1 – тақырып. «Балалар дарындылығы » ұғымының мәндік сипаттамасы
Негізгі ұғымдар: дарындылық, талан, қабілеттер
Дарындылықтың белгілері
Негізгі ұғымдар: дарындылық, талан, қабілеттер
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың даму бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ.
«"Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда теменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі"
Педагогикалық энциклопедияда «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерінің жете жақсы дамуының жоғары сатысы» - деп атап көрсетііледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған.
Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалым мен оқушының оқубарысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған.
Ресей зерттеушісі А.И. Савенков бала дарындылығын өз қатарластарынан белгілі бір дамудың көрсеткіштері бойынша оқ бойы озық шығаратын белгі ғана емес, сапалық жағынан да ерекше құбылыс деп таниды.
ХІХ ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған.
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласын»- деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын.
Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған.
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.
Дарындылық – арнайы кәсіби даярлығы бар адамдар қарастырылдаы. Параметрлерге сүйене отырып, аса көрнекті қабілеттілік, іс-әрекетенде жоғары көрсеткіштерге жеткен; оқуда, жемісті шығармашылық; ойлау, қабілет
Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар.
1971 жылы Бертон Уайт 6 жастағы дарынды балаларды зерттеген. Баланың ойлауы мен сөзінің дамуы тез болатындығын байқаған. Мысалы, тез оқу (100-200 сөз бір минутта). Ойлауы дарынды бала орта еспепен екі жылға өз жолдастарынан озып отырады, ересектерден де озуы мүмкін. Тез, терең, нақты ойлайды. Дайын жауаптарды қажет етепйді. Күрделі тапсырмаларды ұнатады.
Дарынды балалардың ерекшелігі:
Өте жақсы есте сақтайды;
Зер қоюя ерекше;
Байқағыш;
Елестетуінің дамуы;
Нәтижеге жетуде өте тұрақтылық көрсетеді.
Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
Бірінші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Интеллект психологиясын зерттеуші М.А.Холодная дарынды баланың 6 категориясын береді:
1. жинақы;
2. ойдағыдай оқушы;
3. креативті;
4. құзыретті;
5. талантты;
6. ақылды.
Егер де Лейтестің категориясымен келіссек, онда оған академиялық дарындылықты қосу қажет.
Сонымен дарынды бала деп,
Арнайы интеллектіні зерттеу көрсеткіші бойынша жоғары көрсеткіші бар балалар;
Шығармашылық қабілеті бар балалар;
Белгілі бір әс-әрекеттерге жетуші балалар;
Мектепте жақсы оқитын оқушылар жатады.
Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады.
Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне қолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді.
Дарындылық ұғымын толықтыратын ұғымдар
Нышан дегеніміз- қабілеттің дамуының анатомиялық-физиологиялық алғышарты.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз- адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Данышпандық дегеніміз- қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |