«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
Дəріс мазмұны: 
Сөйлем мен сөз тіркесінің басты 3 белгілеріне тоқталу. 
Коммуникативтік, модальдық, предикативтілік.
 
№ 3 семинар 
Семинар тақырыбы
: Сөздердің байланысуының аналитикалық жəне 
синтетикалық тəсілдері. Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тəртібі, 
интонация арқылы байланысу ерекшеліктері. 
Семинар мазмұны: 
Грамматиканың күрделі саласының бірі – синтаксис. 
Синтаксис саласының да зерттелуі Қазан революциясынан бұрын басталған. 
Ол туралы ең алғаш сөз еткен де – А.Байтұрсынов. Автор «Тіл құрал» (ІІІ 
кітап) сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлемнің түрлерін нағыз тілдік факт 
ретінде көрсете білді. Автордың зерттеулері қазақ тілі ғана емес, бүкіл түркі 
халықтары үшін үлкен бастама болды. Басқа тілдегі зерттеулер 
А.Байтұрсыновтың ғылыми ойларын басшылық алып отырды. 
 


Əдебиеттер:
1. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
2. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
3. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
4. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
5. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
6. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
7. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
8. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
9. Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981. 
10. М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А.,1991. 
11.Ə.Аблақов.С.Исаев.Е.Ағманов. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен 
лексикалану процесі. Алматы, 1997. 
12.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972. 
13.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967. 
14.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 
ОСӨЖ:
Қ.Жұбанов – синтаксис туралы біраз еңбек еткен ғалым. Автор «Из 
проядка слов в казакском предложении», «О построении речи в казахском 
языке», «О формах сочетаний слов в казахском языке» еңбектері арқылы 
едəуір еңбек сіңірді. Сондай-ақ, С.Аманжолов 1932 жылдардан бастап елеулі 
еңбек етті деуге болады. Автор ең алдымен мектеп грамматикасын (1939), 
онан кейін жоғарғы оқу орындарына «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің 
қысқаша курсын» (1940) жазды. Автор сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі 
туралы сөз қозғады. Академик Н.Сауранбаев жай сөйлем туралы ойлармен 
бірге құрмалас сөйлемдерге тоқталса, С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлем
тыныс белгілері туралы ойлары əлі күнге дейін құнын жоймағанын білеміз. 
Профессор М.Балақаев зерттеулерінің алатын орны ерекше. Автор 1949 
жылы мектеп грамматикасы, 1954 жылы академиялық грамматикада сөз 
тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі жайлы жүйелі түрде жазып кетті. Ол бүкіл 
түркологияның сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалады. 
Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткішінің 6-томы жарық көрді. 
Бұл 
еңбекте 
тілші-ғалымдар 
Т.Шонанов, 
М.Жұмабаев, 
Т.Ахметов, 
Ж.Барқыұлы, 
Н.Төреқұлов, 
К.Төлебаев, 
Н.Залиұлы, 
К.Əлімұлы, 
Қ.Кемеңгеров есімдері орын алған. Ғалымдар еңбектерінің қазақ тіл білімі 
үшін белгісіз жылдар мерзімін нақты толықтыратын жəне қазіргі 
зерттеулерімізге басшылық болатыны айдан анық. Аталған ғалымдардың 
ішінде синтаксис, оның теориясы туралы Е.Омаров қолтаңбасы анық. Əзірше 
ғалымның 1935 жылғы «Сөйлемдегі сөздің орын тəртібі», «Есімдіктерге 
қатысты приставка» деген екі мақаласы ғана белгілі болып отыр. Бұл сияқты 
еңбектер əлі де жарық көретін болса, біздің ғылымымызға қосылған үлкен 
үлес болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет