тарих ғылымдарының докторы. Жәнібек хан Аннотация. Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі- Жәнібек ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне тоқталады. Ортағасырлық жазба дерек мәліметтерінің, халық ауыз әдебиетінің, сондай-ақ тарихнамалық зерттеу материалдарына сүйене отыра, Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына тоқталып, оның Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен таралатындығын дәлелдеп көрсетеді. Туысы Керей мен бірге Қазақ хандығын құрудағы жетекшілік рөлі ашылады. Сондай-ақ Жәнібек ханның Керейден соң хандықтың құрылуы барысын соңына дейін жеткізгенін нақты жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелдеп көрсетеді. Сондай-ақ автор Жәнібек ханға қатысты кейбір тарихнамалық тұжырымдарды сынңа алып, өзіндік ойларын алға ұсынады.