Қабылдаған: Орындыған: Сапарбай Аружан Тобы: ппм-911 Түркістан 2020ж Ұстаз – ұлы есім «ххі ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр»



Дата25.01.2022
өлшемі26,45 Kb.
#114202
Байланысты:
Баяндама ұстаз ұлы тұлға
8 апта Презентация Сапарбай Аружан

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық-ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Ұстаз – ұлы есім

Қабылдаған:

Орындыған: Сапарбай Аружан

Тобы: ППМ-911

Түркістан 2020ж

Ұстаз – ұлы есім

«ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр», - деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекеттің басты назарында. Білім мен ғылымның қазіргі дамуына оңтайлы әсер ету үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, оларды таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Қандай бір заманда, қандай бір реформа жағдайында болмасын білім ордасы – мектетегі басты тұлға – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арлқылы жүзеге асырылады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болмақ. Рухани байлықтың түп – тамыры ең алдымен әр халықтың ұлттық салт – дәстүрі, мәдени байлығында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты адамзат ұрпағының адам тәрбиелеу, білім беру ісіндегі озық үлгілерімен, тұғырлы ұстанымдарымен тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өз - өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – міне, бүгінгі таңның басты мәселесі осы болып отыр.

Еңбексіз талант – тұл. Шығармашылықтың негізі - іздемпаздықта жатады. Бұл орайда ұлы Абайдың: «Өзіңе – сен, өзіңді сүйреп шығар» деген даналық сөздері еріксіз ойға оралады.

Орыстың бiлгiр философы Павел Флоренский былай дейдi: «Белгiлi бiр ұлттың мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы тiрнектеп жетiл­дiрiп, тырнақтап қалыптастырған ұшан-теңiз ұлттық құндылықтары сол ұлт өкiлiнiң бойына қалай сiңедi және не арқылы сiңедi? Тек тiл арқылы. Тек ұлттық тiл арқылы ғана. Демек, ұлттық тiл – энтелехияның нағыз қайнар көзi».

Адам қандай еңбек жағдайында болса да қандай да бір еңбек көлемін атқаруға тура келеді. Ол белсенділік пен шығармашылық табыстар көрсете ала ма, ол үшін кәсіби өсуге тиімді жағдайлар бар ма? Мұғалім еңбегі қалай бағаланады, материалдық-тұрмыстық жағдайы қандай дәрежеде?

Білім беру жүйесінде, адам құндылықтарын арттыру дәуірінде, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кіру кезеңінде бұл мәселелер бүгінгі күн тәртібінен түспек емес. Солай десек те, мұғалімнің өзіне де көп нәрсе байланысты. Олардың табандылығы мен жаңаны қағып алатын шапшаңдығы, қоғамдық белсенділігі, тапқырлығы көп нәтиже береді.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өрісі биік өскелең мәдениетінің түп – төркіні сонау Орхон – Енесей ежелгі түркі жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама Әл – Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған ортағасыр ойшылдары: Баласағұн, Қашқари, Иссауи трактаттары, сондай – ақ Алтын Орда дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектері – қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар.

Ал Асан қайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа, т.б. сол сияқты күміс көмей, жез таңдай ақын – жыраулардың әр түрлі өмір құбылыстары адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама...

Бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары Абай, Шоқан, Ыбырайлармен қатар ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой – пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық, психологиялық тұжырымдарды қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі.

Мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астаса келіп, бүгінгі заман ұстазы қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін ұстаз оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құруы, яғни тұлғаны дамытудың қозғаушысы болатындай, өз ісінің хас шебері болуы шарт.

Ұстаз – ең әуелі өзінің азды – көпті өмірін халқына, еліне арнаған, айналасына имандылық, адамгершілік, мейірім шуағын сепкен, тәлімнің қайнар бұлағы, үлгісі, соңынан адам баласын білім мен ізгілікке қалай жетелеу керектігі жөнінде тағылым – өнеге қалдырған ұлы тұлға.

Шыны керек, ұстаз ғалымның да, батырдың да, ақынның да білімін үйрететін, төзіммен түлететін адал жан. Оның еңбегі әлемдегі қаншама сұлулық пен жылулыққа да тең. Шабытты шәкірттің санасын шарықтататын, бұлақ көрсе көзін ашатын, әлемге білімнің нұрын шашатын- ұстаз. Ай астындағы айбынды да аяулы, жер үстіндегі жәннатым да жерұйығым –Қазақстанның деңгейін көтеру міне, солардың қолында. Мұғалімнің білім шекарасы кең болса, оқушының да ой-өрісі кең болады, ал, саналы ұрпақпен елдің болашағы жарқын болмақ. Мұғалім оқушының тәлімгері , тіпті сенім артар серігі десек артық болмас. Артылған сенімді ақтай алатын ұстаздың да келешегі кемел. Дарынды данагөйлердің , даңқты дарабоздардың өзі ұстаздар жайлы қалам тартпай өтпеген. Ұстаздың ел алдындағы мәртебесі тым биік, оны қадірлейтін, құрметтейтін, сыйлайтын халық бар. Мен ұстаздардың өзі ұстаздардан дәріс алғанын ойлап, тереңнен толғанып қарасам, алма-кезек дәуреннің құндылығы осында жатқандай. «Мектеп кеме- білім теңіз» дейді дана қазақ. Иә ,сол мектептің , білім орданың бетке ұстары, адамның тірегі –қаңқа болса, мектептің тірегі ол - ұстаз. Ой елегінен өткізіп ойланатын болсақ тәуелсіз еліміздің болашағын ойлар ақылды да айбатты, елін, атамекенін, туған жерін сыйлайтын патриот , пайымды ,түйінді санамен шешетін айбынды азаматты жетілдіруде ұстаздың орны бөлек, зор екені баршамызға аян.

Кейінгі буындардың білімге деген құштарлығын ұстаз арттырады. Ғаламдағы мамандық ерекшесі ұстаздық болған соң, ондай мамандыққа немқұрайлы қарамауымыз керек. Себебі дүниедегі адам атаулының барлығы мұғалімнің алдынан өтетіні сөзсіз. Ұстаз барлық адам баласына жағылған шырақ, ағып тұрған бұлақ. Ұстаздарға барлық әлем бас иеді. Себебі, олар тілі өнерге тамыздық болған тілші де, жалынды жазушы да, көмейіне бұлбұл ұя салған әншілер де, он саусағынан бал тамған ұсталар да барлығы да ұстаздардың тәлімінен сусындаған, білім алған. Оқушының ойына нұр құйып, келешектерінің кемел болуына кәміл сенетін ұстаздар секілді маман болу әр адамның, мыңнан бірге ғана қонатын бақ екенін бірі білсе , бірі білмес.

Бүгінгі таңда білім беру жаңартылған жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Осыған орай ұлағатты ұстаздар өз қиялын іске қосуда, оның арқасында Қазақстан қарқынды даму үстінде келе жатыр. Ұстаз – ол қарапайым ғана емес, оның әр берген білімі, баулыған тәлімі, ел үшін үлкен мәртебе мен абыройға татиды. Оқытушы болған түрлі тағдыр көреді, жасқанбайды, төзеді,масаттанбайды, көнеді. Мейірбан мұғалімнің бір сөзге келген уәдесіне берік, сөзінен шыншыл екенін анықтап байқауға болады. Ұлағатты ұстаз, данагөй, сыйлы барлық марапатқа ие мұғалім, биік белестерді бағындырып та үлгерген. Білімді сүймеген , құрметтемеген , оқытушыны қадір тұтпаған шәкірттің ғылым көкжиегінде де нәтижеге жетпейтіні айдан анық. Әр адам біздің тарихымыздағы секілді өздері бір дара адамды ұстаз тұтқан, мақтан тұтқан. Мысалы , Абылай Төле биді, Шәкәрім Абайды, Жамбыл Сүйінбайдың өнеріне сүйсініп, пірі еткен, жыры еткен. Сол үшін де ұстазды сыйлау, сонау ата-заманнан қалыптасып келе жатқан бір дүние, бір құбылыс. Ұстаздарды құрметтеу- болашаққа міндет болып жүктеледі. Олай болса біздің ғана емес, өзге даналарымыздың ұстаздар туралы ойына шолу жасап шықсақ. Абай атамыз адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады десе , екінші ұстаз Әбу-Насыр Әл-Фараби «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген.

«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» Ыбырай Алтынсарин...

«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» Александр Македонский

Міне осылайша әлем жазушылары, халық жазушылары жырлап өткен даналардың сөзіне құлақ түрдік. Тереңнен толғана жазып, философиялық ойды осындай сөздерден түйдік. Жастарды жаңа бағытпен , дара тыныспен ғана белеске жетелететін ұстаз- келешектің кепілі. Ұстаз дегеніміз – мұқым тарихты, елдің өткені мен бүгінін, ғылымы мен білімін, қойнауы қазына жаңа тыныспен шәкірттерге танытатын болашақтың кілтін ұстар ұстаздар. Ұстаздық жол – оқушыға қалам ұстатумен шектелмейді, оған білім нәрін шашуға беттеледі.

Ел болашағы , Қазақстанның келешегі тек білімді де білгір көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен шәкірттердің сонымен қатар пайымын паңдықпен емес ұлтжандылықпен шешетін дүлдүл дарабоздардың , бұлбұл қарагөздердің қолында. Жаңашылдықтан жанасқан жаңа бағыт болашақ бағдарына- ұмтылу, тірнектеп талпыну. Балаларды білімге бейім ету , олардың құштарын ашу, кілтін тауып, шатқалға шарықтату – заман талабы мен қатар келген үлгілі ұстаздың ісі. Білім алушыларға білікті маман білім берсе ұрпақ сабақтастығы арқылы білім өрісі кеңейе түсіп өрістеуі, өскелең ұрпақтың өркен жаюына алып келеді. Жаңа идея , жаңа ұстаз, жаңа шәкірттер жаңа ғасырдың жаңалықтарының айғағы. Өмір парқын ажырату, білімнің пәл-сапасын көтеру жаңа озық ойлы ететін оқулықтар озат оқушыларға зор көмек, керемет құрал...Қанатын ғылымның ұшқынымен жайған, аты ардақты ұстаз болдық делік. Ұстаз болсақ, мейлінше оқушыға бар білгенніммен бөлісіп, бір қолдың саласындай , бір үйдің баласындай қарап, көзқарасымызды тереңге алмастырсақ – келешектің қамының бір парасы түзелердей. ХХІ ғасырдың ұстаздары тек білімнің жолдасы болуы тиіс.



Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани азықты молынан санамызға сіңіртетін ұстаз атаулының орны мәңгі биік төрде. Көне дәуірден өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаздың еңбек жемісі мол.

«Болашақтың баспалдағынан сүрінбей ,сағым сынбай , қаймықпай кедергілерге қарсы тұрып жігерім мұқалмай, ұстаздық жолдың тар жолынан тайғақ кешіп таймай берік ниет, бекем үмітпен келешекке кемел ұрпақ үшін қадам басамын. Көз майымды тауысып , білім әлемімен тереңінен тағы танысып, санамдағы игі білімді шәкірт санасы мен түйсігіне жеткізуге әзірмін» дейтін мұғалімдеріміз көп болсын. Білімді ұстаз- заманның басты көркі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет