Сабақтың тақырыбы: Аралас бездер. - Сабақтың мақсаты:
- 1. Біздің организмімізде екі қызмет атқаратын аралас бездер туралы түсінік беру.
- 2. Ұйқыбез бен жыныс бездері қызметінің бұзылуынан туындайтын аурулар мен олардың алдын алу .
- 3. Дені сау ұрпақ туралы ұлттық тәрбие негіздерін беру.
Қайталау экспресс тесті жауаптары: - 1.Гормон дегеніміз не?
- а)Сыртқы, ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық актив зат
- 2. Сыртқы секреция безі дегеніміз-
- с) Сөл бөліп шығаратын өзектері бар
- 3. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатады?
- в) Май безі
- 4. Ішкі секреция бездеріне қайсысы жатады?
- с) Қалқанша без
- 5. Йод қай гормонның құрамына кіреді?
- д) Тироксин
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары: - 1. Аралас бездер.
- 2. Ұйқыбездің қызметі.
- 3. Ұйқыбездің гормондары арқылы қандағы қант деңгейінің реттелуі.
- 4. Әйел организміндегі аналық жыныс гормондарының рөлі.
- 5. Ер адам организмінің қалыптасуында аталық жыныс гормондарының рөлі.
- 6. Ішкі секреция бездері өзара әрекеттесуі.
- Аралас секрециялы бездер - біздің организмімізде екі қызметті қатар атқаратын (сырттай да, іштей де гормон бөлетін) бездер.
- Оларға ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
- Ұйқыбездің басы, денесі, құйрығы болады.
- Ұйқы безі екі қызмет атқарады:
- 1.Ас қорыту сөлін түзеді.
- 2.Инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді.
- Организмде инсулин тез бұзылады, сондықтан ол қанға үнемі түсіп отыруға тиіс. Инсулин өндірілуінің төмендеуінен көмірсулардың көп мөлшері организмнен зәрмен бірге шығарылады. Бұл қантты диабет ауруының дамуына себепші болады.
- Гликоген – жануар крахмалы, суда ерімейді, сондықтан қан құрамында болмайды.
- Жыныс бездері организмнің өсуі мен жетілуін, екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуын реттейтін гормондар өндіреді.
- Гуморальдық реттелу мүшелер мен жасушалардың өзара әрекетінің ежелгі түрі болып табылады.
- Гормондық реттелу жасушалар мен ұлпаларда түзілетін биологиялық белсенді заттар арқылы баяу іске асырылады.
- Эндокриндік жүйеге жүйке жүйесі,
- ал жүйке жүйесінің жұмысына ішкі секреция бездерінің гормондары әсерін тигізеді.
Кестені толтырыңдар: | | | - Ұйқы безі (сыртқы секрециялық)
| | | - Ұйқы безі (ішкі секрециялық)
| | | | | | | | | Пысықтау сұрақтары: - 1. Ұйқыбездің қызметі қандай?
- 2. Ұйқыбездің қандай гормондары арқылы қандағы қант деңгейі реттеледі?
- 3. Әйел организміндегі аналық жыныс гормондарының рөлі қандай?
- 4. Ер адам организмінің қалыптасуында аталық жыныс гормондары қандай рөл атқарады?
- 5. Ішкі секреция бездері өзара қалай әрекеттеседі?
І. Сыртқы секреция бездері деп – сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады, олар гормонын асқорыту мүшелеріне және сыртқы ортаға бөледі, олар: - 1. Сілекей безі
- 2. Қарын безі
- 3. Ұйқы безі
- 4. Ішек бездері
- 5. Бауыр
- 6. Тер безі
- 7. Май безі
- 8. Жас безі
ІІ. Ішкі секреция бездерінің – сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды, гормондар тікелей қанға бөлінеді. Олар: - 1. Гипофиз
- 2. Эпифиз
- 3. Қалқанша безі
- 4. Қалқанша маңы бездері
- 5. Тимус
- 6. Бүйрек үсті безі
VІ. Қорытындылау: № 2 - Қорытындылау тесті - 1.Инсулиннің жетіспеуінен болатын ауру:
- а) ергежейлілік;
- в) акромегалия;
- с) базедов ауруы;
- д) қантты диабет;
- е) кретинизм.
- 2.Ұйқы безінде
- бөлінетін гормон:
- а) Тироксин
- в) Тимозин
- с) Адреналин
- д) Инсулин, глюкагон
- е) Йодомарин
- 3. Қалқанша
- безінен бөлінетін
- гормон:
- а) Тироксин
- в) Тимозин
- с) Адреналин
- д) Инсулин
- е) Йодомарин
- 4. Жыныс бездерінен қандай гормондар бөлінеді?
- а) Тироксин
- в) Екінші реттік
- жыныс белгілерін
- қалыптастыратын
- с) Адреналин
- д) Инсулин
- е) Тимозин
- 5. Гликоген - а) Тироксин,
- в) Тимозин,
- с) Жануар крахмалы,
- д) Инсулин,
- е) Йодомарин
Өз беттеріңмен тексеріп бағаларыңды қойыңдар, қойған бағаларыңды ассистентке айтыңдар!!! №2 тест жауаптары: 1-д, 2-д, 3-а, 4-в, 5-с - 1. Инсулиннің жетіспеуінен болатын ауру: - қантты диабет
- 2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон:
- - Инсулин мен глюкагон
- 3. Қалқанша безі бөлетін гормон:
- - Тироксин
- 4. Жыныс бездері қандай гормондар өндіреді? - Екінші реттік жыныс белгілерін қалыптастыратын гормондар
- 5. Гликоген - Жануар крахмалы
№ 3 - Графикалық тест “Бездерді орынына қой” А-қалқанша без (2) Б-гипофиз (1) В-бүйрекүсті безі (3) Г-ұйқыбез(4) Д-аналық жыныс безі(5) Е-аталық жыныс безі(6) - Үйге тапсырма:
- § 13 оқу.
- Жаңа терминдерге өз бетімен бес тест сұрағын құрастырып, оған сәйкес тест жасақтау
Достарыңызбен бөлісу: |