Қазақ ЖӘне түрiк тiлдерiнде әр түрлi мағынаға келетiн кейбiр кiрме сөздер



Дата08.06.2018
өлшемі48,5 Kb.
#42073
УДК 809. 43. 001. 36

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРIК ТIЛДЕРIНДЕ ӘР ТҮРЛI МАҒЫНАҒА КЕЛЕТIН КЕЙБIР КIРМЕ СӨЗДЕР.
Айдиллаева Л. Б. – студент, Мұса Б. О. – ф.ғ.к.,

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ, Шымкент қ.


Парсы тiлiнiң әдеби тiл болған кезiнде және түркi халықтарының ислам дiнiн қабылдаған кезiнен бастап қазақ және түрiк тiлдерiне, парсы және араб тiлдерiнен кейбiр сөздер енген болатын. Бiрақ уақыт өте келе бұл сөздер бастапқы мағыналарынан басқа мағынаға ие бола бастады. Мұндай кiрме сөздердiң қатарын көбейтуге болады. Алайда бұл мақаламызда бiр – бiрiне жақын, ұқсас мағыналы сөздерден гөрi, әр түрлi мағынаға келетiн сөздердiң тек кейбiреулерiне тоқталмақшымыз. Мұндай кiрме сөздердi өз арасында арабша және парсыша кiрме сөздер деп екi топқа жiктеп қарастыруға болады.

  1. Арабша кiрме сөздер

Арабша кесафет сөзi түрiкшеде көптiк, жиiлiк, тығыздық деген мағынаға келетін болса; ал, қазақшада кесапат сөзі бәле, апат, пәлекет деген мағынаны бiлдiредi. Мысалы:

Түрiкше: Дағ, бүтүн кесафети ве бүтүн хейбетийле беним үстүме юриор гибидi.(И. К. Караосманоглу) (ТТС, 2-840-841). (Тау бар бітім болмысымен қаптап үстiме төнiп келе жатқандай едi).

Қазақша: Соғыстың қандай кесапаты болатындығы Сырбайдың Түбiрлер деген өлеңiнен айқын көрiнедi.(ҚТС, 4-648)

Ал марифет сөзi болса, түрiкшеде ұсталық, шеберлiк, өнер (ТТС, 2-990); қазақшада, марапат сөзі құрмет, сый-сияпат, қошемет, марапаттау деген мағынаны бiлдiредi (ҚТС, 7-129). Мысалы:

Түрiкше: Пеки анладык. О кушун бир марифети фалан мы вар?(Жарайды оны түсіндік Ол құстың бір өнері бар ма екен?) (Үндiктiң өнерi) (Қожанасыр әңгiмелерiнен).

Қазақша: Бүгiн мектепте оқушыларды марапаттау рәсiмi болып өттi.



Медениет сөзi, түрiкшеде өркениет (ТТС, 2-1000) деген мағынаны; ал, қазақшада мәдениет, адамның өмiрi мен iс әрекетiнен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрiнетiн қоғам және адамның белгiлi бiр тарихи даму дәрежесi деген түсiнiкті бiлдiредi (ҚТС, 7-154). Мысалы:

Түрiкше: Улусун, коркма! Насыл бөйле бир иманы боар, / “Медениет!“ дедийин тек диши калмыш жанавар? (М. А. Эрсой) (Қорықпа, ұлысың! Қалай ғана мұндай иманды тұншықтырмақ, / “Өркениет“ дегенің жалғыз тiстi аждаһа).

Қазақша: Жуырда мәдениет сарайында ақындар айтысы болып өтедi.

Негiзiнде сапарға шыққан, жолаушы деген мағынаға келетiн арабша мисафир сөзi түрiкшеде қонақ; ал, қазақшада мүсәпір сөзі жоқшылық, кемтаршылықтың зардабын көп тартқан, бейшара, қайыршы (адам) деген мағынаны бiлдiредi (ҚТС, 7-270). Мысалы:

Түрiкше: Мисафир умдууну дейил, булдууну йер (Қонақ қалағанын емес тапқанын жер). (Мақал)

Қазақша: Ол өзiнше мүсәпiрси қалды.



Рахмет сөзi, түрiкшеде тәңiрiнiң бiреудiң күнәсiн кешiруi, жарылқауы немесе мейiрiм (ТТС, 2-1212) деген мағынаны білдірсе; қазақшада iлтипат бiлдiрiп айтылатын ризалық немесе алғыс (ҚТС, 8-47) деген мағынаны бiлдiредi. Мысалы:

Түрiкше: Аллах рахмет эйлесин! (Аллахтың рахымы, мейiрiмi жаусын).

Қазақша: Көрсеткен көмегiңiз үшiн көп рахмет!

Невбет сөзі түрікшеде кезек, кезкекпен жасалынатын іс, ауырған кезде дірілдеу, қызғыны көтерілу, белгілі бір уақытта қайталанатын ауру (ТТС, 2-1092) деген мағынада қолданылса; қазақ тілінде нәубет сөзі кейде рызық, бақ, берекет деген мағынада қолданылғанымен, көбінесе апат, пәлекет, қиыншылық деген түсінікті білдіреді (ҚТС, 7). Мысалы:

Түрікше: Бу акшам нөбет сизде, масрафы сиз йападжаксыныз (Бұл жолы кешке кезек сіздікі, сіз төлейсіз). Карлы даалар башында нөбет геджелері, сипер ичлериндеки йаамурлу узун геджелер ... (Й. К. Караосманоглу) (Қарлы таулур басындағы кезекшілік атқарған түндер, ордың ішіндегі жаңбырлы ұзақ түндер ...). Бир сытма нөбеті ичинде титрейерек олдуу йере чөрекленди (С. Ф. Абасыйанык) (Безгелдегі ұстап тұрған жерінде жұьарлана түсті).

Қазақша: Кім тоқтайды адамға нәубет келсе ...


  1. Парсыша кiрме сөздер

Парсыша дестур сөзi түрiкшеде рұқсат (ТТС, 1-364) деген мағынаны; ал қазақшада әдетке сiңген салт, ғұрып немесе мирас деген мағынаны бiлдiредi (ҚТС, 3-86). Мысалы:

Түрiкше: Аркамдан йүрү. Капы ешийини атладыкча дестур де (Х. Р. Гүрпынар) (Артымнан еріп отыр. Есiктiң табалдырығын аттаған сайын “рұқсат па?“ де).

Қазақша: Әлия жоқ, бiрақ оның даңқы, ерлiк дәстүрi тiрi.

Пара сөзi түрiкшеде ақша (ТТС, 2-1158) дегенді білдірсе; қазақшада өз мүддесi үшiн бiреуге жасырын түрде берiлетiн ақша, қымбат зат (ҚТС, 7-620) деген мағынаны бiлдiредi. Мысалы:

Түрiкше: Бозук параларын ичинден, ики тане лира, ики тане де йирми беш куруш сечерек чожууа верди (Күфежи, Талип Апайдын) (Ұсақ ақшаның iшiнен екi лира, жиырма бес тиын алып балаға бердi).

Қазақша: Ол кез көп бидiң парашыл кезi.

Зор сөзi түрiкшеде қиыншылық, мәжбүрлiк, қиын немесе ауыр (ТТС, 2-1677) деген мағынаны; ал, қазақшада үлкен, iрi немесе күштi деген мағынаны бiлдiредi (ҚТС, 4-399). Мысалы:

Түрiкше: Сабыр гүзэль, файдалы; факат зор шейдир (Б. Фелек) (Сабыр- жақсы, пайдалы, бiрақ қиын нәрсе).

Қазақша: Сұлтанмахмұттың зор тұлғасының өзi Әзiмханға жат көрiндi.

Гүл сөзi түрiкшеде раушан (роза) гүлi деген мағынада гүлдiң тек қана бiр түрi ретiнде қолданылса (ТТС, 1-580), қазақшада гүл, хош иiстi өсiмдiктердiң жалпы атауы ретiнде қолданылады. Мысалы:

Түрiкше: Гүлү севен дикенине катланыр (Раушан гүлiн жақсы көретiн адам, оның тiкенiне де көнедi).

Қазақша: Талғат оған шын жүректен гүл ұсынды.

Қорыта келгенде, қазақ және түрiк тiлдерiне енген арабша және парсыша сөздердiң арасында үлкен айырмашылық көрсетiп, кереғар мағынада қолданылатын сөздерге қарағанда, бiр – бiрiне жақын және ұқсас мағыналы сөздердiң көп кездесетiнiн айтуға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ тiлiнiң түсiндiрмелi сөздiгi, 1-10 том, Алматы,1974-86

  2. Түрiк тiлiнiң түсiндiрмелi сөздiгi, 1-2 том, Анкара, 1988

  3. Ж. Шафак, Г. Кайхан, Л. Баты, Н. Албай, Түркие түркчеси, Анкара, 1995

  4. Э. М. Мустафаев, В. Г. Щербинин, Русско – турецкий словарь, (Москва), Стамбул, 1995

  5. А. Н. Баскаков, Н. П. Голубева, А. А. Камилева, Л. М. Любимов, Ф. А. Салимзянова, Р. Р. Юсипова, Турецко – русский словарь, Москва, 1977; Стамбул, 1994

  6. Йабанджылар ичмн түркче, 1-том, Гази ТОМЕР, Анкара, 2000

  7. Түркие түркчеси өйренийорум 1, М. В. Жошкун, Т. Козырев, Е. Өмірбаев, Т. Адилбекова, Түркістан, 2004

  8. Түркие түркчеси өйренийорум, 2, М. В. Жошкун, Р. Ачык, Түркістан, 2005

Заявка на участие

Фамилия: Айдиллаева

Имя: Лаура

Отчество: Байзаковна

Оранизация: Шымкентский институт Международного Казахско – Турецкого университета им. Х.А. Ясави

Доклад по направлению: филилогия

Название доклада: Заимствованные слова в казахском и турецком языках

Почтовый адрес: ул. Бауржана Момыш – улы 19-20

Телефон: 21-12-29



Электронная почта: aaam101@hotmail.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет