Қазақстан Республикасындағы акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы жөніндегі жалпы түсінік. Босануға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау. Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері


Репродуктивті жүйенің жағдайына байланысты ажыратады



бет2/7
Дата28.05.2022
өлшемі41,65 Kb.
#145356
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
?аза?стан Республикасында?ы акушерлік- гинекологиялы? к?мекті ?й

Репродуктивті жүйенің жағдайына байланысты ажыратады:

  1. құрсақ ішілік кезең;

  2. нәрестелік кезең(1 жасқа дейін); балалық(7-8 жасқа дейін);

  3. жыныстық жетілу – препубертатты(14 жасқа дейін) және пубертатты(17 жасқа дейін);

  4. бала туу немесе репродуктивті (40-45 жасқа дейін) кезеңдері.

  5. Содан кейін соңғы етеккірі болады – менопауза, келесі кезең организмнің солуына байланысты постменопауза кезеңі.

  6. Менопаузаға дейінгі 2-3 жылды (пременопауза) және кейінгі 2 жылды (ерте постменопауза) перименопауза деп атайды.

Етеккір циклі. Дені сау әйелде кезеңді (циклды) көрініс ретінде көп және ұзақ емес жыныс жолдарынан қан кету болады, ол етеккір деп аталады. Етеккірдің кезеңді түрде келуі жыныс жүйесіндегі және бүкіл
организмдегі күрделі көптеген циклды өзгерістермен байланысты. Сондықтан әйел организмінде өтетін циклды процестер кешені етеккір циклы деп аталады.
Етеккір циклы және оның реттелуі
Әрбір қалыпты етеккір циклы әйел организмінің жүктілікке дайындығы болып табылады. Ұрықтану және жүктілік әдетте етеккір циклының ортасында овуляция (жетілген фолликулдың жарылуы) және ұрықтануға дайын аналық клетка шыққаннан кейін болады. Егер бұл кезеңде ұрықтану болмаса, ұрықтанбаған аналық клетка өледі, ал дайындалған жатырдың шырышты қабығы сылынып түседі де, етеккірлік қан кету басталады. Сонымен, етеккірдің келуі әйел дайындалуға бағытталған күрделі циклдық өзгерістердің аяқталғанын көрсетеді.

  1. Алғашқы етеккір (менархе) 11-13 жаста келеді.Бірден немесе 1 жыл ішінде калыптасады
    Орташа ұзақтығы 21-35 күн. 60 пайыздан көп әйелдерде орташа 28 күн

Етеккірлік қан кету себебі жатырдың шырышты қабығының түсіп, қан тамырларының жарылуымен
байланысты. Бұл кезде шырышты қабығының функционалдық қабаты бөлініп түседі. Қалыпты
етеккір циклында қан кету ұзақтығы орташа 3-6 күнге тең және көптеген факторларға алдымен эндометрий регенерациясының жылдамдығына байланысты болып келеді. Кететін қан көп емес және орташа (етеккірдің барлық күндері) 50 мл құрайды, етеккірлер ретті, ауырмай келеді.
Етеккірдің басталуы әлі организмнің жүктілікке дайындығының дәлелі емес. Егер жүктілік 17 жасқа дейін пайда болса, онда жүкті әйелді “жас” алғашқы босанушылар қатарына жатқызады. “Жас алғаш босанушылар” физикалық және психологиялық тұрғыдан баланы дүниеге әкелуге және тәрбие беруге дайын емес деп есептеледі. Әйел организмі босануға 17—18 жаста толық дайын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет