Қайырымдылық –
адам жанының нұры
Орындаған: Әбдіқадыр
Ержүрек
3 “Б” сынып оқушысы
Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген. Ізгі істерді үлкенді-кішілі деп бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақтастық ортасының орнауына ерекше назар аударған. Жобаның мақсаты осынау бабалар аманатын бүгінгі ұрпақтың санасына жеткізу.
Ғылыми жобаның мақсаты
Қайырымдылық – адам баласы үшін ең сауапты, қайырлы іс. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Егер адамдар бір-біріне жанашырлықпен аялай қарап, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, адамгер-шіліктің ақ жолымен жүретін болса, жер бетінде тек бақытты жандар өмір сүрген болар еді.
р
Қайырымды адам -
айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды. Оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, адам баласына әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.
Қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық әлем халықтарының байырғы заманнан келе жатқан дәстүрі. Яғни, жалпы адамзат баласына тән адамгершілік құндылық.
Шынайы жанашырлық көрсету, бір-біріне қамқор болу қазақтың қанына сіңген қасиет.
Халықты береке-бірлікке шақыратын
АСАР
дәстүрі
Басына қиын-қыстау күн туған жандарға ел болып жинап беретін көмек
ЖЫЛУ ЖИНАУ дәстүрі
Қайырымдылық жасаудың белгісі –
түрді, орынды, уақытты, мақсатты таңдамайтын, адамның еркінен тыс орындалуы
Қайырымдылықтың себебі – басқаларға көмек беруге деген ниет
1.ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК
Азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек және тағы басқа ұсыну. сондай-ақ суды тазарту және білім беру жөніндегі іс-шараларды тегін ұйымдастыру
2. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Елдің ерікті топтарының халықтың қорғалмаған топтарымен, балалармен, қарттармен және мүгедектермен жұмыс жасауы.
Кез келген елде қоғамдық қолдауға ие
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚОРЛАРЫ
жұмыс жасайды
Олар әр түрлі акциялар мен марафондар өткізеді
Биыл Елімізде мемлекет басшысының бастамасымен
“ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ”
атты республикалық ауқымды жоба ұйымдастырылды.
Жоба аясында 7 мыңнан аса іс-шаралар өткізілді.
Қайырымдылық іс-шаралардың ішінде ең көп өткізілетіні
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ
“МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК”
ВОЛЕНТЕРЛЕР
Өз еріктерімен алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретінде тегін көрсететін адамдар
Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:
* Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі.
* Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау.
* Табиғи және техногенді апаттың алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.
* Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, университет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету.
* Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу.
* Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу.
* Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу.
МЕЦЕНАТТАР
Ғылым мен өнердің дамуына ерікті және ақысыз негізде үлес қосатын және жеке қорынан қаржылай көмек көрсететін кісілер
Зерттеп, зерделей келе жасалынып жатқан әрбір қайырымдылық іс әрекеттің адам баласы үшін де, жалпы өзіміз өмір сүріп отырған қоғам үшін де маңызды екенін түсіндім.
Мен өз достарыма, сыныптастарыма және айналамдарғы барлық адамдарға қайырымдылықты дәріптеп, қайырымды істерді көптеп жасауға шақырамын.
Өзім де өскенде Волентер болып, қайырымды істерді жиі жасайтын боламын
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |