1.Сапалық белгілер арасындағы байланысты зерттеу. Орайластық кестелерін Xu квадрат критерийінің көмегімен талдау.
2. Қауіп факторының бағалау.
3. Орайластық кестелерін түрлендіру. Фишердің нақты критерийі.
4. Өміршеңдікті талдау әдістерінің ерекшеліктері. Өміршеңдік. Өміршеңдік функциясы. Цензурленген және цензурленбеген деректер.
5. Өмір сүру уақытының кестесі. Каплан-Мейер әдісінің көмегімен өміршеңдік функциясын бағалау. Өміршеңдік қисығы.
6. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру.
7. Дисперсиялық талдау. Бірфакторлық дисперсиялық талдауды жүргізу әдісі.
8. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Фишердің F-критерийі.
9. Дисперсиялық талдау. Екі факторлық дисперсиялық талдау жүргізу әдісі.
10. Бірфакторлық талдаудан көпфакторлық талдаудың негізгі ерекшеліктері. Өзара әрекеттесу эффектісі.
11. Корреляциялық талдаудың негізі. Сызықты және сызықты емес корреляциялық тәуелділік.
12. Корреляциялық талдау. Параметрлер арасындағы байланыстың сипаттамасы және күші.
13. Пирсонның корреляция коэффициенті және оның негізгі қасиеттері. Корреляция коэффициенттің мәнділікке тексеру. Сенімділік критерийі.
14. Рангті корреляция. Спирменнің рангілік корреляция коэффиценті.
15. Спирменнің рангілік корреляция коэффицентінің қасиеттері және корреляция коэффициентінің мәнділігі жөнінде жорамалды тексеру.
16. Регрессиялық талдаудың негізгі түсініктер және әдістері. Регрессиялық талдау моделдері.
17. Регрессия теңдеуі. Регрессия параметрлері. Шашыраңқы диаграммасы.
18. Ең кіші квадраттар әдісі бойынша сызықты регрессия параметрлерін бағалау.
19. Регрессия коэффициенттінің мәнділігін тексеру жорамалы.
20.Статистикалық қолданбалы бағдарламалардың түрлері мен мүмкіндіктері.
1.Сапалық белгілер арасындағы байланысты зерттеу. Орайластық кестелерін Xu квадрат критерийінің көмегімен талдау.
Жалпы сапалық белгілер туралы айтпастан бұрын ең әуелі белгілер дегеніміз не екеніне тоқтала кетсек.Белгі дегеніміз ол байқау нысанасының өлшенген қасиеті болып табылады және оны екіге бөліп қарастырамыз. Яғни олар Сандық жіне Сапалық белгілер болып жіктеледі.Сандық белгілерге бой ұзындығы, салма,науқастың жасы секілді өлшем бірлікте жатса. Сапалық белгілерге диагноз, шаштың түсі,науқастың жынысы және науқасытың өлі не тірі екені туралы мағлұматтар айтылады.
Жалпы сапалық белгілер дегеніміз медициналық зерттеу нысандарын сипаттайтын зерттеу нысандарына әсер ететін кіріс факторлары сонымен қатар осы секілді әсерге жауап беретін шығыс параметрлері сияқты көптеген белгілер номиналды шкала бойынша сапалы белгілер ретінде анықталады.Мысалы, науқастың ауырлық категориясы, яғни жеңіл, орта және де ауыр, өте ауыр секілді белгілер немесе емдеу нәтижесі аман қалуы немесе қайтыс болуы секілді белгілер.
Жалпы біз сапалық белгілерді талдау барысында орайластық кестелерді қолданамыз.Яғни зерттелетін белгілерді бақылау жиілігі немесе сандық емес айнымалылардың деңгейлері жөніндегі деректер категорияланған деп аталады. Жалпы мұндай деректерді жиілік кестесі немесе орайластық кестесі деп аталатын кестелерге енгіземіз. Егер де бұл кестеде екі қатар және екі баған болған болса онда бұл кестені біз 2х2 кестесі деп атаймыз.
Жалпы орайластық кестені құру барысында көрсеткіштер үшін өзара жоққа шығару принципін ұстанамыз. Яғни зерттеліп отырған көрсеткіштердің қандай да бір құбылыстың нәтижесі болғандықтан, олар бір-бірін жоққа шығарулары тиіс. Жалпы оларды жіктеп қарастырсақ.
Екі көрсеткіштің бірін-бірі жоққа шығаруы: Оң/теріс; Ер кісі/әйел; Жазылған/жазылған жоқ секілді.
Үш көрсеткіштің бірін-бірі жоққа шығару, яғни науқастың ауырлық дәрежесін бағалауды қарастырсақ болады.
Жас мөлшерінің төрт диапазондарының градациялары Яғни «20-40», «41-60», «61-80» және «81-ден жоғары» осы секілді.
Орайластық кестесін талдау, зерттеліп отырған көрсеткіштер салыстырылатын топтарда бірдей жиілікпен кездеседі немесе кестенің бағандары мен қатарлары арасында өзара байланыс жоқ деген нөлдік жорамалды тексеруге мүмкіндік береді.
