БӨЖ
Орындаған:Әлзақ Дархан МДШ 115
Қабылдаған:Жанболат Самбетов
Біздің Қазақ мәдениетімізге көп жыл болды. Бұрын біздің елімізде ұлттық дәстүрлер,өмір,әдет-ғұрып және тіл өте дамыған болатын. Кеңес өкіметі кезінде Қазақстанда тұрған қазақстандық ақындардың көптеген кітаптары ұлттық дәстүрлерді ұмытып, жоюға тырысты. Бірақ қазіргі уақытта халық өз дәстүрлерін еске алып, тілін нығайтуға тырысуда. Бұл ата- бабаларына деген құрметтің белгісі. Қазақстанда әртүрлі әдет-ғұрыптар бар, олардың кейбіреулері тек кейбір аймақтарда ғана бар. Біздің еліміз соншалықты үлкен , кейбір дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен тіл диалектілері ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан жаһандандыру мен жаңғырту жағдайларында басты сәттердің бірі біздің ұлтымыздың мәдени кодын сақтау болып табылады.Жаһандану процестері ұлттық мәдениеттерге неғұрлым күшті енсе, соғұрлым халықтар мәдениет, дәстүрлер, тіл және дін сияқты ішкі компоненттерді қорғауға тырысады. Яғни, жаһандық трансформация кезеңінде халықтардың қазіргі әлемде өзіндік ерекшелігі мен өзін-өзі билеуіне ,өзінің бірегейлігін қорғауға және сақтауға ұмтылуымен байланысты ұлттық бірегейлік проблемалары шиеленісе түсуде. Себебі, ұлттық мәдениеттердің ғасырлар бойы қалыптасқан жаһанданудың сөзсіз процестері көбінесе ұлтаралық, дінаралық шиеленістерге алып келеді, көбінесе қақтығыстарға әкеледі. Қазақстанға және басқа елдерге өзінің ұлттық кодын сақтауға не көмектеседі? Мүмкін, мұнда мемлекеттік тіл, ұлттық идея, ұлттық мәдениет және т.б. сияқты көптеген факторлар рөл атқарады.Мен ұлттың мәдени кодын сақтаудағы әрбір болжанатын фактордың рөлін толығырақ қарастырғым келеді.
Мәдени кодты сақтау туралы айтқанда, біз бұл ұғымның нені білдіретінін нақтылауымыз керек. Мәдени код-мәдениеттің осы түрін түсінудің кілті: халықтарға ата-бабаларынан қалған ерекше мәдени ерекшеліктер; бұл мәдениетті анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір формада кодталған ақпарат. Мәдени код санадағы стереотиптердің кез- келген кешенімен байланысты бейнелер жиынтығын анықтайды. Ұлттың мәдени коды оның мінез-құлық реакцияларын түсінуге көмектеседі, халық психологиясын анықтайды. Жалпыұлттық бірегейлік пен этностардың тілін,мәдениетін , дәстүрлері мен әдебиетін сақтау және ұштастыру мәселесі әрқашан неғұрлым тиімді шешілетін мәселелердің бірі болып келді және болып қала береді. Мысалы, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениет – ұлттың мәдени кодын сақтаудың екі негізгі мәні. Тіл-мәдениеттің айнасы, онда халықтың әлеуметтік санасы, оның менталитеті, ұлттық сипаты, өмір салты, салт-дәстүрлер , әдет-ғұрыптар, мораль, құндылықтар жүйесі, дүниетаным, әлемге деген көзқарас көрініс табады.Олар мәдени құндылықтарды лексикада, грамматикада, идиоматикада, мақал-мәтелдерде, жазбаша және ауызша сөйлеу формаларында сақтайды. Сондай-ақ, тіл мәдениеттің таратушысы , тасымалдаушысы болып табылады, өйткені онда сақталған ұлттық мәдениеттің қазыналарын ұрпақтан-ұрпаққа береді. Ана тілін меңгере отырып, балалар онымен бірге алдыңғы ұрпақтардың жалпыланған мәдени тәжірибесін үйренеді. Ол адамның жеке басын , ана тілін,оған тіл арқылы енгізілген және әлемге, менталитетке, адамдарға деген көзқарасқа, яғни осы тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатын адамдардың мәдениеті арқылы қалыптастырады.
Қазақ тілі-бай әрі икемді, құлаққа жағымды, әу деуге дөңгелетіп ала кететін мол сөздік қоры бар ерекше тіл. Сонау ежелгі түркі заманынан бері келе жатқан Тұран жұртының тілінің сөйлеген жұрнағы осы өз ана тіліміз десек, қателеспейміз. Ана тіліміздің барша болмысы біздің қазіргі таңда қайта жаңғыртып, әр ортада қазақ тілінің керемет сөздерімен сөйлеуінен-ақ көруге болады. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Әйтпесе, «тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»-деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзі айқынға айналмасына кім кепіл?!Осы тіл арқылы біз бұрыннан өз салт-дәстүрімізді қалыптастырып, халық ауыз әдебиеті мен музыкалық жағынан мәдениетімізді жетілдіріп, қазірде ең бай мәдениетке иеміз десек артық айтпаспын деп есептеймін. Себебі, ұлт-мәдениетсіз өмір сүре алмайды және дәл сол секілді мәдениет те ұлтсыз күні қараң. Сондықтан, төл мәдМәдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді.
Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді. Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты руханиадамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына қайырымды, ізгілікті қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлғаны қалыптастырады. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деді. Яғни рухани кодтың қалыптасу тарихы бар және келешекте оны сақтай білу керек. Осы мәселеге үңілмес бұрын әуелі ұлттық кодтың өзін анықтап алайық.
Ұлттық код дегеніміз не? Бұл туралы түрлі пікілер айтылады. Интернетте қоғамдық ақпарат жүйеде көпшілік ұлттық кодқа тіл, дін, әдет-ғұрып тәрізді айырмашылықтарды жатқызады.
Жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев:
«Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты» деп жазса, ал қоғам қайраткері Әлихан Байменов:
«Менің пайымдауымша, ұлттық сана, ұлттық код деп – біздің әрқайсымыздың жеке, кейде қоғам ретінде әлемді қабылдауымызға, дүниетанымымызға, түйсігімізге әсер ететін, ғасырлар бойы қалыптасқан факторлар жиынтығын айтуға болады» – дейді.
Қорыта айтқанда, ұлттық код дегеніміз – әрбір ұлттың басқалардан айырмашылығын көрсететін ерекше қасиеттері, ішкі және сыртқы көріністері және солардың пайда болу факторлары. Ұлттық код әрбір ұлттың ерекшелігін ашып, оның сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық код қазіргі кезде қолданылып жүрген құлыпты ашатын құпия кілт (код) тәрізді. Басқа ұлт өкілдері құлыпты ашқандай осы кодты біліп, дұрыс пайдалана алса қандай халықтың болса да ниет-көңілін ашып, сенім құшағына еркін еніп, толық сіңісіп кете алады. Қазаққа тұрмысқа шыққан көптеген басқа ұлттың қыздарының осылай қазақ тілін үйреніп, дінін қабылдап, салт-дәстүрін еркін меңгеруі арқылы қазақпен бірігіп, сіңіп кетті. Мысалы ХYІІ ғасырдағы Қазақ хандығын нығайтуға үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы бас пірі әулие Мүсірәлі жоңғардың қонтайшысы Ғалден Сереннің сүйікті кенжесі Мариямға саяси мақсатпен үйленген. Мүсірәліге келген соң Мариям өзінің жұбайылық табиғи міндетін орындап, мұсылмандықты толық қабылдап, қазақ арасына сіңіскені сонша, ерінің ең сүйікті жұбайына айналады. Олардан қазақ пірлерінің бірі әулие Қосым туып, халық өміріне өзінің үлкен рухани әсерін берген .Қай заманда болса да осындай мысалдарды көптеп табуға болады. Ондай адамдар – қазақ халқының ұлттық кодын қабылдап, анасының құшағына енгендей, халықпен бірігіп кеткендер. Ал сіңісе алмағандар – ұлттық кодты меңгермеген, не болмаса меңгергісі келмегендер. Қазіргі кезде Қазақстанда туып-өсіп әлі күнге дейін қазақ тілінде өз екі ауыз сөз құрастыра алмай, қоғам тыныштығын бұзып жүрген адамдар осылардың қатарына жатады.
Қазақтың алғашқы ұлттық болмысын білдіретін коды – оның қонақжайлығы, ақкөңілдігі, мейірімділігі, достыққа тұрақтылығы, ержүрек-қайраттылығы, адал-шыншылдығы, сабырлылығы, дүниеге байланбаушылығы тәрізді ежелден қалыптасқан мінез-құлықтары болып табылады. Әрине қазақтың бұл ұлттық қасиеттері уақыт өте келе өзгеріске түсіп, халық өзінің ұлы қасиеттерінен айырыла бастағанына дау жоқ. Сондықтан қазақты осылай дәріптеуіміз асыра сілтеушілік тәрізді болып та көрінуі мүмкін. Бірақ олай ойлауға асықпайық, себебі ежелгі қазақтың қадыр-қасиеті шынында да осындай болған. Ал бұл мақаланың мақсаты соны дәлелдеу болып табылады. Бүгінгі мәселе – ежелден қалыптасқа сол ұлы қадыр-қасиеттерімізді қайтадан қалпына келтіруде. Елбасымыздың рухани жаңғыру мәселесін көтерудің өзі осы мәселені шешу, бұзыла бастаған ұлттық кодымызды қайтадан қалпына келтіру үшін екені белгілі.
Ұлттық болмыс ғасырлар бойы қалыптасып, бірақ уақыт пен өмір сүру жағдайларына байланысты өзгеріп, жаңа сипат алып, жаңғырып отырады. Бұл өзгерістердің заңдылығын білу бүгінгі күнімізді дұрыс түсіндіріп, болашақ өмірімізді бағдарлауға мүмкіндік береді. Ұлттық болмыс ғасырлар бойы қалыптасып, бірақ уақыт пен өмір сүру жағдайларына байланысты өзгеріп, жаңа сипат алып, жаңғырып отырады. Бұл өзгерістердің заңдылығын білу бүгінгі күнімізді дұрыс түсіндіріп, болашақ өмірімізді бағдарлауға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының өзіндік болмысы ертеден, көшпенді дәуірдің алғашқы кезеңінен қалыптасып, бекем орныққан. Ал адамзат тіршілігі көшпенді дәуірден басталады. Ендеше қазіргі кездегі көшпенді дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері әлемдік рухани мұраға, бүкіладамзаттық кодтың негізіне жатады. Олар адамзат қоғамының алғашқы құндылықтары. Қазақтың ұлттық коды – көшпенділер коды болып табылады.
Оған дәлел – ежелгі адам тіршілігі. Ежелгі адам тіршілігікөшпенді өмірден басталып, артынан көптеген жылдардан кейін ғана жер шарының кейбір жерлерінде отырықшылыққа өте бастағаны тарихтан белгілі /2/. Ал қазақ халқы бүгінгі отырықшы өмірге ХХ ғасырдың басында ғана Кеңес дәуірінің ықпалымен ауысты. Осылай тағдыр халқымызды отырықшылыққа өткен соңғы халықтардың бірі етіп, көшпенді өмір салтының мұрагеріне айналдырды. Қазақ халқының дүниетанымы, ежелден келе жатқан көптеген әдет-ғұрпы, мейрамдары, табиғат пен әлемге қатысты түсінік-пайымдары мен ұлттық ойындары адамзаттың өткен өмірін еске салып, бүгінгі күндері олардың тұрмыс-салтын көрсеткендей болады. Осы себептен де қазақ халқының кейбір ұлттық ерекшеліктерін бүгінгі күндерге дейін сақталып келе жатқан бүкіладамзаттық құндылықтардың қатарына жатқызуға болады. Ол құндылықтардың арасында қазақ халқының өзіндік мәдениеті және салт-дәстүрлерімен бірге, қазақтың ұлттық ойындары қыз қуу, көкпар, ат шабыс, тоғызқұмалақ, музыка аспабы домбыра, киіз үйі сол ежелгі көшпенді өмірден келе жатқан ұлттық кодтың көріністері екеніне дау жоқ. Қазақтың ұлттық кодының тарихы ежелгі адамның көшпелі дәуірінен басталатын өте көне, сонымен бірге ол бүкіл әлем үйлесімділігінен пайда болған. Қазақ халқының ойлау жүйесі, мінез-құлқы мен салт-дәстүрлері тәрізді негізгі ұлттық коды көбіне алыс-беріс арқылы қалыптасқан. Бүкіл көшпенді өмірге ортақ, қазақтың да өзіндік құпиясы осы алыс-берісте жатыр.
Тәуелсіздік алғаннан бері уақыт аралығында қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тағдыр тәлкегімен ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді және төл мәдениетімізді жаңғыртты. Еліміздің алдында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндеттер тұр: ұлттық мәдениет негізін құрайтын құндылықтарды қайтару; ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; тарихи шындықты қалпына келтіру; тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; қазақ халқының асыл мұрасын барша халық, әсіресе еліміздің ертеңі - жас ұрпақ меңгеру және т.б. Осы міндеттерді шешу арқылы бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық намысы мен жігері бар, ұлттық құндылықтарға бай қазақ мәдениетін барша жұртшылыққа таныта аламыз. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымымен мазмұны пролетарлық, түрі ұлттық социалистік мәдениет деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның салдары ұлттық сананың маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 90-жылдардың алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғырту барысында бұқаралық сипатта көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің жемісі - бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасызетілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады. Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттікмұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналғанмемориалдарды тармақталған желісі жасалды.Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші-Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО –ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.Астана қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылады. Республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театрын, мұражайын, кітапханасын және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық
кітапхананың құрылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрлысы
жүргізілуде.“Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет туралы”, Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді .
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді.Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында-Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб, Қызылорда облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және “Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бөлінуден қорғалмаған. Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениетінің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен бейнелердің өзгеру жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз. Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондайақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды. Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдарының, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың “Кодекс Куманикустың ”, “Қорқыт Ата кітабының” (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), “Оғыз-наменің” (Парижде сақтаулы), “Бабыр-наменің”, “Махаббат-наменің” (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың “Құтадғу білігінің” (Каирда сақаталуы) көшірмелерін табуды, сатып алуды, немесе дайындауды жалғастыру қажет.Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттардың жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдалануы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс. Қазіргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерінің аумағындағы ежелгі түркі сына ескерткіштерін табу мен олардың көшірмелерін жасау жұмысы жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемелекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсінтас тұрғызылатын болды. Мәдени және аралас мұра объектілерін күзету аумақтарының шекарасы, өңірлері белгіленіп, Дүниежүзілік мұраның күнілгері тізіміне енген объектілірдің деректер базасы жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін басқару мен сақтау жөніндегі менеджмент жоспар жасалды. Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылардарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оқырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемелекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару қажет.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.
Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы біздің ұлттық кодымызды сақтауға өз үлесін тигізіп жатыр десек те болады.Ұлттық код дегеніміз- рухани болмыс кілті һәм қазақ халқының жады десек те болады. Соған орай біздің мәдениетімізді қалыптастыруға өзінің ең үлкен септігін тигізген ана тіліміз жайында Елбасымыз былай деген: «Қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық Қазақстандықтарды біріктіретін күш». Ана тіл және «ұлттық болмыс», «ұлттық сана» арасында өте тығыз байланыс бар ниетін қорғамайтын ұлт ертеңін ойламайтын ұлт деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мәдениеттану оқулығы;Т.Х.Ғабитов;Алматы 2019 жыл 2.Мәдениеттану оқулығы; Ш.Нағымұлы;Астана 2007 жыл Алматы, 2021
2.https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder10844/%D2%B0%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%20%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%20%D0%BA%D0%BE%D0%B4%D1%82%D1%82%D1%8B%20%D1%81%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83.pdf
3. 1.Ғабитов Т.Х.,Муталипов Ж.М.,Құлсариева А.Т..Мәдениеттану.-Алматы:2005.
4.Алтаев Ж.Философия және мәдениеттану.-А:2000
5.Маданов Х.М.Қазақ мәдениетінің тарихы.-А:1998
6.Абай.Шығармалар.А,1995
7.Ғабитов Т.Мәдениеттануға кіріспе.-А,1996.
8.Ғабитов Т.Қазақ мәдениетінің сөздігі.-А
9Д. Омаров, Е. Иманбаев. Сопы Мүсірәлі (қазақ халқының алғашқы бас пірі). – Шымкент, 2016. – 100 б. .
10.Зубов А.Б. История религии. Доисторические и внеисторические религии. М. 2012. – 350 с.Омаров Д. Единая основа мировых религий. Астана. 2014. – 352 с. Омаров Д. Шәкәрімнің «Үш анығы» (ұлы ойшылдың «Үш анық» шығармасына түсініктемелер). Дүниетаным. – Алматы, 2008. – 224 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |