Микрофлораның мінездемесіне қарай қынаптық тазалықтың 4 дәрежесін ажыратады:
І дәреже – ортасы қышқыл, құрамында тек қана таяқшалар және бөлек эпителиалды жасушалар.
ІІ дәреже – таяқшалар азаяды, аз көлемді де сапрофиттер, бөлек кокктар, бірлікті лейкоциттер, реакциясы қышқыл болып қалады.
ІІІ дәреже – көп көлемде лейкоциттер, кокктар және т.б. түрлі бактериялар. Реакция қышқылдан сілтігі ауысады.
IV дәреже – қынап таяқшалары жоқ, ал құрамында әртүрлі микрофлора табылады (кокктар, ішек таяқшалары, трихомонадтар және т.б.) көп көлемде лейкоциттер.
І және ІІ дәреже қалыпты болып саналады, ал ІІІ және IV дәрежеде патологиялық процестердің дамуына жағдай жасалады.
Жатыр (uretus) - үш бөліктен тұрады: жатыр денесі, мойыны, мойын өзегі. Жатырдың сырт бейнесі алмұрт сияқты, салмағы 50г, ұзындығы 7-8 см. Денесі мойын өзегімен жоғары орналасқан, оның жоғарғы бөлігі - жатыр түбі. Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі – шырышты, ортаңғы – етті, сыртқы – сір қабық.
Жатыр өзегі (isthmus) – бұл жатыр денесі мен мойнының аралығындағы диаметр 1 см жіңішке өзекше. Жүктіліктің соңғы айларында одан жатырдың төменгі сегменті пайда болады, бұл оның ең жұқа бөлігі, осыған байланысты босану кезеңдерінде жыртылуы мүмкін.
Жатыр мойыны (cervix uteri). Жатырдың мойын бөлігі қынап пен жатыр денесінің арасында орналасқан, ұзындығы 3-4 см. Мойынның жіңішке қуыс түтігі мойын өзегі деп аталады. Оның жоғарғы жағындағы тесігін жатырдың ішкі мойын тесігі, ал төменгі қынапқа жалғасқан жерін сыртқы мойын тесігі дейді. Жатырдың сыртқы мойын тесігі тұңғыш босанған әйелдерде дөңгелек, ал босанып жүрген әйелдерде ұзынша саңылау түрінде болады.
Әдетте, жатыр жамбас қуысында денесімен алға еңкейіп, жатыр мойынымен доғал бұрыш құрайды (anteflexio- versio).
Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары жатырдың жоғарғы жағындағы екі бұрыштан жамбас қуысына қарай кетеді, ұзындығы 10-12 см, дм 0,5 см. Жатыр түтігінің қабырғасы: ішкі – шырышты қабық (түкті эпителиймен қапталған, осы эпителий түтікке түскен шәуеттің жылжуына үлкен әсер етеді), ортаңғы - бұлшықет қабығы, сыртқы – сір қабықтан тұрады.
Ұрық жолдары негізі үш бөліктен тұрады: жатыр бөлігі (жатырмен ұштасқан жері), орта мойынша бөлігі, шеткі кең салпыншақ бөлігі.
Аналық без (оvarium) - жатырдың екі жағында, жатыр түтіктерінің артына орналасқан жұп ағза. Мұны ішкі секреция бездері деп атайды. Мұнда түзілген эстроген, прогестерон гормондары тікелей қанға өтеді, сонымен бірге бұл бездерде ұрық клеткалары да түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |