«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

 
СӨЖ:
Н. Оралбаева.
 
232-264 – жаттығу.
 
Қолданылатын əдебиеттер: 
А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
 
6-дəріс 
Дəріс тақырыбы: 
Сөйлем мүшелері: тұрлаулы, тұрлаусыз

Дəріс мазмұны: 
Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары. 
Сөйлем мүшелерінің құрамы: дара, күрделі, үйірлі мүшелер. Бұларды бір-
бірінен ажырату жолдары, белгілері. Сөйлемдегі айқындауыш жəне бірыңғай 
мүшелер. Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі жəне оның қызметі. Сөйлемнің 
тұрлаулы 
мүшелері: 
бастауыш, 
баяндауыш. 
Тұрлаусыз 
мүшелер: 
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш: мағынасы мен сөйлемдегі орны. 
 
№ 6 семинар 
Семинар тақырыбы
: Бастауыш болатын сөз таптары жəне олардың 
тұлғалық, мағыналық ерекшелігі. 
 
Семинар мазмұны: 
Анықтауыштық қатынас сын-сапалық, сан-
мөлшерлік, меншіктік мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек 
үстел үстінде қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). 
Сөйлемнің ішіндегі анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт 
сөздерінің жұмсалуын жатқызар едік. 
Толықтауыштық қатынас – қимылдық немесе сапалық күйдің затқа тікелей 
немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік 
қатынастарды білдіреді. Мысалы: – Не əкелгенімді білемісің саған? 
Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов). Мұндағы не əкелгенімді, 
саған, машинаны сынды сөзтұлғалар толықтауыштық қатынастың көрінісі. 
Пысықтауыштық қатынас – мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, 
амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Əсіресе, Ұйғыр көшесі 
сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер 


тіпті көп болатын (Ə.Нұршайықов). Сөйлемдегі қос сөздер мен сырт 
аймақтарда сөзтұлғаларын осындай қатынасқа жинақтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет