2. Қауіп факторының бағалау. Орайластық кестелерін түрлендіру. Фишердің нақты критерийі



бет6/18
Дата16.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
БСТ РК2
9 Құрал, ырғақтылық
85% Әбдіқадыр Сымбат

6. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру. УНИК- 71,28
Клиникалық зерттеулерде аурулардың әртүрлі топтарындағы өміршеңдікті салыстыру қажеттілігі туындайды. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру үшін арнайы әдістер қолданылады, мысалға Логрангілік критерий, Йетс түзетуі.
Логрангілік критерийі немесе логарифмдік рангілік критерийі- екі өміршеңдік қисығын салыстыру үшін қолданылатын параметрлік емес критерий болып табылады. Бұл критерийді алғаш рет Натан Мантел ұсынған, оны Ричард және Джулиан Петолар «Логранк критерийі» деп атаған болатын. 
Екі топ үшін ортақ өміршеңдік кестесін құру арқылы Логрангілік критерийді қолданамыз. Екі топтың біреуі үшін t уақыты мезетінде оқиғалардың күтілетін санын, яғни өлгендердің күтілетін санын есептейміз. Бұл жағдайдағы оқиғалардың күтілетін саны– нөлдік жорамал дұрыс болған жағдайда өлгендер саны қандай болатынын көрсете алады.
Логрангілік критерийде нөлдік жорамал, салыстырылып отырған науқастар тобында өміршеңдік бірдей деп ұйғарылады. Яғни:
Н0: S1(t) = S2(t) әдістердің тиімділігі бірдей;
Н1: S1(t) ≠ S2(t) әдістердің тиімділігі бірдей емес, деп қарастырылады.
t уақыты мезетінде оқиғалардың күтілетін саны бірінші таңдама үшін келесі формуламен есептелінеді:
E1t= n1t* d жалпы t/ n жалпы t
Сол сияқты келесі t уақыты мезетінде оқиғалардың күтілетін саны екінші таңдама үшін осы формуламен есептейміз.
E2t= n2t* d жалпы t/ n жалпы t
Мұндағы:
n1t - t уақыты мезетінде бірінші топтағы бақыланушылар саны.
dжалпы t = d1t + d2t - t уақыты мезетінде екі топта да орын алған оқиғалардың, яяғни өлімнің жалпы саны.
nжалпы t = n1t + n2t - t уақыты мезетінде екі топтағы бақыланушы нысандардың жалпы саны.
Кейіннен біз өлгендердің бақыланған және күтілетін сандарының айырмаларын қосамыз. Бұл келесі формула арқылы жүзеге асады:
UL=  (d1t- E1t)
Негізінен UL қосындысының стандарттық қатесі жуықтап алғанда қалыпты таралу заңына бағынады. Біз оны төмендегі формуламен есептей аламыз:
SUL= √ n1t*n2t dжалпы t (n жалпы t - d жалпы t)/ n жалпы t (n жалпы t- 1)
Критерий статистикасын келесі формула арқылы анықтаймыз:
Z= UL/SUL
Негізінен критерий статистикасы стандартты қалыпты таралу заңына бағынады. Сондықтан да біз Zбақ шамасын стандарттық қалыпты таралу үшін анықталған сыни мәнмен салыстыратын боламыз. Ал стандарттық қалыпты таралу үшін α=0,05 мәндік деңгейінде Zсыни=1,96 болады. Егер Zбақ> Zd1 сыни болса, онда нөлдік жорамал жоққа шығарылады. Ал керісінше Zбақ< Zd1 сыни болса, онда балама жорамал жоққа шығарылатын болады.
Логрангілік критерий үшін Йейтс түзетілуін келесі формула арқылы есептейміз:
Z= │ UL │- ½ /SUL
Қорытындылай айтсам, біз өміршеңдікті салыстырудың қарапайым әдісін, атап айтқанда екі топтағы өміршеңдікті осылайша салыстыра аламыз. Бұл Логрангілік критерийді көбінесе медицина саласында және сақтандыру бөлімдерінде қолданады. Ескерте келетін болсам Логарангілік әдіс бойынша өміршеңдік функциясы қазалық функциясына тең болу керек, яғни: S2(t)= S1(t)g. Бұл жағдай өміршеңдік қисығында бұл екі функция бір-бірін қиып өтсе орындалмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет