

5. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.

6. Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.

7. Р.Әміров.Г.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.

8. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.

9. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981.

10. М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ әдеби тілі.А.,1991.

11.Ә.Аблақов.С.Исаев.Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. Алматы, 1997.

12.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972.

13.Ж.Шәкенов. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. А., 1991

14.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.

15.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

8. Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы

бойынша әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған.



9. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар.





Жұмыс түрі

Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

Балл

макс




1

Қазақ тілі синтаксисінің 20-ғасырдың екінші жартысында және қазіргі кезеңде зерттелу жайы. М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, Ә.Аблақов, О.Төлегенов,

1 - апта

Ауызша әңгімелеу

3-апта







2

341-347-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


1-апта

Жаттығу жұмыстары

3-апта






3

352-360-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы.

А.,1997/.



2-апта

Жаттығу жұмыстары

2-3-апта







4

364-370-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы.А.,1997/.


2-апта

Жаттығу жұмыстары

4-5-апта






5

371-384-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы.А.,1997/.


3-апта

Жаттығу жұмыстары

4-5-апта







6

Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері, олардың жасалу жолдары.

404-405- жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.





3-апта

Жаттығу жұмыстары

6-апта







7

Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі, олардың тыныс белгілері.


4-апта

Жаттығу жұмыстары

7-апта







8

410-412-Жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


5-апта

Тапсырмамен, сөздіктермен жұмыс. талдау

7-8-апта







9

413-418-Жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.



6-апта

Тапсырмамен жұмыс.

7-апта







10

419-424-жаттығу. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


6-апта

Реферат

Сөздікпен жұмыс, жаттығула, схема таблицалар

7-8-апта






11

Көп құрамды құрмаластар. 425-426-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


8 - апта

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.

8 - апта







12

427-430-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


9-10 апта

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс; жаттығу, талдау жұмыстары

9-10 апта







13

436-438-жаттығу /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


10 - апта

Грамматикалық категориялардың ерекшелігіне сүйене отырып, схема – таблицалар жасау.

10 – апта







14

Синтаксистік талдау. /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


8, 14 - апта

Реферат.

15 - апта







15

Граммтикалық талдау. /Қалиев Ғ.,Оралбаева Н., т.б.Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. А.,1997/.


10-15 апта

Грамматикалық талдау, жаттығулар

10–15-апта







1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісіне дейінгі 19- ғасырда зерттелу жайы. П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, Г.Архангельский, Н.Лаптев, Н.Сазонтов, М.Терентьев т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінің ерекшелігі.

  2. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде зерттелуі. 20- ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінің маңызы.

  3. Б.Шалабаев, Қ.Шәукенов, Ж.Сәдуақасов т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы

  4. Сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы. Сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі мен мәні туралы.

  5. Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлеріне мысалдар келтіріп, талдау.

  6. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, олардың жасалуына мысалдар жазып, талдау.

  7. Сөйлемнің предикаттылық, модальділік қасиеттері және олардың берілу жолдары.

  8. Бір құрамды сөйлемдер. Жақсыз және атаулы сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық ерекшелігі мен түрлері.

  9. Сөйлемнің оңашаланған мүшелері, олардың ерекшелігі. Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың ерекшелігі.

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Құрмалас сөйлемнің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы.Ұқсастықтары мен айырмашылығы.

  2. Құрмалас сөйлемнің басты өзіндік белгілері

  3. Құрмалас сөйлемнің классификациясы.

  4. Салалас сөйлемнің құрмаласу жолдары.

        1. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бір-бірімен құрмаласу жолдары

        2. Жалғаулықты салалас сөйлемдердің құрмаласу жолдары

  5. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, олардың жасалу жолдары

  6. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем . Тыныс белгілері, олардың қолданылуы.

  7. Синтаксис ғылымы туралы түсінік және оның зерттеу обьектілері мен салалары.

  8. Сөйлем-ең басты грамматикалық единица. Сөйлемге тән басты белгілер.

  9. Құрмалас сөйлем синтаксисі, зерттеу обьектілері. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі. Қалыптасу жолдары мен дамуы.

  10. Құрмалас сөйлемнің басты өзіндік белгілер. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.

  11. Құрмалас сөйлемнің классфикациясы. Салалас сөйлем, оның басты белгілері

  12. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Жалғаулықты салалас сөйлем, оның жасалу жолдары. Жалғаулықсыз салалас сөйлем, оның жасалу жолдары.

  13. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерінің классификациялық тарихы. Мезгілдес, себептес, қарсылықты салалас сөйлем.

  14. Талғаулықты, кезектес салалас сөйлем. Түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты салалас сөйлем.

  15. Салалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Мезгілдес, себептес, қарсылықты салалас сөйлем.

  16. Сабақтас компоненттерінің есімше арқылы құрмаласуы. Сабақтас компоненттерінің көсемше арқылы құрмаласуы.

  17. Сабақтас компоненттерінің шартты рай арқылы құрмаласуы. Сабақтас компоненттерінің шылаулар арқылы құрмаласуы.

  18. Сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеу тарихынан. Шартты бағыныңқылы сабақтас.

  19. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.

  20. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Себеп бағыныңқылы сабақтас.

  21. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, олардың жасалу жолдары. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем.

  22. Күрделенген сөйлемдер жайында түсінік және олардың қазақ, орыс,түркі тіл білімінде зерттелуі. Синтаксистік оралымды күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі, түрлері.

Емтиханға дайындық сұрақтары.

  1. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісіне дейінгі 19- ғасырда зерттелу жайы. П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, Г.Архангельский, Н.Лаптев, Н.Сазонтов, М.Терентьев т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінің ерекшелігі.

  2. Қазақ тілі синтаксисінің Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде зерттелуі. 20- ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінің маңызы.

  3. Б.Шалабаев, Қ.Шәукенов, Ж.Сәдуақасов т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы

  4. Сөз тіркесінің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы. Сөз тіркесі және күрделі сөз, олардың ерекшелігі мен мәні туралы.

  5. Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу түрлеріне мысалдар келтіріп, талдау.

  6. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, олардың жасалуына мысалдар жазып, талдау.

  7. Сөйлемнің предикаттылық, модальділік қасиеттері және олардың берілу жолдары.

  8. Бір құрамды сөйлемдер. Жақсыз және атаулы сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық ерекшелігі мен түрлері.

  9. Сөйлемнің оңашаланған мүшелері, олардың ерекшелігі. Сөйлемдегі оқшау сөздер, олардың ерекшелігі.

  10. Құрмалас сөйлемнің басқа грамматикалық единицалармен арақатынасы.Ұқсастықтары мен айырмашылығы.

  11. Құрмалас сөйлемнің басты өзіндік белгілері

  12. Құрмалас сөйлемнің классификациясы.

  13. Салалас сөйлемнің құрмаласу жолдары.

        1. Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бір-бірімен құрмаласу жолдары

        2. Жалғаулықты салалас сөйлемдердің құрмаласу жолдары

  14. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, олардың жасалу жолдары

  15. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем . Тыныс белгілері, олардың қолданылуы.

  16. Синтаксис ғылымы туралы түсінік және оның зерттеу обьектілері мен салалары.

  17. Сөйлем-ең басты грамматикалық единица. Сөйлемге тән басты белгілер.

  18. Құрмалас сөйлем синтаксисі, зерттеу обьектілері. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуі. Қалыптасу жолдары мен дамуы.

  19. Құрмалас сөйлемнің басты өзіндік белгілер. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.

  20. Құрмалас сөйлемнің классфикациясы. Салалас сөйлем, оның басты белгілері

  21. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Жалғаулықты салалас сөйлем, оның жасалу жолдары. Жалғаулықсыз салалас сөйлем, оның жасалу жолдары.

  22. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерінің классификациялық тарихы. Мезгілдес, себептес, қарсылықты салалас сөйлем.

  23. Талғаулықты, кезектес салалас сөйлем. Түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты салалас сөйлем.

  24. Салалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Мезгілдес, себептес, қарсылықты салалас сөйлем.

  25. Сабақтас компоненттерінің есімше арқылы құрмаласуы. Сабақтас компоненттерінің көсемше арқылы құрмаласуы.

  26. Сабақтас компоненттерінің шартты рай арқылы құрмаласуы. Сабақтас компоненттерінің шылаулар арқылы құрмаласуы.

  27. Сабақтас құрмалас сөйлемді жіктеу тарихынан. Шартты бағыныңқылы сабақтас.

  28. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.

  29. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Себеп бағыныңқылы сабақтас.

  30. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, олардың жасалу жолдары. Түсіндірмелі сабақтас құрмалас сөйлем.

  31. Күрделенген сөйлемдер жайында түсінік және олардың қазақ, орыс,түркі тіл білімінде зерттелуі. Синтаксистік оралымды күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі, түрлері.

Білімді бағалауға арналған материалдар (сұрақ, тестілер) үлгілері.

1. Тұңғыш «Қазақ тілінің грамматикасы»

1939

1925


1936

1944


2. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден құралып, сабақтаса байланысқан сөздер тобы қалай аталады?

сөз тіркесі сөйлем

фразеологиялық тіркес күрделі сөз

3. Сөз тіркесі мен сөздің арасындағы айырмашылықты көрсет.

сөз тіркесі номинативті қызмет атқарады

сөз тіркесі сияқты сөз коммуникативтік қызмет атқармайды

сөз тіркесі де, сөз де жалғаулар арқылы жасалады

сөз коммуникативтік қызмет атқарады

4.Қабысу дегеніміз не?

сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы байланысуы

бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланысу формасы

сөздердің атау мен іліктен басқа септікте тұрып байланысу

сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы

5.Еркін сөз тіркесінің белгісін көрсет:

Еркін сөз тіркесі жеке-жеке сұрақтарға жауап береді

орындары тұрақты болып келеді

басқа сөздермен ауыстыруға болмайды

бір сұраққа жауап береді

6. Меңгерудің негізгі белгілерін көрсет.

сөздердің атау мен іліктен басқа септік жалғауы арқылы байланысуы

сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы

сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы

сөздердің интонация арқылы байланысуы

7. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз:

талапты азамат түймедейді түйедей ету

қолым тимейді жаны ашу

8. Матаса байланысқан сөз тіркесін тап:

оқушының кітабы сен баласың

театрға барды менімен жақсы

9. Матаса байланысқан сөз тіркесін тап:

оның мұрнын балта кеспейді тарғыл ана

төбе шашы тік тұрды жақсы сияқты

10. Қазақ тіліндегі сөз бен сөздің байланысу тәсілдерін көрсет.

орын тәртібі, шылау арқылы, жалғау, интонация

әріп арқылы, дыбыс арқылы

қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу

сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы

11. Сөйлем мен сөз тіркесінің құрылысын, мағыналарын зерттейтін грамматиканың бөлімін көрсетіңіз.

синтаксис фонетика

морфология лексика

12. Бастауыш пен баяндауыштан басқа ең кемі бір тұрлаусыз мүше арқылы қатынасқан сөйлем қалай аталады?

Жайылма толымды

Жақты атаулы

13. Грамматикалық бастауышы жоқ, әрі бастауышты баяндауыш арқылы тауып алуға болмайтын сөйлем қалай аталады?

жақсыз толымды

болымсыз жалаң

14. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем

бастауышы жоқ әрі оны баяндауыш арқылы тауып алуға болмайтын сөйлем

тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем

ойға қажетті сөйлем мүшелерінің бірі айтылмай түсіп қалған сөйлем

15. Болымсыз сөйлемдердің жасалу жолдары:

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы

-дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы

-са, -се жұрнағы арқылы

-ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы

16.Жақты сөйлем дегеніміз не?

бастауышы бар, кейде бастауышы айтылмай қалған кезде оны баяндауыш арқылы тауып алуға болатын сөйлем

екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем

бастауыш пен баяндауыштан басқа ең кемі бір тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем

тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері түгел қатынасып, мағыналық толықтығын сақтаған сөйлем

17. Предикаттық қатынас негізінде аяқталған ойды білдіретін грамматикалық единица қалай аталады?

сөйлем сөз тіркесі

күрделі сөз фразеологиялық тіркес

18.Толымды сөйлем деген не?

ойға қажетті барлық сөйлем мүшелері түгел қатысқан сөйлем

бастауыш пен баяндауыштан басқа ең кемі бір тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем

бастауышы бар, кейде бастауышы айтылмай қалған кезде оны баяндауыш арқылы тауып алуға болатын сөйлем

бір істің не бір нәрсенің жайын баяндау мақсатында айтылған сөйлем

19. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесімен байланысты сөйлем мүшесі қалай аталады?

айқындауыш мүше үйірлі мүше

бірыңғай мүше тұрлаулы мүше

20. Оқшау сөздер дегеніміз не?

сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысы жоқ, тек олармен мағыналық байланыста айтылатын сөздер

өзі қатысты сөзден кейін келіп айтылып, соның мағынасын дәлдеп түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздің тіркесі

сөйлемде бір сөзбен байланысып, бір сұраққа жауап беретіндей болып тіркескен, бірақ тіркестегі сөздер жеке сөйлем мүшесі ретінде талдауға келетін сөздер сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысты болатын сөздер



10. Бағдарламада қарастырылмаған.

11. Бақылау жұмыстарына арналған тапсырмалар

Ұ.Р.Ержанованың 2006 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» атты бақылау-пысықтау жаттығулар жинағында көрсетілген. Жинақ қазақ филологиясы факультеттері студенттеріне арналған. Оқу залында бар.



12. Ұ.Р.Ержанованың 2006 жылы Орал «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты электрондық оқулық.

13. 506-дәрісхана,7-ғимарат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет