СӨЖ:
Н. Оралбаева.
302-314 жаттығу.
Қолданылатын əдебиеттер:
А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996.
10-дəріс
Дəріс тақырыбы:
Синтаксистік қатынас жəне оның түрлері
Дəріс мазмұны:
Предикаттық жəне предикаттық емес қатынастардың
ерекшеліктері. Сөйлем мүшелері: тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер.
Қазір сөйлем мүшелерінің жасалуында сөйлемнің де сөйлем мүшесі болудың
негізін А.Байтұрсынов бір мысал арқылы бергені таңқаларлық білімділіктің
көрінісі деу керек. Ғалымның синтаксистегі жай, құрмалас сөйлемдер туралы
ойлары 1917 жылдан бұрын қалыптасқанына дəлел. Ол мақтануға боларлық
жайт. Сол сияқты С.Аманжоловтың сөйлем мүшелерін жаңаша, ескіше
топтаудағы əртүрлі пікірлерін енді ғана түсінудеміз. Міне, тарихта 1900-1939
жылдар аралығындағы кейбір синтаксист ғалымдар танылды. Мəселен, 1929
жылғы латын алфавитіне көшу туралы жиында 17 тілші сөйлеген екен.
Соның 12-сі А.Байтұрсынов еншісінде. Басқа ғалымдар мен олардың
еңбектері қайда? Ол еңбектердің жан-жақтылығы, зерттеу тақырыптарының
молдығы, осынша еңбектердің тілші қауымға жетпеуі аз тарихымыз үшін көп
жоғалған мұра іспетті саналуы қажет. Армян, грузин сияқты ерте дамыған
тілдерде əр ғасырдағы синтаксис жаңа авторымен белгілі, ал біз бір ғасырға
жетпейтін уақытымыздағы жетістіктеріміздің бəрін талан-таражға салып
отырғандаймыз.
|