Тексеруден өткен тұлғаларды сипаттайтын екі сапалық белгі бар және олардың әр қайсысына бөлек баға беріледі.Егер мысал келтірер болсам. Мысалы, шылым шегетін және де шылым шекпейтін пациенттерде миокард және инфарктының пайда болу жиіліген зерттер болсам. Жалпы зертеу барысында біз Н0 жорамал алған жағдайда яғни осы екі топтың миокарт инфарктымен ауыратын пациенттер үлесі бірдей болмаған жағдайда зерттеу нәтижесі екі бағанадан және екі қатардан тұрады. Яғни өлшемі 2х2 болатын төрт торлы орайластық кестесіне енгіземіз.Яғни біз Н0 жорамалды тексеру үшін Пирсонның Хи-квадрат критерийі қолданамыз.
Х2 критерийі кез-келген кесте үшін жалпы формуламен анықталады.
x^2=Σ((o-E)^2/E) формула жазылмай калган жағдайда осылай жазыңдар
Мұнда О дегеніміз – тәжірибе нәтижесінде бақыланған жиіліктер,ал Е – күтілетін жиіліктер болып табылады.
Хи2 крит қолдануға қойылатын талаптар:
1.Деректер өзара жоққа шығарылатын категориялардан әрқайсысы үшін саналған бүтін сандармен өрнектелген жиіліктер түрінде берілу тиіс.
2.Бақылау жалпы саны 20дан көп болуы тиіс.
3.Н0 жорамалға сәйкес күтілетін жиіліктер саны әр торда 5тен кем болмауы тиіс.
4.Деректердің таралу түріне қатысты ешқандай шектеу шектеу болмауы тиіс.
5.Салыстырылатын топтар өлшемі шамамен бірдей болуы тиіс.
6.Егер 2*2 орайластық кестесінің қандай да бір торына күт.жиілік 5 тен аз болса,онда Фишердің дәл крит қолданылады.
Жалпы есепті шығару 8 сатыдан тұрады. Олар:
Нөлдік және балама жорамалдарды анықтау.
α=0,05 мәнділік деңгейін береміз.
Жалпы бақылау бойынша алынған мәндерді орайластық кестесіне енгіземіз, сонымен қатар маргинальды қосындыларын есептейміз.
Нөлдік жорамал дұрыс болған жағдайды орайластық кестесінің әрбір түсетін жиіліктер саны- күтілетін жиіліктерді есептейміз.
Жалпы алынған нәтижені күтілетін жиіліктер кесіндісіне енгіземіз.
Х2 критерийінің мәнін есептейміз.
Х2 критерийінің сыни мәнін df =(қатарлар саны - 1) * (бағандар саны - 1) және α=0,05 болған жағдайда кестеден қарап мәнін анықтаймыз.
Н0 жоққа шығарылады, егер Х2бақ > Х2сыни
Н0 қабылданады, егер Х2бақ < Х2сыни, Яғни есептеу мәні мен сыни мәнін салыстырамыз.
Қорытынды жазамыз.
2х2 кестесі үшін Х2 критерийін есептеу бақыланған жиіліктер мен күтілетін жиіліктер арасындағы айырмашылықты айқындауға негізделген.
Яғни орайласқан кестесінің қатарында немесе бағандарындағы көрсеткіштер арасында өз ара байланыс жоқ болған жағдайда бақыланған жиіліктің теориялық жиіліктерден аз ғана шамаға айырмасы болады және Хи-квадрат статистикалық есептелген мәні үлкен емес болады.Ал керсінше болса, яғни қатарында немесе бағандарындағы арасында өз ара байланыс болған жағдайда бақыланған жиіліктің арасында маңызды айырмашылық болады және Хи-квадрат статистикалық есептелген мәні үлкен болады.
Кей жағдайда 2x2 кестесіндегі χ 2 үшін келтірілген формула жоғары мәндер береді. Іс жүзінде, бұл нөлдік болжамның тым жиі қабылдан бауына алып келеді. Бұл әсерді болдырмау үшін формулаға Йетс түзету енгізеді:
Х^2/есептеу=n(ad+ab-n/2)^2/(a+b)(c+d)(a+c)(b+d)
Егер 2х2 кестесінде бақылау саныең болмағанда бір торкөзде төрттен кіші болса, онда біз мын формуланы қолданамыз.
X^2=((a+a0)/a0)+((b+b0)/b0)+((c+c0)/c0)+((d+d0)/d0)=n(ad+bc)^2/(a+b)(c+d)(a+c)(b+d)
Қорытындылай келер болсам жалпы сапалық белгілер медицинада аса алар орны зор болып табылады. Жалпы сапалық белгілер арқылы науқастардың аурулық кезеңін есепке ала аламыз және тек қана аурулық кезеңін ғана емес соны мен қатар науқастың өмір бойлық өлшем бірліктерін де есепке ала аламыз. Сапалық белгілерді талдау барысында орайластық кестенің не екенін ұқтық. Сапалық белгілер кезде біз Йетс түзетулерін және Фишер критерийлерін қолданамыз. Жалпы Фишер критерийлерін тек бақылау саны өте аз болып қалған жағдайда қолданамыз. Яғни орайласқан кестені талдау мақсатында қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |