84% Әбдіқадыр Сымбат 4.Өміршеңдікті талдау әдістерінің ерекшеліктері. Өміршеңдік. Өміршеңдік функциясы. Цензурленген және цензурленбеген деректер. Өміршеңдікті талдау (Survival analysis) статистикалық әдістері биостатистикада ерекше орын алады. Жалпы олрдың көпшілігі дерлік басқа статистикалық әдістерге қарағанда біршама кеш жасалынды.Жалпы өміршеңдік талдау әдістері медицинада оқиғаның яғни , өлім пайда болғанына дейінгі уақытты талдау - пациенттің қандай-да бір бастапқы оқиғаның (мысалы, диагноздың қойылуы) басталған күнінен бастап өлшенген уақыт аралығынан артық өмір сүре алу ықтималдығын бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық әдіс болып саналады.
Жалпы өміршеңдікті талдау әдістерінде өзіне тән ерекшеліктер бар және олар толық емес деректерде қолданылады. Толық емес ақпараттардан тұратын бақылау цензурирленген бақылау деп аталады.
Цензурирлеу термині алғаш рет 1949 жылы қолданылған. Талдау барысында цензурирленген деректерді қолдану, қарастырылып отырған әдістердің ерекшелігін анықтайды. Жалпы бұл әдістерде –өмір уақыты, өміршеңдік функциясы, өмір уақытының кестесі, өміршеңдік қисығы, Каплан-Мейер процедурасы сияқты ұғымдар қолданылады және іске асады.Жалпы Цензурленген бақылау деген болады. Оларды жіктеп қарстырамыз:
Өмір уақыты – бұл қандай да бір оқиға пайда болғанға дейінгі уақыт.
Оқиға: ауру симптомының дамуы, ауру ағзаның емге реакциясы,аурудың қайталануы (рецидив) немесе өлім.
Өмір уақыты: аурудың дамуына дейінгі уақыт, емнің басталуы мен оған реакция болғанға дейінгі уақыт, ремиссия(денсаулықтың жақсара бастауы мен рецидивке дейінгі) уақыты, өлімге дейінгі уақыт.
Өміршеңдікті талдау барысында деректердің екі түрі қолданылады. Олар:
Цензурирленген деректер- бұл толық емес деректер.Яғни:
Пациенттердің барлығы әлі тірі, яғни зерттеу уақытында өлім уақиғасы болған жоқ және өмір уақыты белгісіз.
Зерттеліп отырған ауруға немесе ауруға қатысы жоқ себептерден өлім уақиғасы орын алады.
Әрі қарай зерттеуге қатысушы болып саналмайды, зерттеуден белгісіз себептермен шығып кетуі мүмкін.
Бұл жағдайлардың бәрінде зерттеліп отырған аурудың ұзақтығы белгісіз болып қалады.