Қазақстан Республикасындағы акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы жөніндегі жалпы түсінік. Босануға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау. Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы жөніндегі жалпы түсінік. Босануға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау. Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. Жүктілік физиологиясы. Акушерлік ғылым- жүкті және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы. Бұл ғылымұрықтану,жүктілік,босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі әйел организіміндегі физиологиялық және патологиялық құбылыстарды және жүктіліктің, босанудың асқынуларын, емін
және алдың алуды зерттейді.
Ана болу – табиғат алдындағы әйелдің басты міндеті К.Ф.Славянский
Акушерия гинекологиялық қызметтің мақсаты – жүктілікті көтеру қабілетін, жүктілікті уақытына жеткізу және дені сау бала туу үшін әйелдердің репродуктивті деңсаулығын сақтау
Қызметі: 1. Жүктілерді есепке алу - диспансеризация
2. Жүктіліктің асқынуларың алдын алу, ана мен бала аурулары мен өліміналдың алу.
3. Қалаусыз жүктілікті болдырмау.
4. Барлык әйелдер турғындарды есепке алу диспансеризация.
5. Әйел өміріндегі барлық кезендердегірепродуктивті жүйенің ауруларың алдын алыпемдеу.
Акушерлік – гинекологиялық мекемелер түрлері: Фельдшерлік-акушерлік пункт
Отбасылық дәрігерлік амбулаториясы
Негізгі әйелдер кеңесі+
Перзентхана
Перинаталдық орталық
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
Репродуктивті жүйе Әйел ағзасының ең маңызды жұмысы болып өзіне тән ағзаны дүниеге әкелу болып табылады. Әйелдің репродуктивті қызметі – дүниеге болашақ ұрпақты әкелу жүктілік және босану.
Репродуктивті жүйенің жетілгендігінің белгісі – етеккір циклінің тұрақталуы болып табылады.