тарапымыздан əртиптес деп аталып келді де, ғылыми талдаулардан кейін
аралас атуымен қазақ тіл білімінде орнықты
Əдебиеттер:
1. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999.
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996.
11.М.Серғалиев.А.Айғабылов.О.Күлкенова. Қазіргі қазақ əдеби тілі.А., 1991.
12.Қ.М.Есенов. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар.Алматы,1985.
13.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1998.
14.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967.
15.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
ОСӨЖ:
Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы
Қазақ тіл білімінде синтаксис, оның объектілері туралы да əр түрлі пікірлер
орын алып келді. 1940 жылға дейінгі еңбектерде синтаксистің объектісі
ретінде тек сөйлем ғана алынса, 1950 жылдар шамасында сөз тіркесі
синтаксисі, ал 1980 жылдардан кейін күрделенген сөйлемдер мен күрделі
синтаксистік
тұтастық,
тіпті
функционалдылық
мəселесі
енгізілді.
Т.Қордабаев, Қ.Есеновтің құрмалас сөйлем мəселесіне, Х.Арғынов, Р.Əмір,
Ə.Хасенов, А.Əбілқаев, О.Төлегенов, М.Томанов, Ə.Əбілақов, Н.Демесінова,
Р.Əміров, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сөз тіркесі мен жай сөйлем
синтаксисіне кеңінен назар аударды. Бұл еңбектер қазақ тілінің 1970-80
жылдар ішінде жан-жақты зерделеніп, жанрлық түрленуі мен қоғамдық
қызметінің өскенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: