1. Оқытушы туралы мəлімет
. Оқытушы туралы мəлімет
Ф.ғ.к. доцент Ұлдай Рсқалиқызы Ержанова
Байланыс телефоны : ж/т. - ү/т. 26-21-95;
Бас ғимарат, 4 қабат, 409 дəрісхана
Кафедрада болатын уақыты: 9.00. – 17.00.
Электронды пошта: uldayerganova@mail.ru
2. Пəн туралы мəлімет:
«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі»
Сырттай оқу бөлімінде де 2 кредит.
Семестр 4 оқу аптасынан жəне 2
апта сессиядан тұрады. Бір аптада 1 кредит сағат саны, əр кредит сағат саны
(дəріс, практика) екі байланыс сағаттан жəне 1 сағат СӨЖ, 1
ОЖСӨЖ
тұрады.
« Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» Сөз тіркесі жəне жай сөйлем
пəні –
жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген
негігі пəн. «Қазіргі қазақ тілінің» сөз тіркесі жəне жай сөйлем синтаксисі»
пəні сөзтұлғалардың бір-бірімен байланысу амалдары,
сөз тіркесі мен
сөйлем, олардың құрамы мен түрлері, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу
тəсілдері, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы туралы,
оның тарихы мен нақты теориясы туралы мəліметтермен таныстырады.
Жалпы синтаксис ұғымдары жайлы əр қилы көзқарастар
мен оған беріліп
жүрген анықтамалар жөнінде білім береді.
Курстың мақсаты
Пəннің негізгі мақсаты – синтаксистің негізгі
салалары жөнінде түсінік беру. Студенттердің теориялық түсінігін
жетілдіріп, ғылыми талдамдар жасай алуына мүмкіндік жасау. Студенттерге
қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан – сөздердің байланысу амалдары
мен
формаларын, сөз тіркесі жəне сөйлем құрылысының негіздерін –
хабардар ету. Осыған байланысты сөйлем түзіп, олардың қатысымдық
қызмет атқарып отырғандығын түсіндіру, дағдыландыру да,
синтаксистік
тұлға-бірлік ретінде түсінілетін ұғымдардың ғылыми тұжырымдамаларын
айқындау, студенттердің аталған салаға қатысты нақты білім алуын
қадағалау.
Курстың міндетттері
: «
Достарыңызбен бөлісу: