13-дəріс
Дəріс тақырыбы:
Синтаксистік қатынас
Дəріс мазмұны:
Предикаттық жəне предикаттық емес қатынастар.
Салалас байланыс – синтаксистік бірліктердің өзара теңдестігінен туған
нəтиже. Бұл байланыс түрі
синтаксистің сөзтұлға, салалас құрмалас жəне
мəтін саласында қызмет етеді. Сөзтұлға синтаксисіндегі қызмет тілдегі
салаластық тіркестерді жүйелеуден көрінеді. Яғни, толық мағынаға ие кез
келген
сөзтұлға
бір-бірімен
интонация
арқылы
жəне
жалғаулық
шылаулардың көмегімен байланысады. Олардың
жеке мағыналы екендігін
бірінен-біріне бір тұлғалы сұрақтардың қойылуынан байқаймыз. Екіншіден,
ондай бірліктердің орнын алмастыруда жалпы синтаксистік мағынаға нұқсан
келмейді (сөйлемдегі ерекшеленген сөзтұлғаларға көңіл аударыңыз).
Тілімізде толық лексикалық мағынасы бар сөздер тізбегінен тұратын
бірқатар тіркестер кездеседі. Олар тіл білімінде
салаласа байланысқан
тіркестер немесе сөздердің салалас қатары деп аталып жүр. Қазіргі күні
оларды жеке мағынадағы тұлғалар десек те, синтаксистік құрылыста бір
қызмет аумағынан шықпайды. Яғни, бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана
синтаксистік тұлға ретінде танылады. Мысалы: Ақ атты, ақ сойылды, жіп-
жіңіщке сұңғақ бойлы жас жігіт алтыбақанға
жолдасынан бұрын жетті
(М.Əуезов).
Достарыңызбен бөлісу: