Кілт сөздер: Жәнібек хан, Керей хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.
Кіріспе
Қазақ халқының тарихи санасында есімі аса құрметпен айтылатын хандардың бірі — Жәнібек хан. Қазақ еліне көршілес жатқан елдердің тарихшылары кейінгі ортағасырлардың алғашқы кезеңінде ол туралы үзік-үзік, үстіртін немесе қысқаша ғана деректерді берсе, қазақ халқының ауыз әдебиетінде оның тарихи бейнесі Әз-Жәнібек деген атпен есіммен бес ғасырдан астам уақыт бойы сақталынып келеді.
Тарихта халық жадында ұмытылмас тұлға боп қалған хандар, патшалар, сұлтандар онша көп емес. Олардын билігі тұсында ел өмірінде, мемлекет тарихында болған ірі күрделі өзгерістер мен дамулар тек қана билеушінің кемеңгерлігімен, ақылдылығымен, көрегенділігімен және тағы да баска ерекше қасиеттерімен байланыстырылады. Сөйтіп олар ел аузында ең жақсы билеушіге айналып, одан кейінгі кезеңдерде өмір сүрген билеушілер сонымен ғана салыстырылады, тенестіріледі. Мысалы, ортағасырлык дерек мәліметтерінде ең күшті, женімпаз, әділетті деген билеушілер Ескендір Зұлқарнайынға, Жәмшіге, Ануширванға теңелген. Ал қазақ халқы болса өзінің төл әдебиетінде ең күшті, ең ақылды хандарын бір сөзбен немесе сөз тіркесімен қоса айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Мысалы, «Әз Жәнібек», «Әз Тәуке», «Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіркестерінің ел есінде бірнеше ғасырлар бойы ұмытылмай, бүгінгі күндерге дейін жетуі осының айғағы болса керек.
Жәнібек ханның қазақ тарихындағы алар орны жөнінде сөз айтар болсак, ең алдымен, оның шөбере туысы Керей ханмен бірлесіп, XVI ғасыр ортасында Қазақстан аумағында ұлттық сипаттағы қазақ мемлекеті - Қазақ хандығының негізін қалаушы ретіндегі рөлі есімізге оралады. Міне, Жәнібек хан туралы калың көпшіліктің білетіні осы ғана. Осыны ескере отырып, біз, осы еңбегімізде Жәнібек хан жайында жазылған барлық жазба дерек мәліметтері мен ел есіндегі тарихи аңыз - әңгімелерді тарихи материал ретінде қолдана отыра, сондай-ақ соңғы жылдардағы отандық тарихнаманың қол жеткізген жетістіктеріне сүйеніп, онын қазақ тарихындағы атқарған рөлі мен алатын орнын ашып көрсетуге тырысамыз.
Деректер
Тарихи деректерде Жәнібек ханның есімі әртүрлі жағдайларға байланысты Керей ханға қарағанда жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» оның есімі хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Рашиди», «Фатх-наме», «Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың бірі ретінде жиі айтылады [1, 63; 2, 42; 3, 110-305-306; 4, 56-57; 5, 99]. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайри, Гаффари, Хайдар Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады [6, 19; 7, 114; 8, 212; 9; 218].
Достарыңызбен бөлісу: |