Алғашқы-медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру
Мақсаты :
Мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау жауапкершілігі ұстанымдарына сүйенген,халықтың
денсаулығын жақсартуға , алғашқымедико-санитарлық көмектің дамуына бағыттылған медициналық көмектің нәтижелі жүйесін құрастыру
Алғашқы медико-санитарлық көмекке кіреді:
• Жиі таралған аурулардың,сонымен қатар жарақаттардың,улануларлың және басқа қауіпті жағдайлардың диагностикасы мен емі,
• Санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы шаралар және аурулардың алдын-алу,
• Гигиеналық оқыту халықты тәрбиелеу,жанұяны, ана, әке және балалық шақты қорғау,
• Қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және рационалды тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстары.
• . Емхана – халыққа алғашқы медикосанитарлық, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, алдын алу,диагностикалау және емдеу қызметтері бар медициналық ұйым.
Емхана құрылысына бөлімдер кіреді:
1) жалпы тәжірибе және/немесе аймақтық қызметкер, күндізгі стационар және қосымша қызметтер;
2) мамандандырылған көмек;
3) лабораторлы-диагностикалық көмек.
АМСК орталығы– халыққа алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым.
АМСК орталығының құрылысына жалпы тәжірибелік дәрігер және/немесе аймақтық
қызметкер, лабораторлы-аспаптық диагностика, күндізгі стационар және қосымша қызметтер кіреді.
Дәрігерлік амбулатория – халыққа алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін, өзіндік заңды тұлға болып табылатын, АМСК орталығының құрылымдық бөлігі немесе жалпы тәжірибе болатын
және/немесе аймақтық бөлімі болып табылады.
Әйел жыныс мүшелері АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жыныс мүшелері: қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері, шүрті, қынап сағасы, Бартолин бездері, қыздық перде, несепағардың сыртқы үрпісі және бұтаралық (сурет 1).
Қасаға екі шаттың арасында, құрсақтың төменгі жағында орналасқан томпақтау үш бұрышты түкті бөлік.
Үлкен және кіші жыныс ернеулері – қасағаның төменгі жағына қатаралас орналасқан. Үлкен жыныс ернеулерінде Бартолин бездері мен қан тамырлары, жүйке жүйелері бар. Бұл бездерден қынапты үнемі дымқылдандырып тұратын сұйық зат бөлініп тұрады. Жыныс сезімі шүртіге жинақталған, оған көптеген қан тамырлары келеді.
Қынап сағасы - алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен, жақтаудың ішкі жағынан кіші жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік. Қынап сағасының түбін қыздық құрайды.
Қыздық – қынаптың ішкі жарғақ сияқты кілегей қабығы, оның ортасында бір немесе бірнеше тесік болады. Одан етеккір келген кезде қан ағады. Ал жыныс қатынасы кезінде қыздық бұзылады. Сонымен қатар қыздық ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы есебінде.
Бұтаралақ деп ұлкен жыныс ернеуінің жабысқан жері мен тік ішектің сыртқы тесігінің аралығын айтады. Ол - тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады. Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, себебі босану кезінде оның көкеттері созылып жыртылуы мүмкін.
Ішкі жыныс мүшелеріне: қынап, жатыр, жатырдың қосалқы бөліктері, аналық бездер жатады (сурет 2). Қынап (vagina) –орташа ұзындығы 8-10 см-дей ұзынша келген бұлшықетті-фиброзды түтік болып табылады. Ол кіші жамбас қуысында орналасқан, алдынан- зәр шығару каналымен қуық, артынан-тік ішек арасында жатады. Қынаптың қабырғалары өзара жанасады, жатыр мойны үстіңгі жағынан қынап қуысына кіретіндіктен, мойын айналасында күмбез деп аталатынын кеңістік пайда болады.Қынаптың алдыңғы , артқы, оң және сол жақ күмбездерін ажыратады. Ең тереңгі артқы күмбезде қынаптың сұйықтық, ал жыныстық қатынас кезінде-шәует жиналады. Қынап қабырғалары шырышты қабықтан, бұлшық ет қабатынан және айналасындағы клетчаткадан құралады. Қынаптық шырышты қабаты ал-қызыл түсті, босану кезінде қынаптың созылмалылығын қамтамасыз ететін көптеген көлденең жолақты қатпарлары бар, көп қабатты жалпақ эпителимен қапталған, өзіндік өзгерген тері қабықшасы бар. Қартайған кезде шырышты қабат жұқарады, ал оның қатпарлары жойылады.Қынаптың шырышты қабықшасында бездер болмайды, қан және лимфа тамырларының, қынап эпителийдің микроорганизмдері және лейкоциттері бөлінгіш клеткалары сияқты мойын өзегі және жатыр бездерінің секретінің қосылуы нәтижесінде қынап ылғалда дымқыл түрде болады. Бұл бөлінділер сау әйелде жалқаяқ текстес, сүт түстес, өзіне тән иісі және қышқылды реакциялы болып келеді. Қынап сұйықтығының мұндай ортасы қынапты бацилаларымен таяқшалардың өмір сүру процесінің нәтижесінде пайда болатын сүт қышқылымен сипатталады. Таяқшалар сау әйел қынабының қалыпты флорасы болып табылады. Олар қынаптың шырышты қабығының эпителий жасушаларының гликогенін сүт қышқылына дейін ыдыратады.
Қышқылдық реакция қорғаныштық, физиологиялық барьер қалыптастырады, сондықтан сыртқы ортадан келген патогенді микроорганизмдердің дамуына кедергі жасайды. Бұл процесс қынаптық өзара тазартылу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |