байланыстың түр-түрі грамматикалық қатынасқа түскен
бірліктердің
жоғарыда аталған синтаксис саласының қайсысына тəуелді, қайсысының
нысаны екенін айқындайды. Синтаксистік байланыстың негізгі түрлері
мыналар болып табылады.
1) Салалас байланыс – синтаксистік бірліктердің өзара теңдестігінен туған
нəтиже. Бұл байланыс түрі синтаксистің сөзтұлға, салалас құрмалас жəне
мəтін саласында қызмет етеді. Сөзтұлға синтаксисіндегі қызмет тілдегі
салаластық тіркестерді жүйелеуден көрінеді. Яғни,
толық мағынаға ие кез
келген
сөзтұлға
бір-бірімен
интонация
арқылы
жəне
жалғаулық
шылаулардың көмегімен байланысады.
2) Сабақтас байланыс – салалас байланыстың қарама-қарсы көрінісі.
Сабақтас байланыс – қатар тұрған сөзтұлғалар мен сөйлемдердің түрлі амал-
тəсілдер арқылы бір-біріне бағына жұмсалатын түрі. Сабақтас байланыстың
көптеген жолдары сөйлемдегі сөздердің байланысу түрінен шығып жатады.
Əдеби тілімізде сабақтас байланыстың қызметіне бағынған сөздер молынан
ұшырасады. Мұнда синтаксистік бірліктердің бір-біріне иек арта,
бағына
байланысуы бар. Бұл байланыс түрінің де синтаксистің үш саласы үшін
қызметі айқын.
3) Орайлас байланыс – бұл екі жақты байланыс. С.Исаев пікірінше, мұнда
салалас байланыста болатындай бірыңғайлық, тең дəрежелік немесе
сабақтаста болатындай бағыныңқылық жоқ
3
.
Екіншіден, мұндай байланыс
түрінде бірінші сыңардан екіншіге немесе керісінше, екіншіден біріншіге
сұрақ қоюға болады. Үшіншіден, екеуінің орнын алмастыра бересің. Ең
ақыры, бұл салалас байланыс сияқты сөзтұлға синтаксисіне, сабақтас сияқты
сөз тіркесі синтаксисіне қатысты емес. Қайта,
сөйлем синтаксисіне, оның
ішінде жай сөйлем синтаксисіне тікелей қатысы бар. Тек осы орайлас
байланыс нəтижесінде ғана сөйлем түзіледі.
4) Аралас байланыс – бірбүтін синтаксистік құрылымда жеке сөйлемдік
құрылымдарды байланыстырудағы салаласу мен сабақтасудың басын
біріктіретін жаңа байланыс түрі. Бұл ерекше байланыс түрі үшін кемі үш
жай сөйлемдік үлгі қажет. Бұл орайда тағы бір айта кететін жайт, айтушы еш
уақытта қандай құрылымда сөйлейтінін ойламайды. Ол дайын тұрған тілдік
бірліктерді
пайдаланады.
Нəтижесінде,
салаластық
байланыс
пен
сабақтастық байланыстың араласа келуі орын алады.
Мұндай байланыс
түрлерінің жеке тіл білімдерінде, атап айтқанда орыс, монғол, түрік
тілдерінде, əрі салаласа, əрі сабақтаса байланысу деп атау болды. Ал қазақ тіл
білімінде терминге қажет талап сақталып отырғандығын байқаймыз. Мұндай
байланысу түрін Н.Базарбаев əрқилы байланыс деп атаған
4
.
Біздің
3
Исаев С. Қазақ тілі жайлы ойлар. – Алматы, 1997. 213-б.
4
Базарбаев Н. Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлемдер // Қазақ филологиясының мəселелері.
I шығуы. – Ташкент, 1974.
тарапымыздан əртиптес деп аталып келді де, ғылыми талдаулардан кейін
аралас атуымен қазақ тіл білімінде орнықты
Достарыңызбен бөлісу: