«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет39/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 10- дəріс
. Тақырыбы: Синтаксистік мағына 
Синтаксистік мағына сөйлем, оның ішінде құрмалас сөйлем синтаксисінде 
тіпті жиі орын алады. Қазақ тіл білімінің алғашқы баяндауларындағы 
бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, 
толықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы деп көрсетулер, шын 
мəнінде, жай сөйлем ішіндегі сөзтұлғалық қатынастардан дамыған, солай 


атауға түскен. «Жай сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер қандай қызмет 
атқарып, қандай сұрауларға жауап берсе, бағыныңқы сөйлемдерде де сондай 
қызмет атқарып, сондай сұрауға жауап береді. Сондықтан бағыныңқы сөйлем 
тұтасымен тұрып, басыңқы сөйлемнің күрделі мүшесі есебінде болады»
16
– 
дейді Ғ. Бегалиев. Бұл кейіннен құрмалас сыңарлары арасындағы қатынасты 
түзуге əкелді. Қазіргі құрмалас түрлерінің мағыналық қатынас түрлері 
осының нəтижесі. Мұндағы кемі екі жай сөйлемнің тіркесуі əртүрлі 
синтаксистік мағынаны пайда болуына əкеледі. Мұндай мағыналарды
құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуынан іздеген жөн. Шартты, 
қарсылықты, себеп-салдар, түсіндірмелі, салыстырмалы сияқты мағыналық 
топтар құрмаластың барлық түріне сəйкес келеді. Ал мезгілдес, кезектес, 
талғаулы мағыналық топтары салалас құрмалас сөйлемнің қатарынан 
танылса, амал, мезгіл, үлестес деген мағыналық топтарды сабақтас құрмалас 
сөйлем жинақтайды. Көп сыңарлы құрылымдағы сөйлем сыңарларының 
мағыналық қатынасы əрыңғай қатынастағы сөйлем түрлерін түзуге əкелді. 
Қазіргі күні бұл мəселенің де барынша зерттелу, зерделенуде екендігі сөзсіз. 
Бұл өз кезегінде мəтіндік мағыналық қатынас құрудың үлгісі бола алады. 
Мəтін көлеміндегі синтаксистік мағыналар қазақ тіл білімінде арнайы 
зерттеуге түскен жоқ. Дегенмен сөйлемдер аралығынан туындайтын
мағыналар мəн-мəтіндік құрылымға негізделген қатынастарды білдіре 
алады. Тек оларды қарсы мəнді, түсіндірме мəнді т.с.с. жинақтап атанған 
орынды болар еді. Синтаксистік мағына сөз тіркесі тұрғысынан белсендірек 
көрініс табады. Ол, ең алдымен, предикаттық емес қатынастың таралуынан 
байқалады. Предикаттық емес қатынастық анықтауыштық, толықтауыштық 
жəне пысықтауыштық болып жіктеліп, аталған қатынастардан ішкі мағына 
өрбиді. Ол анықтауыштық қатынасқа байланысты сын-сапа, меншіктік, 
сандық, ал толықтауыштық қатынастан нысан, бағыт, мекен сияқты 
мағыналар туындайды. Бағыттық, мекендік, мезгілдік, сын-қимылдық, 
шарттылық мағынаның жан-жақты бейнеленуі пысықтауыштық қатынаста 
айқын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет