Лекция Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі



Дата03.04.2020
өлшемі68,5 Kb.
#61419
түріЛекция
Байланысты:
Тапсырма 9 апта ТиМВР
999999, Сөж физра
Лекция 9. Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі

1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.

2. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы «дарындылық» феномені.

3. Дарындылықтың диагностикасы.

4. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары.

Сұрақ-тапсырмалар:


  1. Сынып ұжымына зерттеуді қалай жүргізесіз?

Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы.Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Тұлға жан-жақты даму мүмкіндігі ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандағы болуы басты шарт болып табылады.Сынып ұжымын зерттеу:

1)Алдын-ала танысу.Алдын-ала танысқаннан кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға,оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

2)Бақылау.Бақылау-оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді.Егер сынып жетекшісі ұжымды,жеке оқушыны бақылай отырып,фактілерді жәй ғана тізе бермей,ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға,мұны талдап түсінуге ұмтылса,бала дамуыгың өзгерістерін қадағаласа,бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.

3)Табиғи эксперимент.Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін,өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын,өзін қалай ұстайтынын,белсенділігін және мінезін,тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.

4)Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау.Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес,олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері,қызмет нәтижелері бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.

5)Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімедлер.Егер әңгіме жағдайда өтіп,нақты жайды талдаумен байланыста болса,өте жақсы

6)Оқушыларды зерттеу үрдісіне сауалнаманы қолдану.Сауалнамада адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді,айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтау,ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі.

7)Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану.Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды,жақтырмауды немесебір-біріне деген немқұрайлылықты анықтауға,сыныпта кімнің беделі жоғары,ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді.



  1. Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесіне қосар үлесіңіз?

ХХI ғасыр-бәсеке ғасыры,бұл бәсекеде енжарлықты,керітартпалықты көтермейді.Бүгінгі таңдаағы негізгі мақсат-ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру,ізденімпаздыққа үцренту және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады.Дарынды балалармен жұмыста білім беру,тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес,балалардың өз күштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.Дарынды балалармен жұмыс істеуде мына ережелерді басшылыққа алған жөн деп ойлаймын:

1)Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;

2)Күрделі мақсат идеясы(оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып,оны орындай алатынына сенімін нығайту);

3)Өзіндік талдау(оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

4)Ерікті талдау(мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалана алуы);

5)Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;

6)Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

7)Ата-аналармен ынтымақтастық құру;



Тапсырма-1. Кестені толтырыңыз, мән-мағынасын ашыңыз
AutoShape 133AutoShape 137

AutoShape 134AutoShape 138

AutoShape 135AutoShape 139
Тапсырма-2. Дарынды балалармен жүргізілетін оқудан және мектептен тыс жұмыстарды берілген кестеге толтырыңыз

Интеллектуалдық бәсеке

«ХХI ғасыр көшбасшысы»интеллектуалдық ойыны,мектепішілік «Абай оқулары»

Шығармашылық байқаулар

Мектепішілік «Біз таланттарды іздейміз»сахналық өнер байқауы, «Алтын күз» , «Жігіт сұлтаны» «Қыз аруы» байқаулары «Жас қанат» әдеби шығармашылық байқауы «fotostil»сәндік жобалар байқауы және т.б.

Кіші Ғылым Академиясы

Ғылыми жобалармен мектепішілік,облыстық және республикалық жарыстарға қатысу және т.б.

Олимпиадалық резерв мектебі

Мектепішілік,облыстық,республикалық олимпиадаларға дайындық және қатысу т.б.

Шығармашылық және танымдық бірлестіктердегі іс-әрекет

«Шебер қыл қалам»студиясы, «Айгөйлек»би студиясы, «Пікірсайыс дебаты»клубы және т.б.

Ұжымдық шығармашылық істер

Мерекелік кештер,КВН,викториналар және т.б.

Сыртқы бағдарламаларға қатысу

Пікірсайыс,қалалық,облыстық,республикалық шығармашылық байқауларға қатысу және т.б.

Спорттық жұмыс

Спорттық үйірмелердегі жұмыс,мектепішілік спорттық жарыстар,қалалық,облыстық жарыстарға қатысу және т.б.

Тапсырма-3. Дарындылықтың бағыттарын атаңыз




Интеллектуалдық дарындылық


Көркемдік-шығармашылық дарындылық

Спорттық дарындылық


Тапсырма-4. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлерін атаңыз


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері

1.Тестік жұмыстар

2.Үлестерме қағаздармен жұмыс

3.Қосымша әдебиетпен жұмыс

4.Оқушылардың олимпиадаға қатысуы

5.Олимпиадағы қатысушысы оқушыларды іріктеу,саралау

6.Логикалық қабілеттерін дамытуға арналған материалдар

7.Пәнге қызығушылығын анықтаудағы жұмыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет