Негізгі ұғымдар: дарындылық, талан, қабілеттер



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі25,17 Kb.
#81187
1   2
Байланысты:
1 лек (1)
1 лек (1)
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.
Дарындылық – қызметтің табысты орындауын қамтамасыз ететін қабілеттердің сапалы өзіндік байланыстыруы; адам мүмкіндіктерінің кеңдігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері; ақыл потенциалы, немесе парасаттылығы, оқуға деген танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттердің біртұтастық жеке сипаттамасы; қабілеттердің, табиғи көрсеткіштердің жиынтығы, қабілет табиғи себептерінің айқындалу және өзіндікі деңгейінің сипаттамасы; таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі.
Дарындылықтың белгілері
Дарындылықтың белгілері – дарынды баланың шынайы іс-әрекеті кезінде көрінетін ерекшеліктері және олар оның әрекетін бақылау кезінде бағаланады. Айқын дарындылықтың белгілері оның анықтамасында берілген. Баланың дарындылығын «істегім келеді», «істей аламын» деген екі категорияның бірлігі арқылы түсінуге болады. Дарындылықтың белгілері баланың мінез-құлқының екі аспектісін қамтиды: инструменталды және уәждемелік. Инструменталды –оның іс-әрекетінің жолдарын (тәсілдерін) көрсетеді. Уәждемелік – ақиқаттың осы және келесі жағына, сонымен қатар өз әрекетіне баланың қатынасын көрсетеді.
Дарындылықтың мінез-құлықтық белгілері вариативті және қарама-қайшы болуы мүмкін, олар көп жағдайда әлеуметтік ортаға тәуелді. Дегенмен де, осы белгілердің бірінің бала бойында анықталуы маманның назарын бірден аударта отырып, нақтылы жеке жағдайларға ұзақ мерзімде талдау жасауға түрткі болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет